Жүйеге кіру
Уәсила Байқадамова ЕЭК-тің Кедендік-тарифтік және тарифтік емес реттеу департаменті директорының орынбасары болып тағайындалды

Уәсила Байқадамова ЕЭК-тің Кедендік-тарифтік және тарифтік емес реттеу департаменті директорының орынбасары болып тағайындалды

Фото-Байкадамова.jpg
19.02.2021

Уәсила Төлеуқызы Байқадамова 1972 жылғы 21 желтоқсанда Қарағандыда (Қазақстан) туған. 1993 жылы Қазақстан тұтынушылар кооперациясы институтын, 1999 жылы Қазіргі заманғы гуманитарлық институтты, 2018 жылы Қаржы академиясын бітірген.

 

1993-2008 жылдары Қарағандының және Алматының салық органдарында, соның ішінде Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің салық саясаты басқармасында жұмыс істеді.

 

2008-2010 жылдары Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігінде әртүрлі лауазымдарда болды.

2010 жылы Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігінде сауданы дамыту департаменті директорының орынбасары.

2011 жылы — «Nadloc» жергілікті қамтуды дамыту жөніндегі ұлттық агенттік» АҚ қаржы департаментінің директоры.

2013-2019 жылдары Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің сыртқы сауданы дамыту департаменті директорының, орынбасары, кейін сыртқы сауда қызметі департаменті директорының болды.

2019-2021 жылдары – Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Сыртқы сауда қызметі департаментінің директоры.

2021 жылғы 18 ақпаннан бастап Еуразиялық экономикалық комиссияның Кедендік-тарифтік және тарифтік емес реттеу департаменті директорының орынбасары болып тағайындалды.​