Жүйеге кіру
Мексика «ЕАЭО - Латын Америкасы» диалогына толық форматта қатысуды көздеуде

Мексика «ЕАЭО - Латын Америкасы» диалогына толық форматта қатысуды көздеуде

IMG_4351.jpg
19.02.2020

ЕЭК Интеграция және макроэкономика жөніндегі Алқа мүшесі (министр) Сергей Глазьев пен Мексика Құрама Штаттарының Ресей Федерациясындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Норма Пенсадо Еуразиялық экономикалық комиссия мен Тынық мұхит альянсы ынтымақтастығын дамыту механизмдерін қарады. Кездесу Комиссияның штаб-пәтерінде өтті.

ЕЭК-тің Куба, Перу және Чили үкіметтерімен ынтымақтастығына түсіндірме бере келіп, Сергей Глазьев: «Комиссия Одақтың 2025 жылға дейінгі даму стратегиясымен белсенді жұмыс істеуде және құжат шеңберінде Еуразиялық экономикалық интеграцияны тереңдету жөніндегі маңызды қадамдармен қатар, біз ЕАЭО-ның халықаралық қызметін дамытуға байланысты аспектілерді де талқылаймыз. Бұл ретте бүгіннің өзінде Латын Америкасы мемлекеттерімен және интеграциялық бірлестіктерімен диалог деңгейін жоғары деп бағалаймыз», - деп мәлімдеді.

 

Мексика өкілі өз кезегінде Комиссияның өңірдегі әріптестермен жұмысын жоғары бағалады және ЕЭК алаңында «ЕАЭО - Латын Америкасы» семинарларын ұйымдастыруды ұсынды. Норма Пенсадоның пікірінше, семинарларда техникалық реттеу, кедендік әкімшілік жүргізу және өзара сауда мен инвестицияларды жеңілдету сияқты бизнес мүдделерін қозғайтын мәселелерді қарау қажет.

Кездесуге қатысушылар Комиссия мен Тынық мұхит альянсі туралы негіздемелік келісімге қатысушы мемлекеттер арасындағы Әріптестік туралы декларацияны іске асыруды, сондай-ақ іскер топтардың сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамытуға жәрдемдесу мүмкіндігін талқылады.

Сергей Глазьев ЕЭК-тің Мексиканың ресми және іскер топтарымен диалогқа ашық екенін атап көрсетті және ЕАЭО елдеріне сапарлары кезінде Мексика делегацияларының басшылығымен жұмыс кездесулерін өткізуге мүдделілігін растады.​