Жүйеге кіру
Ресей Ғылым академиясының (РҒА) Ғылыми кеңесі Еуразиялық интеграцияны дамыту стратегиясын ғылыми сүйемелдеуді қамтамасыз етеді

Ресей Ғылым академиясының (РҒА) Ғылыми кеңесі Еуразиялық интеграцияны дамыту стратегиясын ғылыми сүйемелдеуді қамтамасыз етеді

19.02.2020

Ресей Ғылым академиясының Еуразиялық экономикалық интеграцияның кешенді проблемалары, жаңғырту, бәсекеге қабілеттілік және тұрақты даму жөніндегі Ғылыми кеңесі Еуразиялық экономикалық интеграцияны дамытудың 2025 жылға дейінгі стратегиялық бағыттарын ғылыми сүйемелдеуді және іске асыруды қолдауды қамтамасыз етеді. Бұл шешім 19 ақпанда РҒА Төралқасы отырысында қабылданды.

ЕЭК Алқасының Төрағасы Михаил Мясникович ЕЭК пен РҒА-ның жүйелі ынтымақтастығының қажеттілігі туралы мәлімдеді.

«Біз Еуразиялық экономикалық интеграцияны дамытудың стратегиялық бағыттары бойынша жұмысты аяқтап келеміз. Бұл кешенді құжат, ол әлі де әзірленуге тиіс бірқатар маңызды шараларды қамтиды. Шынайы толықтырылуы өте қажет және біз сіздердің қолдауларыңызды күтеміз», - деді ЕЭК Алқасының басшысы.

РҒА Президенті Александр Сергеев атап көрсеткендей, ғылымның экономикамен дұрыс интеграцияланғаны және РҒА мен ЕЭК-тің практикалық өзара іс-қимылы Одақтың барлық елдері үшін нәтиже бере алуы маңызды.

«Бүгінде ЕАЭО-ға жаңа жарқын интеграциялық жобалар қажет. Біздің кеңес оларды ғылыми сүйемелдеу алаңы бола алады», - деп атап өтті РҒА Президенті.

РҒА Ғылыми кеңесінің төрағасы, ЕЭК Интеграция және макроэкономика жөніндегі министрі Сергей Глазьев технологиялық салттың ауысуы жағдайындағы Еуразиялық экономикалық интеграцияның стратегиясы туралы әңгімеледі. Бұдан басқа, ол стратегиялық бағыттар жобасында қатталған түйінді тармақтарға тоқталды. Олардың арасында - ЕАЭО нарығындағы кедергілерді толық жою, кедендік реттеуді жетілдіру, Одақтың цифрлық кеңістігін қалыптастыру, бірлескен кооперациялық жобаларды басқару мен қаржыландыру жүйесін құру және басқалар бар.

Отырысқа қатысушылар сондай-ақ Еуразиялық континентті трансұлттық дамыту, Еуразиялық ғылыми-технологиялық палатаның тұжырымдамасы және РҒА Инженерлік мектебін құру жөніндегі ұсыныстарды талқылады.

Талқылау қорытындысы бойынша Еуразиялық экономикалық интеграцияны дамытудың 2025 жылға дейінгі стратегиялық бағыттарын ғылыми сүйемелдеуді және іске асыруды қамтамасыз ету ұйғарылды. Ғылыми кеңес мүшелеріне ЕЭК-тің сараптамалық кеңестері мен жұмыс топтарының қызметіне белсене қатысу ұсынылды.

Бұдан басқа, ЕЭК пен РҒА-ның ынтымақтастығы бойынша бірлескен іс-шаралар тізібесін дайындау ұйғарылды.

Анықтама

РҒА Ғылыми кеңесі РҒА мекемелері мен әртүрлі ведомстволық бағыныстағы басқа да ұйымдардың Еуразиялық экономикалық интеграция, жаңғырту, бәсекеге қабілеттілік және орнықты даму саласында зерттеулер жүргізу мен жұмыстарды орындаудағы ынтымақтастық мәселелері бойынша ұсыныстар дайындауды жүзеге асыратын РҒА-ның ғылыми-консультативтік органы болып табылады.

 Кеңес құрамына РҒА және басқа да академиялардың, жоғары оқу орындары мен ғылыми-зерттеу институттарының жетекші ғалымдары мен мамандары кіреді.​