Жүйеге кіру
ЕЭК Еуразиялық жастармен жұмысты жандандырады

ЕЭК Еуразиялық жастармен жұмысты жандандырады

19.02.2020

ЕЭК Өнеркәсіп және агроөнеркәсіптік кешен жөніндегі Алқа мүшесі (министр) Артак Камалян Еуразиялық экономикалық комиссияның штаб-пәтерінде ЕАЭО елдерінің жетекші жоғары оқу орындарының студенттері мен аспиранттары А.А. Громыко атындағы жас халықаралық саясатшылар конкурсының жеңімпаздарымен кездесті.

ЕЭК министрі конкурс жеңімпаздарына ілтифат лебізін арнады және Еуразиялық күн тәртібіне қызығушылық танытқандары үшін алғысын білдірді.

Конкурс жеңімпаздарының сұрақтарына жауап бере отырып, Артак Камалян «Одақтың мақсаты ішкі нарықты өз тауарларымен қамтамасыз ету ғана емес, сондай-ақ үшінші елдердің нарығына да шығу. Бұл үшін ЕАЭО өндірушілері бәсекеге қабілетті тауар ұсынуға тиіс, бұл жаңа технологиялар мен инновацияларды енгізуді кбағамдайды».

«Бұл бағытта соңғы жылдары көптеген жұмыстар атқарылды. Мен болашаққа сеніммен қараймын. Біздің міндетіміз әлемдегі бәсекелестермен күресу ғана емес, сапаға, бірегейлікке баса назар аудару. Мысалы, неғұрлым сұранысқа ие органикалық ауыл шаруашылығын дамыту», - деп түйіндеді ЕЭК министрі.

Еуразиялық экономикалық комиссия Одақ елдерінің жастар бірлестіктерімен және үшінші елдердің ұйымдарымен жүйелі түрде өзара іс-қимыл жасайды. ЕЭК Еуразиялық жастардың Алқа басшылығымен кездесулерін тұрақты ұйымдастырады.

Анықтама

2019 жылғы желтоқсанында ЕЭК пен А.А. Громыко атындағы сыртқы саяси зерттеулер қауымдастығы 2020 жылға арналған Ынтымақтастық бағдарламасын бекітті. А.А. Громыко атындағы ТМД жас халықаралық саясатшыларының конкурсын өткізу бағдарламаның бір бөлігі болып табылады. Конкурсқа қатысу үшін дипломатия өнеріне және Еуразиялық интеграцияға арналған бірегей ғылыми мақала дайындау қажет.