Жүйеге кіру
ЕЭК Алқасының кезекті отырысы болып өтті

ЕЭК Алқасының кезекті отырысы болып өтті

19.02.2013

19 ақпан күні болып өткен Еуразиялық экономикалық комиссияның (ЕЭК) кезекті Алқа отырысында макроэкономика және ықпалдасу, өнеркәсіп саясаты, сауда, кедендік ынтымақтастық, энергетика және инфрақұрылым салаларындағы мәселелер қаралды.

Қаралған мәселелердің ең қомақты блогы энергетика және инфрақұрылымға қатысты болды, онда сәйкесінше бағытта ЕЭК Алқасының мүшесі (Министр) Даниал Ахметов сөз сөйледі. ЕЭК Алқасы, атап айтқанда, Еуразиялық экономикалық комиссияның «2010 жылғы 9 желтоқсандағы Тарифтік саясат негіздерін қоса алғанда, теміржол көлігінің қызметтеріне қол жеткізуді реттеу туралы Келісімді іске асыру туралы» шешімінің жобасын мақұлдады.

Бұл жоба Еуразиялық экономикалық комиссияның кезекті отырысында қарауға енгізілетін болады. Сонымен қатар, ЕЭК Алқасы Кеден одағы мен Біртұтас экономикалық кеңістікке мүше мемлекеттердің уәкілетті органдарының жүктерді тасымалдауда теміржол көлігі ұйымдарының қызметтеріне белгіленетін айрықша тарифтерді келісу туралы өтініштерін Еуразиялық экономикалық комиссиямен қаралу Тәртібін бекітті. Оның үстіне, ЕЭК Алқасының шешімдерімен Көлік және инфрақұрылым бойынша Консультативтік комитет пен Табиғи монополиялар бойынша Консультативтік комитеттің құрамдары кеңейтілді.

 

Кеден одағы мен Біртұтас экономикалық кеңістікке мүше мемлекеттердің ғылыми-техникалық және инновациялық салалардағы ынтымақтастықтарын тереңдету мақсатында ЕЭК Алқасы Кеден одағына мүше мемлекеттерге қаржыландыру механизмін қоса алғанда тиісті мемлекетаралық бағдарламаларды әзірлеудің және оларды іске асырудың тәртібін қарап, Еуразиялық экономикалық комиссияға тиісті ұсыныстарын беруді ұсынды.

ЕЭК Алқасы ЕЭК Сауда бойынша Алқа Мүшесі (Министр) Андрей Слепневке ЮНКТАД-пен ЕЭК және ЮНКТАД арасындағы ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қою туралы келіссөздер өткізуді, сол келіссөздерді өткізу барысында ЮНКТАД-ты Еуразиялық экономикалық комиссияның ЮНКТАД жанындағы бақылаушы ретінде қатысуға ынталы екендігі туралы хабардар етуді тапсырды. ЕЭК келіссөздер жүргізу үшін негіз ретінде болатындай ЕЭК пен ЮНКТАД арасындағы ынтымақтастық туралы Меморандум жобасын мақұлдады.