Жүйеге кіру
ЕАЭО-да цифрлық фискальдық мониторинг перспективаларын талқылайды

ЕАЭО-да цифрлық фискальдық мониторинг перспективаларын талқылайды

20201120155312.jpg
19.01.2021

Еуразиялық экономикалық комиссияның Экономика және қаржы саясаты жөніндегі министрі Тимур Жақсылықов 14-інші Еуразиялық салық форумында Еуразиялық экономикалық одақтағы салық алу механизмін жетілдіру және экономиканы цифрландырудың өсуіне байланысты пайда болатын проблемаларды шешу туралы айтып берді.

 

ЕЭК министрі сәлемдесу сөзінде «коронодағдарыстан» кейін, біріншіден, денсаулық сақтаудың күшті, орнықты және инклюзивті жүйелеріне, екіншіден, экономиканы қалпына келтірудің кең ауқымы үшін жағдайлар жасау қажеттігіне көз жете түскенін атап көрсетті. «Біз үшін негізгі бағыт трансформациялық қалпына келтіруді қолдау және экономикалық өсудің жаңа тұжырымдамасын әзірлеу болады. Мұндай шараларды ЕАЭО-ны дамытудың 2025 жылға дейінгі стратегиялық бағыттарында көрсеттік», — деп атап көрсетті Тимур Жақсылықов.

 

«Егер тікелей фискальдық басымдықтар туралы айтатын болсақ, бұл әрине экономиканы цифрландырудың өскелең жаһандық үрдістеріне байланысты пайда болатын салық проблемаларын шешу, ЕАЭО-дағы салық алу механизмін жетілдіру. Біз негізгі шаралар ретінде салықтық бақылауды және әкімшілік жүргізуді цифрлық трансформациялауды бөліп көрсетеміз», – деп атап өтті Тимур Жақсылықов.

Бұдан басқа, оның сөзінше, ЕАЭО-да 2021 жылдың ортасына қарай тауарлар айналымының цифрлық фискальдық мониторингіне қол жеткізу, олардың орын ауыстыруын қадағалап отыру механизмін ендіру, цифрлық бірдейлендіру мен таңбалауды қамтамасыз ету маңызды міндет болып табылады. Тауарлар мен қызметтер көрсетудің электрондық саудасына салық салу мәселелері дербес трекпен жүруде.

Тимур Жақсылықов ЕЭК пен Халықаралық салық және инвестициялар орталығы (ITIC) олардың арасында қол қойылған Меморандум негізінде бірнеше жылдан бері жемісті ынтымақтастық жасап келе жатқанын да еске салды.

 

Анықтама:

 

14-інші Еуразиялық салық форумын Өзбекстан Республикасының Мемлекеттік салық комитеті Халықаралық салық және инвестициялар орталығымен бірлесіп ұйымдастырды.​