Жүйеге кіру
ЕЭК пен Еурокомиссия бәсекелестік саясат саласындағы ынтымақтастықты талқылады

ЕЭК пен Еурокомиссия бәсекелестік саясат саласындағы ынтымақтастықты талқылады

18.03.2021

Еуразиялық экономикалық комиссияның Бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу жөніндегі блогы мен Еуропалық комиссияның бәсекелестік жөніндегі директораты өкілдерінің бірінші кездесуі онлайн-форматта болып өтті.

 

Тараптар Еуропалық және Еуразиялық өңірлердегі бәсекелестік саясаты мен монополияға қарсы реттеу мәселелерін, сондай-ақ цифрлық саладағы тергеп-тексеру жүргізу мәселелерін қоса, соңғы құқық қолдану практикасы туралы ақпарат алмасуды талқылады.

 

Кездесу қорытындысы бойынша оның қатысушылары үстіміздегі жылғы мамыр-маусымда кезекті консультациялар өткізу туралы уағдаласты. ЕЭК бәсекелестік блогының Еуропалық комиссияның бәсекелестік жөніндегі директоратымен бұдан арғы ынтымақтастығының өзара мүдделілік тудыратын перспективаларын талқылау ұйғарылды.

 

ЕК-пен осындай кездесу туралы және тұтастай алғанда бәсекелестік саласында ынтымақтастықты жолға қою жайындағы келіссөздер өткен жылы басталды. Нәтижесінде Еурокомиссияның бәсекелестік жөніндегі директораты ЕЭК-пен диалогқа мүдделілікті растады. Бейнеформат карантиндік шараларды сақтау қажеттілігіне байланысты таңдалды.​