Жүйеге кіру
ЕЭК пен Ресейдің Өнеркәсіп және сауда министрлігі ынтымақтастықтың нәтижелерін және алдағы өзара іс-қимыл жоспарларын талқылады

ЕЭК пен Ресейдің Өнеркәсіп және сауда министрлігі ынтымақтастықтың нәтижелерін және алдағы өзара іс-қимыл жоспарларын талқылады

18.08.2020
Еуразиялық экономикалық комиссияның (ЕЭК) Өнеркәсіп және АӨК жөніндегі Алқа мүшесі (министр) Артак Камалян мен Ресей Федерациясының Өнеркәсіп және сауда министрі Денис Мантуров 17 тамызда Мәскеуде Ресей Өнеркәсіп және сауда министрлігіндегі жұмыс кездесуі барысында мемлекетаралық бағдарламаларды және Еуразиялық экономикалық одақтағы (ЕАЭО) жобаларды іске асыруды, қазіргі заманғы цифрлық және инновациялық өнеркәсіп инфрақұрылымын құруды, импорт алмастыру жобалары мен Индустрияландыру картасын талқылады.

Министрлер ЕЭК пен Ресей Өнеркәсіп және сауда министрлігі арасындағы ағымдағы өзара іс-қимыл деңгейін жоғары бағалады. Олар өнеркәсіпте орташа мерзімдік кезеңге арналған жаңа стратегиялық құжат – Өнеркәсіптік ынтымақтастықтың 2025 жылға дейінгі негізгі бағыттары қабылдануының маңыздылығын растады.

«Осы құжатпен біз ЕАЭО-дағы төрт негізгі стратегиялық басымдықты - өнеркәсіп өнімінің ортақ нарығы әлеуетінің барынша іске қосылуын, сарапшылық нарықтардағы бірлескен жұмысты, өнеркәсіптік интеграцияны тереңдетуді, инновациялық ынтымақтастық пен өнеркәсіпті цифрландыруды нықтап отырмыз. Барлық осы бағыт бойынша Ресей Өнеркәсіп және сауда министрлігімен сындарлы ынтымақтастық жасалады деп есептейміз, оның үстіне Министрліктің өзі құжаттың бірқатар бөлімінің авторы болып табылады», – деп атап өтті Артак Камалян.

ЕЭК министрі Ресей Өнеркәсіп және сауда министрлігінің Электр энергетикасы жөніндегі мемлекетаралық бағдарлама жобасын дайындаудағы айтарлықтай үлесін де атап өтті, мұны іске асыру жаңа жинақтаушы жүйелерді әзірлеу, сондай-ақ ЕАЭО-да бөлінген және баламалы «жасыл» энергетика құру міндетін шешеді.

Бағдарламаның мақсаты - бөлінген энергетиканы және автономды қуат көздерін дамытуға ықпал ететін материалдар, технологиялар мен құрылғылар жасау.

«Өзара іс-қимылымыздың әртүрлі бағыты бойынша жұмыс жүргізілуде. Ынтымақтастықтың жаңа мүмкіндіктері ашылды. Мемлекетаралық бағдарлама нақ сол Өнеркәсіптік саясат жөніндегі кеңестің қолдауымен 2019 жылы қазанда Каирде басталып еді және бүгіннің өзінде біз Мемлекетаралық бағдарлама жобасын әзірлеу жөніндегі алғашқы нәтижелерді көріп отырмыз», – деп атап көрсетті Артак Камалян.

Кездесуде мүше мемлекеттердің импорт алмастыру мәселелері бойынша іс-қимылдарын үйлестіру құралы болатын Еуразиялық экономикалық одақтың Индустрияландыру картасын іске асыру барысы талқыланды.

Индустрияландыру картасы импортқа тәуелді технологиялық бағыттарды, мүше мемлекеттер өндірушілерінің импорт алмастырушы өнеркәсіптік әлеуетін, ЕАЭО-дағы қазірдің өзінде қалыптасқан өнеркәсіптік жобалар мен кооперациялық байланыстарды бейнелейді деп бағамдалуда. Бұл елдерге Одақта қосарлас өндірістер ұйымдастырудан қашуға және мүше мемлекеттер өндірушілерінің салалық мамандандырылуын дамытуға мүмкіндік береді.
 
Қазірдің өзінде Карта шамамен 200 млрд АҚШ доллары көлеміндегі 180 ірі жобаны қамтып отыр.

ЕЭК министрі Артак Камалян Ресей Өнеркәсіп және сауда министрлігіне Комиссияның Еуразиялық даму банкімен жұмысына қосылуды ұсынды. ЕАДБ-ны өнеркәсіптің металлургия, жеңіл өнеркәсіп, машина жасау, химия өнеркәсібі сияқты салаларындағы кооперациялық жобаларды қаржыландыру үшін белсендірек тарту ұсынылды.

Бұдан басқа, мемлекетаралық бағдарлама мен жобаларды қаржыландыру, Еуразиялық венчурлық қор құру, сондай-ақ Индустрияландыру картасында көзделген импорт алмастыру жобаларын қаржыландыру талқыланды.

Кездесу қорытындысы бойынша министрлер ЕАЭО Өнеркәсіптік саясат жөніндегі кеңесінің кезекті отырысын биылғы күзде өткізу туралы уағдаласты.