Жүйеге кіру
ЕЭК өкілдері инвесторлар мен мемлекеттер арасындағы дауларды реттеу жүйесінің реформасын талқылауға қатысты

ЕЭК өкілдері инвесторлар мен мемлекеттер арасындағы дауларды реттеу жүйесінің реформасын талқылауға қатысты

18.10.2019

Еуразиялық экономикалық комиссияның (ЕЭК) Кәсіпкерлік қызметті дамыту департаментінің директоры Ғалия Жолдыбаева басқарған делегациясы БҰҰ Халықаралық сауда құқығы комиссиясының (ЮНСИТРАЛ) «Инвесторлар мен мемлекеттер арасындағы дауларды реттеу» III жұмыс тобының 38-сессиясына қатысты. Іс-шара Венада (Австрия Республикасы) өтті.

 

Отырыс барысында инвесторлар мен мемлекеттер арасындағы дауларды реттеу жүйесін реформалаудың негізгі аспектілері, сондай-ақ осындай бағыттарды пысықтаудың дәйектілігі қаралды.

 

ЮНСИТРАЛ жұмыс тобының мүшелері  халықаралық инвестициялық құқық жөніндегі консультативтік орталық құрудың мүмкін болатын тәсілдемелерін талқылады. Оның қызметі шаруашылық жүргізуші субъектілермен инвестициялық дауларға байланысты мемлекеттерге құқықтық қорғауға көмек беруге бағытталуы мүмкін.

Бұдан басқа, инвестициялық дауларды қарау кезінде төрелік органдары төрешілерінің тиісті этикалық және процестік мінез-құлық қағидаларын белгілеуге қатысты мәселелер қаралды.

Талқылау қорытындысы бойынша Ғалия Жолдыбаева: «ЕАЭО туралы шартта өзара инвестицияларға байланысты дауларды қарауда инвестордың сотта қарауды таңдауының көп нұсқалығы көзделген. Соның ішінде мұның инвестициялық дауларды шешуге арналған халықаралық алаңдарға да қатысы бар. ЮНСИТРАЛ жұмыс тобы сессияларына қатысу бізге инвесторлар мен мемлекеттер арасындағы дауларды реттеу жүйесін жетілдіру саласындағы жаһандық трендтердің беталысында болуға мүмкіндік береді, ­– деп  атап өтті.

 

Анықтама

 

ЕАЭО-ның бір мемлекетінің тұлғасымен Одақтың басқа мемлекетінің (реципиент мемлекет)  арасында туындаған инвестициялық дауларды шешу мәселесі ЕАЭО туралы шартқа №16 қосымша болып табылатын Көрсетілетін қызметтер саудасы, инвестициялар құру, қызметі және инвестицияларды жүзеге асыру туралы хаттамамен реттеледі.