Жүйеге кіру
ЕЭК ЕАЭО-ның трансшекаралық медициналық жабдық нарығына қатысушылары арасындағы бәсекеге қарсы келісім фактісін анықтады

ЕЭК ЕАЭО-ның трансшекаралық медициналық жабдық нарығына қатысушылары арасындағы бәсекеге қарсы келісім фактісін анықтады

ЕЭК выявила.jpg
18.09.2019
Еуразиялық экономикалық комиссия (ЕЭК) Алқасы 17 қыркүйекте Еуразиялық экономикалық одақтың (ЕАЭО) сауда, цифрландыру, ішкі нарықтың жұмысы, техникалық реттеу, бәсекелестік, дәрілік құралдар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы мәселелерді қарады. 

ЕЭК ЕАЭО-ның трансшекаралық медициналық жабдық нарығына қатысушылары арасындағы бәсекеге қарсы келісім фактісін анықтады.

2018 жылдың басында Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі “Дельрус” компаниясының трансшекаралық нарықтағы бәсекелестік қағидаларын бұзудың ықтимал белгілері туралы мәлімдемемен Комиссияға жүгінді. ЕЭК-тің Монополияға қарсы реттеу департаменті жүргізген тергеу барысында медициналық техникаға техникалық қызмет көрсету нарығындағы үстем ұстанымын пайдалана отырып, «Дельрус» және «Дельрус РК» компаниялары нарықты географиялық белгісі бойынша нақты бөлу туралы келісті. 

ЕЭК Алқасы Тергеу нәтижелері бойынша «Дельрус» ЖАҚ және «Дельрус РК» ЖШС-нің аумақтық қағидат бойынша «Фиброскан» аппаратына арналған ультрадыбыстық датчиктерді калибрлеу бойынша қызмет көрсету нарығын бөлуге әкелген, «Дельрус РК» ЖШС «Дельрус» ЖАҚ бәсекелесімен келісім жасасуына және іске асыруына байланысты әрекетін (әрекетсіздігін) ЕАЭО туралы шарттың 76 бабы 3 тармағының 3 тармақшасының бұзушылығы деп мойындады.

Осы компаниялар арасында бәсекеге қарсы келісім анықталды. Атап айтқанда, «Дельрус» ресейлік компаниясының осындай қызметті өзі көрсету мүмкіндігі болған жағдайда Нұр-Сұлтаннан бәсекелес-компанияның пайдасына қазақстандық тұтынушыға «Фиброскан» аппаратының ультрадыбыстық датчиктерін калибрлеу қызметін көрсетуден бас тартуы куәландырады.

Бұл ретте бәсекелестер бір-бірінің қызметі туралы білген, хат алысқан және сатып алушыларды қызмет көрсету аумағының географиялық қағидатына сәйкес қызмет көрсетуді жеткізушіге бағыттап отырған.

ЕЭК Алқасының шешімі негізінде бәсекеге қарсы келісімге қатысушыларға 500 мың рубльге жуық көлемінде айыппұл орнатылды. Мұндай айыппұлдар «Дельрус» ЖАҚ және «Дельрус РК» ЖШС-нің бас директорларына тағайындалды. 

ЕЭК Алқасы кедендік-тарифтік реттеу саласында бірқатар шешімдерді қабылдады. 

Атап айтқанда, ұшақтарға арналған қуаты 8000 кВт-тан бастап 8800 кВт-қа дейінгі турбобұрандалы қозғалтқыштарға, сонымен қатар, қуаты 3-20 кВт және 400-1300 кВт аралығындағы газ турбиналарына кедендік әкелім бажының мөлшерлемесін ұш жылға - 2022 жылдың соңына дейін нөлдеу шешімі қабылданды.

Осындай шаманы енгізу бастамасы Ресей Федерациясына жатады. Ұшақ жасау Одаққа мүше мемлекеттердің өнеркәсіптік әріптестігі үшін басым, экономика секторларының тізбесіне енгізілгенін еске сала кетейік. 

Бағалы металдар сынығының қалдықтарына ЕАЭО БКТ кедендік әкелім бажының нөлдік мөлшерлемесінің қолданылу мерзімі ұқсас мерзімге ұзартылды

Сонымен қатар, алюминийден жасалған электролизерлерді қаптауға арналған қалың массаға кедендік әкелім баждарын бір жыл мерзімге нөлдеу шешімі қабылданды. Алюминий зауыттарында қалың массаны жоспарлы ауыстыру алюминий өндірудің технологиялық процесінің қажетті кезеңі болып табылады және оның үздіксіздігін қамтамасыз етеді. 

ЕЭК Алқасы мүше мемлекеттердің аумағына Вьетнамнан әкелінетін ұзын дәнді күріштің жекелеген түрлеріне 2020 жылға дейін 10 000 тонна көлемінде ЕАЭО мен Социалистік Вьетнам Республикасы арасындағы еркін сауда туралы келісім ережелеріне сәйкес тарифтік квота орнату шешімін қабылдады. Бұл тауарға қатысты тарифтік квотадан артық көлеміне кедендік құнынан 10% көлемінде, бірақ 1 кг үшін кемінде 0,03 еуро көлемінде ЕАЭО БКТ кедендік әкелім бажының мөлшерлемесі қолданылады.

ЕЭК Алқасы құжат түрлерін жіктегішті, дәрілік препаратының тіркеу досьесінің құрылымдық элементтер анықтамалығын және санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауға жататын өнім түрлерінің анықтамалығын бекітті. 

Құжат түрлерін жіктегіш, дәрілік препаратының тіркеу досьесінің құрылымдық элементтер анықтамалығы электронды тіркеу досьесін қалыптастырудың негізі болып табылады. Анықтамалықты бекіту шаруашылық жүргізу субъектілеріне тіркеу досьесін электронды форматта қалыптастыру, ал уәкілетті органдарға ұсынылған досьені біркелкі валидациялау мүмкіндігін береді. 

Санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауға жататын өнім түрлерінің анықтамалығын Одақтың интеграцияланған ақпараттық жүйесінің бірқатар жалпы процестері шеңберінде ақпараттық өзара іс-қимылды іске асыру кезінде пайдалану керек.


Анықтама
Фиброскан бауырдың иілімдігін өлшеуге арналған және деңгейлер бойынша фиброз дәрежесін бағалау мүмкіндігін беретін Француз «Echosens» (Эхосенс) компаниясы өндірген бірегей аппарат болып табылады. Осы аппарат арқылы алынған деректер емдеу процесіне ғана емес, сондай-аө жалпы адам денсаулығына әсер етеді.

Одақ елдерінде (Беларусь Республикасында аппарат пайдаланылмайды) аппарат мемлекеттік сатып алулар арқылы ауруханалар (емханалар) арасында сатып алынады. Сондай-ақ, техникалық қызмет көрсететін компаниялар таңдауы анықталады.