Жүйеге кіру
ЕЭК ЕАЭО-ны дамыту және қолдау институтын құрумен жұмыс істеу үстінде

ЕЭК ЕАЭО-ны дамыту және қолдау институтын құрумен жұмыс істеу үстінде

IMG04892.JPG
18.08.2020

Еуразиялық экономикалық одақты дамыту мен қолдаудың жаңа институтын құру нұсқалары, сондай-ақ қазіргі бар қаржы институттарының әлеуетін бұдан да толық пайдалану мүмкіндігі бейінді жұмыс тобының кезекті отырысында қаралды.


«Еуразиялық экономикалық комиссияның бағалауы бойынша, Армения мен Қырғызстанға ЕАЭО-дағы дамудың орташа деңгейіне шығу үшін қажетті қаражат көлемі ЕАДБ және ЕТДҚ сияқты өңірлік қаржы институттарының мүмкіндіктерінен бірсыпыра асып түседі. Бұл жағдайда қолда бар қаржылық ресурстарды толық пайдаланған және әзірленіп жатқан инвестициялық жобаларды сарапшылық сүйемелдеуді күшейткен маңызды», – деп атап өтті жұмыс тобының жетекшісі, ЕЭК Интеграция және макроэкономика министрі Сергей Глазьев.

Қырғыз Республикасының өкілдері ЕАЭО мемлекеттерінің даму деңгейін теңестіру мақсатында инвестициялық жобалар мен бағдарламаларды қаржыландыру үшін ЕАЭО-да жаңа даму институтын құруды жақтаған еді. Бұл ретте, олардың пікірінше, оның қаражатын басқаруды қазірдің өзінде жұмыс істеп тұрған қаржы институттарына беруге жол беріледі.

ЕАЭО елдері мемлекеттік органдарының өкілдері Еуразиялық даму банкі мен Еуразиялық тұрақтандыру және даму қорының әлеуетін бұдан да толық пайдалануды, сондай-ақ қажет болған жағдайда олардың мандатын кеңейтуді ұсынды. 

Жұмыс тобының қатысушылары бүгінгі таңда қаржыландыру үшін дайындалған жобалар ауқымы қазіргі бар жұмыс істеп тұрған даму институттарының мүмкіндіктерінен аз екендігін атап көрсетті. Осыған байланысты маңызды міндет – кейіннен қаржы тарту мақсатымен сараптама жүргізу және инвестициялық жобаларды ұсыну әлеуетін өсіру болып табылады.

«Астана» халықаралық қаржы орталығының бастамасы бойынша биылғы қыркүйекте ынтымақтастықтың осы бағыты шеңберіндегі күш-жігерді біріктіру мүмкіндігін нысаналы талдау үшін халықаралық және ұлттық даму институттарының қатысуымен ғылыми-практикалық семинар өткізу жоспарлануда.