Жүйеге кіру
Касымали уулу Каныбек ЕЭК-тің Сауда саясаты департаменті директорының орынбасары болып тағайындалды

Касымали уулу Каныбек ЕЭК-тің Сауда саясаты департаменті директорының орынбасары болып тағайындалды

IMG_2912.png
18.08.2020
​Касымали уулу Каныбек 1989 жылғы 25 желтоқсанда туған.

Қырғыз-Түрік «Манас» (Қырғыз Республикасы) университетінің экономика және менеджмент факультетін «халықаралық қатынастар» мамандығы бойынша бітірген. Корея даму институты (Корея Республикасы) жанындағы Мемлекеттік саясат және басқару мектебінде «даму саясаты» мамандығы бойынша магистратураны да бітірген.

Қырғыз Республикасы Экономика министрлігі жанындағы Инвестицияларды ілгерілету агенттігінде жұмыс істеді. 2016 жылдан бастап 2019 жылғы қаңтарға дейінгі аралықта Қырғыз Республикасы Экономика министрлігінің ЕАЭО-ны және ДСҰ мәселелерін үйлестіру басқармасында Еуразиялық экономикалық одақпен жұмыс бөлімін басқарды. 2019 жылғы қаңтардан бастап Еуразиялық экономикалық комиссияға келгенге дейін Қырғыз Республикасы Президенті Аппаратының стратегиялық даму саясаты, экономика және қаржы бөлімінде жобалық даму секторының сарапшысы қызметін атқарды.

Үстіміздегі жылғы 17 тамыздан бастап ЕЭК-те Сауда саясаты департаменті директорының орынбасары лауазымында жұмыс істейді.