Жүйеге кіру
Михаил Мясникович Кубатбек Бороновты Қырғыз Республикасының Премьер-министрі болып тағайындалуымен құттықтады

Михаил Мясникович Кубатбек Бороновты Қырғыз Республикасының Премьер-министрі болып тағайындалуымен құттықтады

5eea281f99e3c.jpg
18.06.2020

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы Михаил Мясникович Кубатбек Бороновтың атына Қырғыз Республикасының Премьер-министрі болып тағайындалуына байланысты құттықтау хат жолдады.

«Еуразиялық экономикалық комиссия Сіздің Қырғыз Республикасы мен Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің өзара тиімді ынтымақтастығын дамыту жөніндегі күш-жігеріңізге жәрдемдесетін болады», - деп атап өтілген ЕЭК Алқасы Төрағасының жолдауында.

Михаил Мясникович Кубатбек Бороновқа және Қырғыз Республикасының Үкіметіне Қырғызстан халқының игілігі жолында ойдағыдай қызмет етуді тіледі.​