Жүйеге кіру
Беларусь Республикасында «Еуразиялық цифрлық платформалар» конкурсының жартылай финалының жеңімпаздары анықталды

Беларусь Республикасында «Еуразиялық цифрлық платформалар» конкурсының жартылай финалының жеңімпаздары анықталды

18.05.2018

Төрт әзірлеме Инновациялық жобалардың жыл сайынғы «Еуразиялық цифрлық платформалар» халықаралық конкурсының  белорустық жартылай финалының жеңімпаздары  болды. Бұлар -  өкпенің ауруын ертерек диагностикалаудың «Жеңіл тыныс» цифрлық жүйесі, «Еуразиялық  факторинг платформасы» экспорттық-импорттық есептеулерді жеңілдету және  қаржыландыруды тарту үшін шешім,  тауарларды, қызметтер көрсетуді, процестерді сертификаттаудың «СертЧейн» жүйесі және балалардың  оқу процесіне орнықты дағдысын қалыптастыруға бағытталған «ПР Білім» жобасы.

Конкурстың жартылай финалы 16-17 мамырда «ТИБО-2018» ақпараттық-коммуникациялық технологиялар жөніндегі ХХV халықаралық форумда болды.

Жартылай финалды аша келіп, Еуразиялық экономикалық комиссияның (ЕЭК) Ішкі нарықтар, ақпараттандыру, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар жөніндегі Алқа мүшесі (министр) Карине Минасян конкурстың барлық қатысушыларына олар өздерінің жобаларына салған идеяға деген сенімділікті сақтауды тіледі,  бұл міндетті түрде қойылған мақсатқа қол жеткізуге алып келеді.

«Еуразиялық цифрлық платформалар» конкурсына Беларусь Республикасынан 29 компания қатысты. 25 жоба  іріктеу турына өтті, 11-і жартылай финалға шықты. Өтінімдерді Сарапшы алаңның 100-ден астам мүшесі мен конкурс жюриі – венчурлық инвесторлар, цифрлық визионерлер, Еуразиялық экономикалық одақтың (ЕАЭО) барлық елдерінен келген шенеуниктер, ЕЭК өкілдері бағалады. Осы сарапшылық жұмыстың қорытындысымен Беларусь Республикасы бойынша «Жеңіл тыныс», «Еуразиялық  факторинг платформасы», «СертЧейн» және «ПР Білім» жобалары жеңімпаз деп танылды.

«Жеңіл тыныс» жобасы өкпені  жаппай қашықтықтан диагностикалау үшін цифрлық платформа құруға бағытталған. Ол  өкпені  желдету мен қанағымды комфортты зерттеу үшін телемедициналық гаджеттер өндірісін, дербес деректерді визуализациясы мен телетрансляциясы үшін мобильді қосымшалар құруды, ЕАЭО өңірлері бойынша деректерді жаппай жинау мен өңдеу үшін цифрлық платформалар желісін жобалауды, мұқтаж адамдарға  консультациялар беру мен медициналық көмек көрсету жөніндегі web-сервис ұйымдастыруды көздейді. Жоба жетекшісі, т.ғ.к. Валентин Ярмолинский таяудағы міндеттер қатарынан web-коммуникациялар (Bluetooth, WiFi, iOT) және дауысты көмекші функциясы бар пульмогаджет жасауды, электрфизиологиялық сигналдарды  автоматты өңдеу мен түсіндірудің алгоритмдері мен бағдарламаларын құруды көреді.

«Еуразиялық  факторинг платформасы» жобасы ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің  өзара саудасын дамыту мен қаржыландырудың цифрлық интеграциялық платформасын құруды көздейді. Шешім өнім беруші мен сатып алушы арасындағы цифрлық мәміленің барлық сатыларының толық циклы мен бақыланып отыруын қамтамасыз етеді,  ішкі де, трансшекаралық та факторингті қолдайды,  өнім берушілердің тәуекелін азайтады және оларға айналымдағы капиталды тез толықтыруға мүмкіндік береді. Жобаның негізін қалаушығ э.ғ.к. Василий Углов  «Еуразиялық  факторинг платформасының» пайда алуға бағытталмағанын атап өтті:  оның жұмысы мен дамуын қолдау үшін кірістердің көзі ретінде әрбір транзакциядан  0,03% комиссия  болжалданады.

«СертЧейн» жобасы сертификаттардың түпнұсқалығын қорғау, сақтау және қолдан жасалуын болдырмау үшін блокчейнге интеграциялай отырып өнімдерді, қызметтер көрсетуді және процестерді тез сертификаттауға арналған web-платформаны білдіреді. Ол сертификаттау процестерінің жеткізілімдердің тізбегімен интеграциясын көздейді, реттеушілер мен шаруашылық жүргізуші субъектілердің өзара іс-қимылын қамтамасыз етеді. Жобаны Еуразиялық және халықаралық сертификаттаудың  бес жылдық тәжірибесі бар «Изи-Штандарт» компаниясының командасы  іске асыруда. Жобаның СЕО-жетекшісі Андрей Цыганның сөзі бойынша, жаңа «СертЧейн» платформасы қазір  әзірлеу және тестілеу сатысынан өтуде. 2018 жыл ішінде оған кем дегенде 70 пилоттық жобаны, 100 аудиторды және 30 сертификаттаушы органдарды тарту жоспарлануда.

«ПР Білім» жобасы баланың бойына  оқыту процесіне деген орнықты әдетті сіңіруге, интернеттің қолайсыз әсерінен қорғауға және бала денсаулығына қамқорлық жасауға мүмкіндік беретін «ақылды планшеттер» өндірісін білдіреді. Әрбір планшет нейрондық желілердің, жасанды зерденің және адамды айырып тану бағдарламасының көмегі  арқылы баланың жасын, жынысын, көңіл-күй ауанын анықтайды, олардың контентке  білдірілген қызығушылығын айқындайды және оны оңтайлы  жинап алуға әрі сүзгіден өткізуге мүмкіндік береді. Бұл ретте көріп шығудың қауіпсіз қашықтығы бақылауда болады, қашықтықтан басқару мен бала ата-аналарының іс-әрекеті мониторингі қамтамасыз етіледі. Жобаның ортақ құрылтайшысы Сергей Курьянның хабарлауынша, бүгінгі таңға дейін 5000 планшет сатып алу ниеті туралы 15 келісімге қол қойылды. Планшеттердің алғашқы партиясын 2018 жылдың екінші тоқсанында шығару ұйғарылуда.

Жартылай финал жеңімпаздары  «Еуразиялық апта»  халықаралық көрме форумы шеңберінде  Ереванда қазан айынын соңында болатын конкурс финалына қатыса алады.

Инновациялық жобалардың жыл сайынғы «Еуразиялық цифрлық платформалар» халықаралық конкурсын Еуразиялық экономикалық комиссия ұйымдастыруды. Ол  Одақтың цифрлық күн тәртібінің Негізгі бағыттарын іске асыруды ескере отырып, ЕАЭО-ның интеграцияланған ақпараттық жүйесі негізінде өзара іс-қимылдың цифрлық ортасын дамытуға маңызды үлес қосуға қабілетті компаниялар мен жобаларды анықтауға бейімделген. Конкурсқа қатысуға ЕАЭО-ның барлық елдерінен 250-ден астам өтінімдер түсіп те үлгерді. Жартылай финалдар кез келген мүше мемлекетте  жетекші іскерлік форумдарда өтеді.