Жүйеге кіру
ЕЭК министрі Тимур Жақсылықов: «Реттеуші әсерді бағалау ЕАЭО-ны ұлтүсті реттеуді қалыптастыру кезінде бизнестің дауысын естуге мүмкіндік береді»

ЕЭК министрі Тимур Жақсылықов: «Реттеуші әсерді бағалау ЕАЭО-ны ұлтүсті реттеуді қалыптастыру кезінде бизнестің дауысын естуге мүмкіндік береді»

18.03.2020

ЕЭК Алқасы 2019 жылы Комиссия шешімдерінің жобаларына реттеуші әсерді бағалау (РӘБ) жүргізу мониторингі туралы жыл сайынғы есепті қарады.

2019 жылы ЕЭК шешімдері жобаларының РӘБ туралы оң қорытындылар үлесі мониторинг жүргізудің бес жылдық кезеңі ішіндегі ең жоғары деңгейге - 86,5%-ға жетті. Бұл жағдаят ЕЭК-тің кәсіпкерлік қызметті жүргізу жағдайларын оңайлатуға арналған жұмысының ортақ бағыт алғанын растайды.

Сондай-ақ есепте 2019 жылы РӘБ рәсімін жетілдіру шеңберінде Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің бастамасы бойынша бизнеске әсер ететін ЕАЭО шеңберіндегі халықаралық шарттар жобаларына қатысты осы рәсімді өткізу үшін ұйымдастыру мүмкіндігін құру аяқталғаны хабарланған.

Бұдан басқа, есепте Комиссияның ЕЭК қабылдаған шешімдердің нақты әсерін бағалау жөнінде іске асырған пилоттық жобасының нәтижелері туралы ақпарат берілген, оны іске асыру ЕАЭО шеңберіндегі ұлтүсті реттеудің барлық өмірлік циклінің бизнесті жүргізу жағдайларына әсерін бағалауды біртіндеп қамтуға кірісуге мүмкіндік берді.

«Өткен жылы жария талқылау барысында түскен ұсыныстар санының тіркелген 80-пайыздық өсуі кәсіпкерлік субъектілерінің РӘБ-ке қатысуын қарқынды етудің және бұл рәсімнің ЕАЭО елдері бизнесінің сұранысында болу деңгейі артқандығының көрсеткіші болып табылады», - деп атап өтті ЕЭК Экономика және қаржы саясаты жөніндегі министрі Тимур Жақсылықов.

Комиссия Алқасы мақұлдаған РӘБ жүргізу мониторингі туралы жыл сайынғы есеп ЕЭК Кеңесінің қарауына егізілетін болады, содан кейін оны Одақ елдері үкіметтерінің басшылары талқылайды.

Анықтама

ЕЭК шешімдері жобаларының реттеуші әсерін бағалау (РӘБ) – олардың Одақта кәсіпкерлік қызметті жүргізу жағдайларына әсерін бағалау. РӘБ рәсімі екі кезеңнен: ағымдағы бағалаудан - ЕЭК шешімінің жобасын Одақтың сайтында ұзақтығы күнтізбелік 30 күннен кем болмайтын жария талқылаудан; қорытынды бағалаудан – ЕЭК-тің арнайы құрылған жұмыс тобының РӘБ туралы қорытынды дайындауынан тұрады.​