Жүйеге кіру
Аудиторлық және бухгалтерлік қызметтер көрсетудің бірыңғай нарығын қалыптастыру инвестициялық тартымдылықты және ЕАЭО-да бизнес жүргізу мүмкіндіктерін арттырады

Аудиторлық және бухгалтерлік қызметтер көрсетудің бірыңғай нарығын қалыптастыру инвестициялық тартымдылықты және ЕАЭО-да бизнес жүргізу мүмкіндіктерін арттырады

бухучет.png
18.02.2020

Ресей Федерациясының Қаржы министрлігінде Еуразиялық экономикалық одақта аудиторлық және бухгалтерлік қызметтер көрсетудің бірыңғай нарығын қалыптастыру қағидаттары Одақ елдерінің уәкілетті органдарының қатысуымен қаралды.

Ресей Қаржы министрінің орынбасары Антон Дроздов Одақта қызметтер көрсетудің осы түрінің бірыңғай нарығын қалыптастыруға бағытталған құжаттар жобаларымен жедел жұмыс істеу қажеттігін атап өтті.

Еуразиялық экономикалық комиссияның Қаржы саясаты департаментінің директоры Арман Хачатрян аудиторлық және бухгалтерлік қызметтер көрсетуді ұйымдастыру мен реттеудің, жауапкершілік шараларын қолданудың, әкімшілік ынтымақтастық пен инвестициялық тартымдылықты арттыру және тұтастай бизнес мүмкіндіктерін кеңейту үшін құзыретті органдар арасында ақпарат алмасудың бірыңғай тәсілдемелерін қалыптастырудың маңыздылығын атап көрсетті.

Бірыңғай нарықты қалыптастыру шеңберінде ЕАЭО-ның бір мемлекетінің аудиторлық және бухгалтерлік компаниялары ЕАЭО-ның басқа елдерінің аумағында алынған қызметтерді қызметтер көрсетуді жеткізуші персоналға қойылатын кәсіби біліктілік талаптарын және қызметті жүргізуге рұқсаттарды өзара тану негізінде Одақтың басқа елдерінде қосымша құрылмай-ақ қызметтер көрсету құқығына ие болады.​