Жүйеге кіру
ЕЭК ЕАЭО мемлекеттерінің экономикалық тұрақтылығы тәртібін жаңартты

ЕЭК ЕАЭО мемлекеттерінің экономикалық тұрақтылығы тәртібін жаңартты

критерии макроэкономической устойчивости.png
18.02.2020

ЕЭК Алқасы ЕАЭО елдеріндегі экономикалық жағдаятты тұрақтандыруға бағытталған ұсынымдар мен бірлескен шараларды әзірлеу және қабылдау тәртібіне өзгерістер енгізді. Тәртіп ел экономикалық дамудың орнықтылығын айқындайтын макроэкономикалық көрсеткіштердің сандық мәнінен асып кеткен жағдайларда қолданылады.

Одақтың негізгі макроэкономикалық көрсеткіштеріне үш мән жататынын еске сала өткен жөн. Бюджеттің жылдық тапшылығы ЖІӨ-нің 3%-ынан аспауға тиіс. Мемлекеттік басқару секторының борышы 50%-дан аспауға тиіс. Жылдық инфляция ЕАЭО бойынша ең төменгі мәннен 5%-дан артық болмауға тиіс. Олардың барлығы ЕАЭО туралы шартта көрсетілген.

«Егер бірнеше жыл ішінде Одақ мемлекетінде экономикалық орнықтылық көрсеткіштерінің мәнінен асып кетуге жол берілсе, бірлескен шараларды қолдану үшін негіз пайда болады», - деді ЕЭК Интеграция және макроэкономика жөніндегі министрі Сергей Глазьев.

Осы уақытқа дейін Комиссияда макроэкономикалық көрсеткіштердің мәнінен асқан жағдайда бірлескен шараларды әзірлеу жөніндегі іс-қимылдардың нақты алгоритмі болған жоқ.

«Құқықтық олқылықтарды жою үшін біз тыңғылықты тәртіпті жазып беруді ұсынамыз. Соған сәйкес біз барлық мемлекеттерді осындай асып кетулер туралы хабардар ететін және бірлескен шаралар әзірлеуді ұсынатын норма жазып қойылады», -деп атап көрсетті министр.

Сергей Глазьев өз сөзін әзірлеу туралы бастама көмекке жүгінуге негізі бар мемлекеттен не ЕЭК тарапынан шығуы керек деп толықтырды.​