Жүйеге кіру
ЕАЭО іскерлік қоғамдастығы Еуразиялық интеграцияны дамытудың стратегиялық бағыттарын пысықтауға белсенділікпен қатысуда

ЕАЭО іскерлік қоғамдастығы Еуразиялық интеграцияны дамытудың стратегиялық бағыттарын пысықтауға белсенділікпен қатысуда

18.02.2020

Еуразиялық экономикалық комиссияның Интеграция және макроэкономика жөніндегі Алқа мүшесі (министр) Сергей Глазьев ЕАЭО Іскерлік кеңесінің қатысуымен отырыс өткізді, онда Еуразиялық экономикалық интеграцияның 2025 жылға дейінгі стратегиялық бағыттары жобасымен жұмыстың нәтижелері қаралды. Алдағы іс-қимыл алгоритмі талқыланды. Бұл ретте Одақ елдерінің шағын және орта бизнесі үшін іскерлік ахуалды және қолайлы ортаны қалыптастыру механизмдеріне баса назар аударылды.

ЕЭК министрі құжаттың Одақтың дамуының негізгі векторларын қалыптастыра отырып, ЕАЭО туралы шартта айқындалған интеграцияның барлық саласына қатысты болатынын атап өтті. Ол «ЕАЭО елдері жұмысты аяқтауға жақын: қазірдің өзінде 318 позиция келісілді, қалған келіспеушіліктер тек 15 өзара іс-қимыл механизміне қатысты» деп атап көрсетті.

Сергей Глазьев Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде интеграциялық процестерді одан әрі дамыту туралы декларацияның ережелерін айтып өтті, оларды іске асыру механизмдері бизнес өкілдерінің қатысуымен ғана тұжырымдалуы мүмкін.

«Біз бизнес-қоғамдастықпен сындарлы диалогқа және іскер топтардың жоғары деңгейде тартылуына мүдделіміз. Біз сондай-ақ біздің бірлескен жұмысымыздың маңызды құрамдас бөлігі қолайлы іскерлік ахуал мен шағын және орта бизнес үшін тиімді орта қалыптастыру болуға тиіс екенін түсінеміз», - деп атап өтті министр.

Пікір алмасу барысында бизнес өкілдері басымдықты мәселелер ретінде мыналарды: техникалық реттеу саласындағы құқық бұзушылық түрлерін үндестіруді, тауарлардың таңбалануы мен қадағалануын, қаржы-банк секторындағы интеграцияны дамытуды, каботаждық тасымалдарды ырықтандыру бағдарламасын іске асыруды және басқаларды атап өте келіп, бірлескен жұмысқа деген өз қызығушылығын растады.

Бизнес өкілдері ЕЭК-тің реттеушілік функцияларын кеңейту қажеттігін де атап өтті. Олар Комиссия Одақ ішіндегі дауларды шешудің тиімді алаңына айналуға тиіс деп санайды.

Сондай-ақ, Комиссияның Одақ елдері арасындағы тауарлармен өзара сауданы дамытудағы тосқауылдардың, алып қоюлар мен шектеулердің әсерін бағалау тәсілдемелері туралы ақпарат ұсынылды.

Пікірсайысқа қатысушылар ЕАЭО-ның Іскерлік кеңесі арқылы Комиссияға Одақты перспективалық дамыту бойынша бизнес-қауымдастықтардың өзектілендірілген ұсыныстарын, сондай-ақ Комиссияның кедергілерді анықтау және жою бойынша қызметін ескере отырып, ЕАЭО-дағы өзара сауданың жай-күйіне кедергілердің әсерін іскер топтардың бағалауы туралы ақпаратты жіберуге уағдаласты.​