Жүйеге кіру
ЕЭК пен «Транссібір тасымалдары жөніндегі Үйлестіру кеңесі» халықаралық қауымдастығы Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды

ЕЭК пен «Транссібір тасымалдары жөніндегі Үйлестіру кеңесі» халықаралық қауымдастығы Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды

18.01.2017

18 қаңтарда Еуразиялық экономикалық комиссияның (ЕЭК) Энергетика және инфрақұрылым жөніндегі Алқа мүшесі (министр) Адамкул Жунусов пен «Транссібір тасымалдары жөніндегі Үйлестіру кеңесі»  халықаралық қауымдастығының (ТТҮК) бас хатшысы Геннадий Бессонов Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды. 

Меморандумның мақсаты – Еуразия өңірінде теміржол көлігін дамыту мәселелерінде Комиссия мен Транссібір тасымалдары жөніндегі Үйлестіру кеңесінің арасындағы өзара іс-қимылды жолға қою. 

«Комиссияның ТТҮК-пен жүктердің және  жолаушылардың халықаралық теміржол тасымалдарын дамыту, олардың бәсекеге қабілеттілігін жоғарылату және трансконтиненталдық  теміржол дәліздеріндегі инфрақұрылымды жаңғырту жөніндегі шараларды үйлестіру мәселелері бойынша ынтымақтастығы  болашақтағы ауқымды жұмыс шеңберінде ерекше өзектілікке ие болып отыр, – деп атап өтті Адамкул Жунусов. – Сөз ЕАЭО мемлекеттерінің үйлестірілген (келісілген) көлік саясатын іске асырудың негізгі бағыттары мен кезеңдерін орындау бойынша «жол картасын» әзірлеу туралы болып отыр».

Комиссияның ТТҮК-пен ынтымақтастығы теміржол көлігі саласындағы интеграциялық процестердің одан әрі дамуына оң ықпал етеді және  Одақтағы елдердің экономикасындағы теміржол тасымалдарының маңызды рөлін ескере отырып, Комиссияға өз міндеттерін анағұрлым тиімді іске асыруға септігін тигізетін болады.

Анықтама

ТТҮК Оңтүстік-Шығыс Азия, Қиыр және Таяу Шығыс, Орта Азия мен Еуропа елдері арасындағы жүктердің аса сапалы түрде жеткізілуін қамтамасыз ету және экономикалық қарым-қатынастарды дамыту үшін халықаралық қатынаста Транссібір маршруты бойынша жүктер тасымалдарына қатысушылардың қызметін үйлестіретін халықаралық коммерциялық емес көлік ұйымы болып табылады. 

Қазір ТТҮК құрамында 23 елден 100-ден астам ұжымдық мүше, солардың арасында Еуропаның, Азияның және ТМД елдерінің темір жолдары бар