Жүйеге кіру
COVID-19 және басқа жұқпалы ауруларға қарсы күрес жоспары қабылданды

COVID-19 және басқа жұқпалы ауруларға қарсы күрес жоспары қабылданды

17.07.2020
Үкіметаралық кеңес Еуразиялық экономикалық одақта коронавирустың таралуын болдырмау жөнінде денсаулық сақтау және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттығы саласындағы іс-шаралардың кешенді жоспарын қабылдады.

Ақпарат алмасу, жұқпалы аурулардың шығуына ден қоюдың келісілген алгоритмін іске асыру, зертханалық зерттеулерді жүргізу жөніндегі ұсынымдарды бірлесіп әзірлеу жоспарланып отыр. Сапалы, қауіпсіз, тиімді диагностикалық құралдар мен вакциналарға, сондай-ақ жұқпалы ауруларға қарсы іс-қимылдың техникалық құралдарына қол жеткізуді қамтамасыз ету бойынша бірлескен ғылыми зерттеулер белгіленген. ЕАЭО мемлекеттерінің бейінді ұйымдары мамандарының белгілі және жаңа жұқпалы аурулардың шығуына ден қою шараларын игерісу, қауіпті инфекцияларға қарсы күреске қажетті медициналық бұйымдардың тіркелген әзірлеушілері туралы ресми ақпаратты орналастыру үшін бірлескен оқу-жаттығу өткізу жоспарланған.

Жоспарға кірістірілген іс-шараларды іске асыру Одақта ЕАЭО елдері денсаулық сақтау жүйесінің тек COVID-19-ға ғана емес, сол сияқты басқа да жұқпалы ауруларға қарсы күресте талап етілетін бірыңғай әлеуетін нығайтуға көмектеседі. Кешенді жоспардың бірлескен іс-шараларын орындау ықтимал болашақ эпидемияларды болдырмауға ықпал ететін болады.