Жүйеге кіру
ЕАЭО-ны индустрияландыру картасы Одақ өнеркәсібін дамытуға көмектеседі

ЕАЭО-ны индустрияландыру картасы Одақ өнеркәсібін дамытуға көмектеседі

17.07.2020
ЕҮК Еуразиялық экономикалық комиссияға Еуразиялық экономикалық одақ мемлекеттерімен бірлесіп Одақты индустрияландыру картасын әзірлеуді қамтамасыз етуді тапсырды.
 

Индустрияландыру картасы ЕАЭО елдерінің импортты алмастыру жөніндегі іс-қимылын үйлестірудің маңызды құралы болады және импортқа тәуелді технологиялық бағыттарды, мүше мемлекеттер өндірушілерінің әлеуетін, Одақтағы қалыптасқан өнеркәсіптік жобалар мен кооперациялық байланыстарды бейнелейтін болады. Бұл тараптарға өндірістердің қосарласуын болдырмауға және өндірушілердің салалық мамандануға қарай ілгерілеуіне мүмкіндік береді.

Карта үш бөлімнен тұратын болады. Біріншісі - іске асырылып жатқан әрі жоспарланған ірі инвестициялық жобалар туралы және өнеркәсіптің тиісті саласы үшін маңызы бар жобалар туралы ақпаратты құрайды. Қазірдің өзінде инвестициялар көлемі шамамен 200 млрд АҚШ доллары болатын 18 саладағы 178 ірі инвестициялық жоба кірістіру үшін ұсынылды. Бұл өндірушілер мен мемлекеттік органдарға бір-бірінің жоспарын көруге және оларды дер кезінде түзетіп отыруға мүмкіндік береді.

Екінші бөлімге өнеркәсіптің 20-дан астам саласы бойынша шамамен 500-600 техникалық бағыт кіреді, бұлар бойынша ЕАЭО-да импорт алмастыру қажет және оларда тиісті жобаларды іске асыруға қатысуға дайын кәсіпорындар бар. Бұл ақпарат бүкіл Одақ шеңберінде импорт алмастыру үшін өндірістік тізбек қалыптастыруға, импорт алмастырушы өндірістерді мемлекеттік қолдау шараларын ұтымды бөлуге мүмкіндік береді.

Үшінші бөлім Одақтың кедендік аумағына түсетін импорттың көлемі бойынша неғұрлым маңызды тауар позицияларын құрайды. Бұл позициялар бойынша неғұрлым белсенді импорт алмастыру жұмысы өрістетілетін болады.

Индустрияландыру картасын ЕАЭО-ның ресми сайтында орналастыру белгіленген. Оны тұрақты өзектілендіріп отыру көзделген. Осы мақсатқа орай Одақ елдерінің Үкіметтеріне Комиссияға тиісті ақпарат беруді қамтамасыз ету тапсырылды.

ЕАЭО-ны индустрияландыру картасында қамтылған деректер негізінде одақтық елдерде өндірістік қуаттарды дамыту жөнінде ұсыныстар дайындалатын болады. Құжат импорт алмастыру жөніндегі жұмысты кешенді ұйымдастыруға, осы саладағы ұлттық жоспарларды біріктіруге, бірлескен бағдарламалар мен жобаларды әзірлеп, іске асыруға, өндірушілердің салааралық байланыстарын құруға, елдерде бар құзыреттерді тиімді пайдалануға мүмкіндік береді.​