Жүйеге кіру
ЕАЭО АӨК-ті дамытуға жүйе-жүйемен кіріседі

ЕАЭО АӨК-ті дамытуға жүйе-жүйемен кіріседі

17.07.2020
Үкіметаралық кеңес Еуразиялық экономикалық одақтың агроиндустриясын дамыту картасын әзірлеуді мақұлдады. Сөз бұл арада Одақтың агроөнеркәсіптік кешенін дамыту үшін маңызы бар ірі инвестициялық және инновациялық жобалар туралы ақпараттық ресурс қалыптастыру туралы болып отыр.

«Одақ агроиндустриясы» үш бөлімнен тұрады деп бағамдалып отыр. Картаның бірінші бөліміне ортақ аграрлық нарықты мүше мемлекеттерде өндірілетін өніммен толықтыруға көмектесетін, іске асырылып жатқан және жоспарланған, әдетте құны 10 млн АҚШ долл. асатын ірі жобалар; мемлекетаралық өзара іс-қимылды бағамдайтын кооперациялық жобалар, шикізат ресурстарының немесе дайын өнімнің өзара жеткізілімі; Одақтың екі немесе одан да көп елінің қатысуымен АӨК-те инновациялық технологиялық шешімдерді әзірлеуге және ендіруге бағытталған жобалар кіреді. Бұл ЕАЭО-дағы әріптестерге ұлттық даму жоспарларын және инвестициялық бағдарламаларды қалыптастыру кезінде өндірістердің қосарласуын болдырмауға, ортақ аграрлық нарықты дамытудың және тауарлармен қамтамасыз етудің үрдістерін ескеруге мүмкіндік береді.

Екінші бөлімде импорт алмастырушы және жоғары технологиялық өндірістерді дамыту, саланы ресурстық қамтамасыз етуді жақсарту және ауыл шаруашылығын мемлекеттік қолдау шараларын тиімді пайдалану үшін Одақ шеңберінде өндірістің кооперациялық тізбектерін қалыптастыру жөніндегі перспективалық бағыттар ұсынылатын болады.

Картаға одақтық нарықта олар бойынша импорттың үлкен үлесі байқалып отырған ауыл шаруашылығы тауарлары мен ресурстары туралы деректерді кірістіру де белгіленіп қойылған.

Картаны ЕАЭО-ның ресми сайтында орналастыру және оны тараптардың ұсыныстарына сәйкес қажет болуына қарай өзектілендіріп отыру көзделген.

Сөйтіп, «Одақ агроиндустриясы» картасы Одақтағы әріптестер мүмкіндігін тиімді пайдалануға, агроөнеркәсіптік кешенді және ортақ аграрлық нарықты орнықты дамыту жүйесін ұйымдастыру кезінде импорт алмастырушы және интеграциялық әлеуетті іске асыруға бағытталған кешенді құжат болады.​