Жүйеге кіру
Электрондық кеден операцияларын жасаған кезде енді қағаз жүзінде белгілеу талап етілмейді

Электрондық кеден операцияларын жасаған кезде енді қағаз жүзінде белгілеу талап етілмейді

17.07.2020
Еуразиялық үкіметаралық кеңестің шешімі бойынша 2021 жылғы 1 наурыздан бастап электрондық түрде кеден операцияларын жасау кезінде қағаз жеткізгіштердегі нақты белгілеуді қосымша ұсынудың қажеті болмайды.

Электрондық түрде кеден операцияларын жасау кезінде қағаз құжаттарға кеден органдарының белгі қоюының «тапсырысшылары» кеденшілер емес, басқа бақылаушы органдар немесе сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың өздері болып табылады. Мұның себебі – ұлттық актілерде сақталып қалып отырған талаптар және бірқатар жағдайда мемлекеттік органдардың өз арасында әрі СЭҚ қатысушыларымен арада электрондық түрдегі өзара іс-қимылдың жоқтығы.

Үкіметаралық кеңестің шешімі әртүрлі саладағы ұлттық нормативтік актілерді «ақпараттық рельстерге» аудару жөніндегі жұмысты жандандырады.

Кеден органының тауарлардың Одақтың кедендік аумағынан кетуіне рұқсатты ресімдеу, сәйкестендіру құралдарын өзгертуді, алып тастауды, жоюды немесе ауыстыруды ресімдеу, сондай-ақ кедендік транзиттің кедендік рәсіміне орналастырылған тауарларға қатысты белгіленген тауарларды тасымалдау маршрутын сақтауға байланысты кедендік операцияларды жасау жағдайлары бұған қосылмайды. Бұдан басқа, бұл техникалық іркілістерге байланысты электрондық түрде кедендік операцияларды жасауды қамтамасыз ету мүмкін болмайтын жағдайларға және кеден органына тұлғаның кеден органдарының белгілерін қағаз жеткізгішке қою туралы дәлелді өтінісі келіп түскен жағдайларға қатысты болады.

ЕҮК сондай-ақ 2020 жылғы 1 желтоқсанға дейін Одақ елдерінің заңнамасына өзгерістер енгізуді шешті, бұларға сәйкес құжаттар кедендік операциялар электрондық түрде жасалған кезде кеден органдарының белгілері бар қағаз жеткізгіште ұсынылатын болады.​