Жүйеге кіру
Үкіметаралық кеңес ЕАЭО елдерінің ғарыштық қызметтер көрсету саласындағы бірінші мемлекетаралық бағдарламасын мақұлдады

Үкіметаралық кеңес ЕАЭО елдерінің ғарыштық қызметтер көрсету саласындағы бірінші мемлекетаралық бағдарламасын мақұлдады

17.07.2020
 
Еуразиялық үкіметаралық кеңес 17 шілдеде Жерді қашықтан зондтау (ЖҚЗ) деректері негізінде ғарыштық және геоақпараттық қызметтер көрсету саласындағы Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің бірінші жаһандық кооперациялық жобасы – Мемлекетаралық бағдарламаны мақұлдады.

Оны 2021 жылдан бастап 2025 жылға дейінгі аралықта іске асыру белгіленген. Интеграцияның үш – ұйымдастырушылық, инфрақұрылымдық және өндірістік блогы көзделген.

Бұл үшін Одақ елдері мен Еуразиялық экономикалық комиссия іс-шаралардың ұйымдастырушылық блогында ұлттық спутниктерден түсетін суреттердің ортақ банкін құру жолымен спутниктердің қолданыстағы және перспективалы топталымдарын біріктіреді. Нәтижесінде байқау аясындағы аумақтың жабылу алаңы айтарлықтай артады, шолу мерзімділігі және тұтынушыға берілетін қажетті ақпараттың жеделдігі артады. Тиісінше әлемдік ғарыш нарығында спутник ресурстарының бәсекеге қабілеттілігі өседі.

Интеграцияның инфрақұрылымдық блогы жаңаларын құруға және ЖҚЗ деректерінің арттырылған көлемін қабылдайтын қазіргі бар станцияларды жаңғыртуға, алынған ақпаратты өңдеп, талдауға мүмкіндік беретін мамандандырылған бағдарламалық жасақтаманы әзірлеуге бағытталған.

Бұл Одақ мемлекеттерінің әртүрлі секторын пайдаланушыларға ұсынылатын геоақпараттық қызметтер көрсету сапасын айтарлықтай арттыруға мүмкіндік береді.

Өндірістік блок мүше мемлекеттердің ЖҚЗ ғарыштық жүйесінің мүмкіндіктерін әзірленуі мен өндірісі мүше мемлекеттер кәсіпорындарының кооперациясында жүзеге асырылатын орташа және асқын жоғары кеңістікте ажыратылымды ЖҚЗ перспективалы ғарыш аппараттарын құру және оны құрамына қосу жолымен кеңейтуді бағамдайды. Бірлескен өндірістің перспективалы ғарыш аппараттарының сипаттамалары таңдаулы әлемдік үлгілерге сәйкеседі, ал кейбір параметрлері бойынша олардан асып түсетін болады.

Ғарыштан Жерді қашықтан зондтау технологиялары - біздің планетамыздың ресурстарын тиімді басқаруға көмектесетін, оны зерттеудің дәлдігі жоғары және жедел құралы. Мемлекетаралық бағдарлама бірыңғай экономикалық кеңістіктің артықшылығын тиімді пайдалануға, Одақ елдерінің өнеркәсіптік, ғылыми-техникалық және маркетинг мүмкіндіктерін біріктіруге, жобамен жұмыс істеуге ғарыштық аппараттарды иемденбеген Армения мен Қырғызстанды қоса, барлық одақтық мемлекетті қатысуға тартуға және қорытындысында жобаның барша қатысушысы қол жеткізе алатын айтарлықтай үлкен ортақ нәтиже алуға мүмкіндік береді.​