Жүйеге кіру
Бизнес ЕАЭО-дағы ұлтүсті реттеуді қалыптастыруға белсене қатысуда

Бизнес ЕАЭО-дағы ұлтүсті реттеуді қалыптастыруға белсене қатысуда

17.07.2020
Еуразиялық экономикалық одақ елдері Үкіметтерінің басшылары Еуразиялық экономикалық комиссияның 2019 жылғы ЕЭК шешімдері жобаларының реттеуші әсеріне бағалау (РӘБ) жүргізу мониторингі туралы есебін қарады.

Есепте ұсынылған статистикалық және талдау ақпараты ЕАЭО елдерінің іскер топтары арасында РӘБ-ке сұраныстың деңгейі жоғары екенін көрсетіп отыр. Белгілі бір дәрежеде Комиссия осы рәсім шеңберінде кәсіпкерлік және сарапшылық қоғамдастық өкілдерінен түсетін ұсыныстарды ескеріп отырады. 2019 жылы жария талқылауға қатысушылар ұсыныстарды 2018 жылға қарағанда 80% көп берді. Бұл ретте РӘБ оң қорытындыларының үлесі өсті.

РӘБ 2015 жылдан бері Комиссияның кәсіпкерлік қызметті жүргізу шарыттарына ықпал ететін актілерін дайындаудың міндетті кезеңі және ЕЭК-тің бизнес-қоғамдастықпен өзара іс-қимылының негізгі рәсімдік құралы болып табылады.

Кәсіпкерлерді интеграциялық процестерге, соның ішінде олардың РӘБ жүргізуге қатысуы арқылы нақтылы тарту өңірлік экономикалық интеграция процестерінің тиімділігін арттырады, бизнеске ЕАЭО-да әзірленіп жатқан нормативтік-құқықтық актілер туралы ақпаратты уақытылы алуға мүмкіндік береді.

Бизнестің РӘБ шеңберінде жолдайтын ұсыныстарының жартысынан астамы ЕЭК-тің қорытынды шешімдерінде ескеріледі, ал реттеуші әсерді бағалауға жататын әрбір жетінші шешімге осы тұжырымдамалық ұсыныстар кірістіріледі.

Анықтама

ЕЭК шешімдері жобаларының реттеуші әсерін бағалау - бұл олардың Одақтағы кәсіпкерлік қызметті жүргізу шарыттарына ықпалын бағалау. РӘБ рәсімі екі кезеңнен тұрады: ағымдағы бағалау – ЕЭК шешімдерінің жобасын Одақ сайтында ұзақтығы кемінде күнтізбелік 30 күн болатын жария талқылау және қорытынды бағалау – ЕЭК-тің арнайы құрылған жұмыс тобының РӘБ туралы қорытынды дайындауы.

Комиссияның РӘБ мониторингі туралы жыл сайынғы есебі 2019 жылғы ЕЭК шешімдері жобаларының реттеуші әсерін бағалауды жүргізу практикасы туралы ақпараттық-талдамалы, статистикалық және өзге ақпаратты қамтиды.​