Жүйеге кіру
Армения ЕАЭО елдері бизнесінің мемлекеттік сатып алуларға қатысуы бойынша кедергіні жойды

Армения ЕАЭО елдері бизнесінің мемлекеттік сатып алуларға қатысуы бойынша кедергіні жойды

17.07.2020
Армения Республикасы Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының шешімін орындау шеңберінде Армения Қаржы министрлігінің электрондық порталында мемлекеттік сатып алулар туралы орыс тілінде ақпарат жоқтығына байланысты кедергіні жойды. Еуразиялық экономикалық одақтың барлық елі кедергінің шынымен жойылғанын таныды.

Бұдан бұрын Беларусь Республикасы аталған порталда орыс тілінде тиісті ақпараттың жоқ екендігі жайында Комиссияға өтініс жасаған еді. Бұл басқа одақтық елдер кәсіпкерлері үшін белгілі бір қиындықтар тудырды. ЕЭК-тің Ішкі нарықтардың жұмыс істеуі департаменті жағдаятты зерделеді, содан кейін ЕЭК Алқасы Армения Республикасына кедергінің бар екендігі туралы хабарлама жіберуге шешім қабылдады.

ЕЭК Ішкі нарықтар, ақпараттандыру және ақпараттық-коммуникациялық технологиялар жөніндегі министрі Гегам Варданян атап өткендей, Армения Республикасы кедергілер саны барынша аз ел ретінде ЕАЭО елдері бизнесінің мемлекеттік сатып алуларға тең қол жеткізуін орнатып, кедергіні жедел жойды.

«2020 жылдың басынан бері Одақ елдері ішкі нарықтағы 9 тосқауылды жойды, бұл мүше мемлекеттердің төрт еркіндікке – тауарлар қозғалысының, капиталдың, қызметтер көрсетудің және жұмыс күшінің еркіндігі қағидатына негіздей отырып, ЕАЭО-ның ішкі нарығының тосқауылсыз, шектеусіз және алып қоюсыз жұмыс істеуін қамтамасыз етуге деген ұмтылысын көрсетеді», – деп мәлімдеді Гегам Варданян.​​