Жүйеге кіру
ЕЭК жосықсыз бәсекелестік белгілері жөніндегі істе бірінші рет дауды алдын ала реттеу рәсімін қолданды

ЕЭК жосықсыз бәсекелестік белгілері жөніндегі істе бірінші рет дауды алдын ала реттеу рәсімін қолданды

17.07.2019

Мұндай мүмкіндік ЕЭК Кеңесінің Трансшекаралық нарықтардағы бәсекелестіктің ортақ қағидаларының бұзылуы туралы өтініштерді (материалдарды) қарау тәртібіне енгізген өзгерістерінің арқасында пайда болды.
2018 жылғы тамызда Беларусь Республикасының Монополияға қарсы реттеу министрлігі ЕЭК-ке ресейлік компанияның Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) туралы шарттың 76-бабының 2-тармағына сәйкес тыйым салынған жосықсыз бәсекелестіктің мүмкін болатын белгілері туралы өтініші бойынша материалдар жіберді.
Өтініш бойынша айтқанда, ресейлік компания трансшекаралық нарықтағы жұмыстың пайдасын өзіне пайдаланып қалуды ұйғарғанда, Беларусь Республикасының аумағында оның белгісімен араласу дәрежесіне дейін ұқсас тауар белгісін тіркеген компанияның әлдеқашан жұмыс істеп жатқанын анықтайды. Оның үстіне бұл компания Беларусьта франшизаны сатып та үлгереді.
Шын мәнінде, екі компания да өз мемлекеттерінің аумағында тауар белгілерінің заңды құқық иеленушісі болып табылатын және олардың тіркеу туралы тиісті құжаттары болды. Алайда ресейлік компания өз белгісін анағұрлым ерте тіркеген.
Комиссияның бастамасы бойынша даудың қатысушылары Беларусь аумағында тауар белгісінің айрықша құқығын басқаға беру шартын жасасты, сондай-ақ БР Тауар белгілері мен қызмет ету белгілерінің мемлекеттік тізіліміне тиісті өзгерістер енгізілгеннен кейін республика аумағында тауар белгісін пайдаланудың айрықша құқығын беру туралы лицензиялық шарт жасасты.
Жосықсыз бәсекелестік салдарын жою жөніндегі шараларды Комиссия белорустық және ресейлік компаниямен де, сол сияқты Одақ мемлекеттерінің монополияға қарсы органдарымен де келісті.
«Ұсыныста көзделген барлық шаралар толық көлемінде іске асырылғандықтан, өтінішті одан әрі қарау тоқтатылды және оның қайтарып алынуына байланысты кері жіберілді,- деп атап өтті ЕЭК-тің Бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу жөніндегі Алқа мүшесі (Министр) Серік Жұманғарин.- ЕЭК жазалау функцияларын жүзеге асырмай, яғни трансшекаралардағы нарықтарда бәсекелестікті шектеген лауазымды және заңды тұлғаларды жазаламай-ақ бәсекелестіктің ортақ қағидаларының бұзылуының жолын кесті – бірінші рет «жұмсақ құқық» құралын қолданды».