Жүйеге кіру
Еуразиялық интеграцияға 25 жыл: идеядан бастап жұмыс істеп тұрған Еуразиялық экономикалық одаққа дейін

Еуразиялық интеграцияға 25 жыл: идеядан бастап жұмыс істеп тұрған Еуразиялық экономикалық одаққа дейін

17.05.2019
16 мамырда Астана экономикалық форумы шеңберіндегі «Еуразиялық интеграцияға 25 жыл: идеядан бастап іске асыруға дейін» сессиясында мемлекеттік билік органдарының, іскер және сарапшылық топтар мен халықаралық ұйымдардың өкілдері Еуразиялық экономикалық интеграцияның қазіргі заманғы кезеңін, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одақты (ЕАЭО) одан әрі дамыту перспективаларын талқылады. Оның модераторы Еуразиялық экономикалық комиссияның (ЕЭК) Интеграция және макроэкономика жөніндегі Алқа мүшесі (министр) Татьяна Валовая болды.

Сессияны Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасының Қаржы министрі Әлихан Смайылов ашып, ол ЕАЭО-ның жұмыс істеп тұрған бес жыл ішіндегі жетістіктері туралы және Еуразиялық интеграция идеясын іске асырудан күткен үміттің қаншалықты ақталғаны туралы әңгімеледі.

Еуразиялық интеграциялық жобаның пайда болу тарихы, оның қалыптасу кезеңдері, әлемдік өңірлендіру процесінің ЕАЭО-ны қалыптастырудың әртүрлі кезеңдеріне тигізген ықпалы және бизнес-қоғамдастықтың рөлі туралы ЕАЭО Іскерлік кеңесінің президенті Виктор Христенко әңгімеледі. «Одақ туралы шарт негізгі контурларды, мақсаттар мен оларға қол жеткізу мерзімдерін ғана айқындайды. Бірақ олардың құлашын кеңейту және орындау - ұлттық командалар мен үкіметтердің ісі. Одақтың болашағы оның осы бөлігін құруға қаншалықты тиімді қол жеткізе алғанымызға айтарлықтай дәрежеде байланысты болады»,- деп мәлімдеді ол.

Беларусь Республикасының Елшісі Анатолий Ничкасов Еуразиялық интеграциялық жобаны қалыптастырудағы Беларусь Республикасының рөлі, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одақ соның шеңберінде жалпыеуропалық интеграцияның бөлінбес бір бөлігі ретінде көрінетін «интеграциялар интеграциясы» идеясы туралы хабардар етті.

БҰҰ АзТМЭӘК атқарушы хатшысы Армида Салсиа Алисджабана өз сөзінде қазіргі заманғы геоэкономикалық жағдайларға орай өңірлік интеграциялық бірлестіктер арасындағы ынтымақтастықты жолға қоюдың маңыздылығын атап өтті. Атқарушы хатшы ЕАЭО географиясын ескере келгенде, АзТМЭӘК алаңшасының екі Комиссияның интеграциялық құрылыстың түбірлі мәселелері бойынша қазіргі заманғы геоэкономикалық сын-қатерлерге жауап берудегі диалогы үшін өте жақсы орын екенін атап өте отырып, ЕЭК өкілдерін АзТМЭӘК желісі бойынша іс-шараларға қатысуға шақырды.

Өткен жылдың соңында мүше мемлекеттердің басшылары ЕАЭО шеңберінде интеграциялық процестерді одан әрі дамыту туралы декларацияға қол қойды. Декларацияны іске асыру тұрғысында бизнеске не істеу қажеттігі туралы Sberbank Investment Research аға басқарушы директоры, зерттеулер бағытының басшысы Ярослав Лисоволик айтып берді.

Декларацияның түбегейлі бағыттарының бірі адамдар үшін интеграцияның әлеуетін ашу болып табылады. «Жас кәсіпқойлар» Кәсіби қоғамдастықтар мен жұмысшы кадрларын дамыту агенттігі» (Ворлдскиллс Россия)» одағының бас директоры Роберт Уразов білім беру саласындағы интеграциялық процестерді дамыту перспективаларын ұсынды. Ол жылдам интеграцияға ықпал етіп отырған WorldSkills Russia тәжірибесі мен практикасына назар аударды. Бұл колледждер мен техникумдардың бітірушілерін қорытынды аттестаттауға көрсету емтиханы форматында халықаралық стандарттарды енгізу, сарапшылық қоғамдастықты дамыту және өндірістік оқыту шеберлерінің, оқытушылар мен басшылардың біліктілігін арттыру арқылы кәсіби білім беру жүйесіне таңдаулы әлемдік және отандық практикалардың таралымын көбейту.

Еуропалық бизнес қауымдастығының бас директоры Франк Шауфф пен Ресей-Герман сыртқы сауда палатасының атқарушы директоры Кристен Хартен Еуропалық одақ пен Еуразиялық экономикалық одақ арасындағы диалогты жолға қою перспективаларына және Еуропалық бизнестің ЕАЭО-ның бірыңғай нарығындағы жұмысының перспективларына ерекше көңіл аударды.

Сессияның соңында Татьяна Валовая жұмысқа қатысқандары үшін спикерлерге алғысын білдірді және оларды ЕЭК-тің Одақта және шетелде ұйымдастыратын, Еуразиялық тақырыптарға арналған түбірлі іс-шараларына шақырды. Форум шеңберінде Татьяна Валовая бірқатар жұмыс кездесулерін өткізді. ЕЭК министрі АзТМЭӘК атқарушы хатшысы Армида Алисджабанамен алдағы меморандумды, сондай-ақ ЕЭК-тің үстіміздегі жылы АзТМЭӘК іс-шараларына қатысуын талқылады. Жаңартылған Бреттон-Вудск комитетінің атқарушы директоры Марк Узанмен кездесуінің нысанасы жаңартылған Бреттон-Вудск комитетінің желісі бойынша алда тұрған іс-шаралар және оларға ЕЭК өкілдерінің қатысуы болды.

Анықтама
Бүгінгі таңда Комиссия мүше мемлекеттермен бірлесіп Еуразиялық экономикалық интеграцияны дамытудың 2025 жылғы дейінгі стратегиялық бағыттарын айқындайтын құжат дайындауда, ол 2018 жылғы 6 желтоқсандағы ЕАЭО шеңберіндегі интеграциялық процестерді одан әрі дамыту туралы декларацияны іске асыру жөніндегі нақты механизмдер мен іс-шараларды ашып көрсетеді.