Жүйеге кіру
Футболдан Еуропа чемпионатына арналған шетелдік тауарларды кедендік декларациялау тәртібі жеңілдетілді

Футболдан Еуропа чемпионатына арналған шетелдік тауарларды кедендік декларациялау тәртібі жеңілдетілді

17.03.2020

ЕЭК Алқасы 2020 жылы футболдан Еуропа чемпионатын ұйымдастыру және өткізу кезінде немесе оған дайындық бойынша жаттығу іс-шараларын өткізу кезінде пайдалануға арналған шетелдік тауарларды кедендік декларациялау тәртібін жеңілдетті. Бұл орайда сөз мұндай тауарларды арнайы кедендік рәсіммен, сондай-ақ кедендік транзит рәсімімен орналастыру туралы болып отыр.

Еске сала өтсек, топтық кезеңнің үш кездесуін және 2020 жылғы чемпионаттың ширек финалдық матчын Ресейде, Санкт-Петербургте өткізу жоспарланған еді.

Ірі халықаралық спорттық турнирлер үшін жеңілдетілген тәртіптің қолданылуы жалпыға бірдей қабылданған. Ол аталған тауарларға қатысты кедендік операцияларды жеңілдетуге және жеделдетуге, әкімшілік тосқауылдарды әрі чемпионаттың ұйымдастырушылары мен қатысушыларының шығындарын азайтуға көмектеседі.​