Жүйеге кіру
Кедендік тізбеге әткеншектер мен аң көрмелері қосылды

Кедендік тізбеге әткеншектер мен аң көрмелері қосылды

17.03.2020

ЕЭК Алқасы кеден органдары оларға қатысты ЕАЭО сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасының 9508 тауар позициясымен жиналмаған немесе бөлшектелген түрде Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарларды сыныптау туралы шешім қабылдайтын тауарлар тізбесін толықтырды. Бұл орайда сөз тізбеге әткеншектерді, алтыбақандарды, тирлерді және басқадай аттракциондарды, сондай-ақ жылжымалы цирктерді, театрлар мен аң көрмелерін қосу туралы болып отыр.

Осы арқылы бұл тауарларды бірқатар ерекшеліктер айқындалған Одақтың Кеден кодексінің 117-бабына сәйкес кедендік декларациялау үшін жағдайлар жасалды.

Атап айтқанда, жиналмаған немесе бөлшектелген түрдегі, соның ішінде жиынтықталмаған немесе жасалып болмаған, белгіленген кезең ішінде жеке компоненттер түрінде одақтық шекара арқылы тасымалданатын тауар дайын бұйымның сыныптаушы кодын көрсете отырып, осындай тауардың компоненттеріне қатысты бірнеше декларация беру арқылы декларациялануы мүмкін.

Сөйтіп, қабылданған шешім Одақтың СЭҚ ТН 9508 позициясындағы әткеншектерді, алтыбақандарды, жылжымалы аң көрмелерін және басқа тауарларды декларациялау кезінде кәсіпкерлердің уақытша шығындары мен қаржылық шығындарын азайтуға мүмкіндік береді.​