Жүйеге кіру
ЕЭК Алқасы шетелдік іссапарларды тоқтатты

ЕЭК Алқасы шетелдік іссапарларды тоқтатты

17.03.2020

17 наурыздағы отырыста ЕЭК Алқасының мүшелері 2020 жылдың бірінші жарты жылдығында ЕАЭО шегінен тыс іссапарлардан қалыс қала тұруға шешім қабылдады.

ЕЭК Алқасының Төрағасы Михаил Мясникович атап өткендей, мұндай шара коронавирустық инфекцияның пандемиясымен байланысты болып отыр.

Осы қарсаңда ЕЭК Кеңесі коронавирус профилактикасы және оның таралуына қарсы күрес үшін пайдаланылатын кейбір медициналық тауарларға арналған баждарды нөлге түсіру немесе төмендету туралы шешім қабылдады. Сондай-ақ ЕЭК Алқасына коронавирустың таралуы жағдайында жедел шаралар қабылдау және ақпарат алмасып отыру үшін жұмыс тобын құруды тапсырды.​