Жүйеге кіру
ЕЭК Алқасы коронарлық стенттерге кіргізу кедендік бажының нөлдік мөлшерлемесін белгіледі

ЕЭК Алқасы коронарлық стенттерге кіргізу кедендік бажының нөлдік мөлшерлемесін белгіледі

17.03.2015

17 наурызда Еуразиялық экономикалық комиссияның Алқасының отырысында сауда, бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу мәселелері қарастырылды.

Атап айтқанда, ЕЭК Алқасы Еуразиялық экономикалық одақтың (ЕЭО) сыртқы экономикалық іс-әрекетінің бірыңғай Тауарлық номенклатурасына және ЕЭО Бірыңғай кедендік тарифіне өзгертулер енгізді. Коронарлық стенттер ЕЭО СЭІ ТН ішінде ерекше көрсетілді және оларға қатысты 2017 жылдың 19 сәуіріне дейін кіргізу кедендік бажының нөлдік мөлшерлемесі белгіленді. Осы өзгертулерді ұсынған қазақстандық Тараптың пікірі бойынша мұндай шара кардиологиялық аурулардың құнын төмендету үшін қажет.

Сондай-ақ, ЕЭК Алқасы ЕЭО елдері Үкіметтерінің 2013 жылдың 24 қазанындағы Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің «Бәсекелестік туралы» Үлгі заңына қатысты Шешімін орындауының барысын қарастырды. Үкіметтер көрсетілген мерзімде Еуразиялық экономикалық комисссияға өз мемлекеттерінің заңнамасында Үлгі заңның ережелерін қолдау туралы хабардар еткені атап өтілді.

Анықтама

Коронарный стент – кардиологияда қолданылатын, зақымдалған қан тамырына ендірілетін және жүректің қанмен қамтамасыз етілуінің жақсаруына септесетін жұқа металл түтік.​