Жүйеге кіру
ЕАЭО-да ғылыми-техникалық ынтымақтастық туралы халықаралық шарт әзірлеу ұсынылды

ЕАЭО-да ғылыми-техникалық ынтымақтастық туралы халықаралық шарт әзірлеу ұсынылды

17.02.2021

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы жанындағы Ғылыми-техникалық кеңес төралқасының 17 ақпанда ЕЭК штаб-пәтерінде өткен екінші отырысында  осындай бастама  көтерілді.

Отырысқа қатысушылар Еуразиялық экономикалық интеграцияны дамытудың 2025 жылға дейінгі стратегиялық бағыттарын ғылыми сүйемелдеудің мәселелерін,  бүкіл Одақтың  экономикасын жаңғыртуды қамтамасыз ете алатын инновациялық жобаларды, сондай-ақ жұмысқа жастар мен ЖОО-ны тарту мүмкіндігін талқылады.

 

ЕЭК Алқасының Төрағасы Михаил Мясникович атап көрсеткендей,  Комиссия ғылыми қоғамдастықпен өзара іс-қимылға  зор маңыз береді.

 

«Біз Алқада біздің кеңесіміз озық идеялар мен ынтымақтастық жобаларын туындата алады деп санаймыз. Біздің алдымызда барлық мемлекеттің  күш-жігерін біріктіру арқылы  Одақтың барынша өз игілігі өзіне жетушілігіне жәрдемдесу міндеті тұр. Бизнес-қоғамдастықтың бірлескен компаниялар құруға, экспортты ынталандыру мен импортты ұтымды қысқарту уәждемесінің механизмдерін іске қосу керек»,- деді Михаил Мясникович.

 

ЕЭК Алқасының Төрағасы  ЕАЭО-ны тартымды интеграциялық бірлестікке айналдыра отырып, ғылым мен оның интернационалдығын Еуразиялық интерацияның  өзінше бір «цементтеуші орталықтарын» құру  және Еуразиялық ынтымақтастық идеясын ғылым арқылы дәріптеу үшін  пайдалануды ұсынды.

«ЕАЭО шеңберінде шынайы экономикалық құрал бола алатын   ғылыми-техникалық ынтымақтастық туралы халықаралық шарт жобасын әзірлеу орынды болады деп санаймыз. Алғашқы тәсідемелері туралы үстіміздегі жылғы мамырда ЖЕЭК отырысында  әңгіме қозғауға да болар еді»,- деп  атап өтті Михаил Мясникович.

 

ЕЭК Интеграция және макроэкономика жөніндегі министрі, Ғылыми-техникалық кеңес төрағасының орынбасары Сергей Глазьев Стратегия-2025 туралы, оларды іске асыру үшін Комиссияға ғылыми қоғамдастықтың  көмегі әсіресе қажет болатын бағыттары жайында әңгімелеп берді. Атап айтқанда, бұлар – бірлескен ғылыми-зерттеу жұмыстарын ынталандыру, экономикалық дамуға мақсатты  жәрдемдесудің икемді механизмдерін тұжырымдау, бірлескен кооперациялық жобаларды басқарудың тиімді жүйесін құру.

 

«Стратегия-2025-те білім беру, денсаулық сақтау, туризм және спорт саласындағы экономикалық ынтымақтастықты кеңейту де қатталған. Осы бағытта сіздердің  белсенді қолдауларыңызға сенеміз»,- деп атап өтті  Сергей Глазьев. 

ЕЭК   Өнеркәсіп және агроөнеркәсіптік кешен жөніндегі  министрі, ҒТК төралқасының мүшесі Артак Камалян академиялық жұмылғыштық саласында білім беру платформасын құруды ұсынды.

 

«Бұл Одақ мемлекеттерінің студенттеріне  неғұрлым күшті маманданған көшбасшы ЖОО-ларда білім алу мүмкіндігін ұсынады, сондай-ақ Одақтың өзін дәріптеуге де ықпал ететін болады. Академиялық жұмылғыштықты дамыту құралдарының бірі ретінде тиісті Еуразиялық қор құру  мүмкіндігін қараған  маңызды деп топшылаймын»,- деп атап көрсетті Артак Камалян.

ЕЭК Ішкі нарықтар, ақпараттандыру, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар жөніндегі министрі, ҒТК төралқасының мүшесі Гегам Варданян  ЕАЭО шеңберінде деректер айналымы мәселесін шешудің маңыздылығын атап өтті.

«Интеграциялық бірлестік үшін ынталандырудың бірі - деректер айналымы туралы келісім, сондай-ақ реттеуші «құмсалғыштарды» қолдану бола алады деп топшылаймын.   АКТ саласындағы интеграциялық процестерден артық нормативтік жүктемені алып тастау цифрландыруды жеделдету кілттерінің бірі болып табылады»,- деді    Гегам Варданян.

Отырысқа қатысушылар ЕАЭО елдеріндегі ғылым саласындағы өзара іс-қимыл туралы өз ұсыныстарын айтты. Атап  айтқанда, ЕАЭО-да  ғылыми-техникалық ынтымақтастық туралы халықаралық шарт әзірлеу бастамасы бірауыздан қолдау тапты.

«Біздің  елдерімізде ғылыми-техникалық ынтымақтастықты жолға қоюға деген талпыныстар болған да еді, бірақ бұл нәтиже бермеді, өйткені ғылыми ұйымдар интеграциясының механизмі тұжырымдалмады. Жаңа жағдайда және жаңа тығыз форматта мұны іске асыруға қол жетеді  деп үміттенеміз»,- деп атап өтті Қырғызстан Ұлттық ғылым академиясының  президенті Мурат Джуматаев.

Беларусь Ұлттық ғылым академиясы Төралқасы төрағасының орынбасары Александр Кильчевский өз кезегінде ЕАЭО-дағы  ғылыми-техникалық ынтымақтастық туралы халықаралық шарттың тұжырымдамасын әзірлеуге дайындығын білдірді.

Ресей ғылым академиясының  президенті Александр Сергеев  ЕАЭО-да ғылым және технологиялар саласындағы бірлескен кооперациялық жобаларды  тиімді басқару мен қаржыландыру жүйесін қалай құру жайына тоқталды. Қазақстан Ұлттық ғылым академиясының  президенті Мурат Жұрынов Одақтың бірыңғай ғылыми кеңістігін қалыптастыруға қатысты өз пайымын ортаға салды. 

Анықтама

Ғылыми-техникалық кеңес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы Төрағасының 2020 жылғы 13 наурыздағы бұйрығымен  құрылған. Комиссияның ЕАЭО-ны ғылыми-техникалық дамыту мәселелері жөніндегі консультативтік органы ретінде жұмыс істейді. Кеңес төралқадан және сарапшылық топтан тұрады. Төралқа құрамына  Комисияның Алқа мүшелері (министрлер) мен мемлекеттерден екі өкіл: ұлттық ғылым академиясының басшылығы әрі  білім және ғылым саласындағы министрдің орынбасары кіреді. Сарапшылық топ мүше мемлекеттерден сарапшылардың  кең құрамын кірістіреді және осы органның  техникалық сараптамасының қажетті деңгейін қамтамасыз етеді.​