Жүйеге кіру
Аветис Оганесян ЕЭК-тің Сауда саясаты департаменті директорының орынбасары болып тағайындалды

Аветис Оганесян ЕЭК-тің Сауда саясаты департаменті директорының орынбасары болып тағайындалды

IMG_7492.jpg
17.02.2021

Аветис Оганесович Оганесян 1973 жылғы 12 маусымда Ереванда туған.


1995 жылы Арменияның мемлекеттік инженерлік университетін, кейін магистратура мен аспирантураны бітірген.

 

1997-2001 жылдары Армения Республикасының Қаржы және экономика министрлігінде әртүрлі лауазымда жұмыс істеді.

2001-2005 жылдары Армения Республикасының Сауда және экономикалық даму министрлігінде  ДСҰ-мен жұмыс, ЕО-мен әріптестік және ынтымақтастық туралы келісімді іске асыру жөніндегі басқарманың бастығы болды.

2005-2013 жылдары – Женевада (Швейцария) Армения Республикасының Дүниежүзілік сауда ұйымындағы тұрақты өкілі.

2014 жылдан 2018 жылға дейін Ереванда Арменияны Дамыту қорында инвестиция жөніндегі директор, бағдарламалық және жобалық топтың басшысы болды.

2018-2021 жылдары Армения Республикасы Экономикалық даму және инвестициялар министрінің кеңесшісі болып істеді.

2021 жылғы 15 ақпаннан бастап  Еуразиялық  экономикалық комиссияның Сауда саясаты департаменті директорының орынбасары болып тағайындалды.​