Жүйеге кіру
Еуразиялық экономикалық комиссия Дүниежүзілік жануарлар денсаулығын сақтау ұйымымен ынтымақтастықты жалғастырады

Еуразиялық экономикалық комиссия Дүниежүзілік жануарлар денсаулығын сақтау ұйымымен ынтымақтастықты жалғастырады

17.02.2020


Еуразиялық экономикалық одақ елдерінде жануарлар ауруларының таралуын болдырмау үшін жануарлардың Дүниежүзілік жануарлар денсаулығын сақтау ұйымының (ХЭБ) халықаралық стандарттарын қолдану, сондай-ақ оларды ветеринария саласындағы ұлттық және ұлтүсті заңнамаға имплементациялау механизмдері.

Іс-шараға Еуразиялық экономикалық комиссияның Техникалық реттеу жөніндегі Алқа мүшесі (министр) Виктор Назаренко, Беларусь Республикасы Ауыл шаруашылығы және азық-түлік министрінің орынбасары - Ветеринариялық және азық-түліктік қадағалау департаментінің директоры Иван Смильгинь, Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министрі Гүлмира Исаева, ХЭБ Бас директорының орынбасары Жан-Филипп Доп, ХЭБ-тің Мәскеудегі өңірлік өкілдігінің басшысы Будимир Плавшич, сондай-ақ Одақ елдерінің ветеринария саласындағы уәкілетті органдарының басшылары, ХЭБ-тің жетекші сарапшылары мен Комиссия қызметкерлері қатысты.

Іс-шараны Комиссия ХЭБ-тің Мәскеудегі өңірлік өкілдігімен және Нұр-Сұлтандағы ХЭБ-тің Орталық Азия бойынша субөңірлік өкілдігімен бірлесіп ұйымдастырды.

Кеңеске қатысушылар халықаралық стандарттар мен ХЭБ ұсынымдарын ескере отырып әзірленген ЕЭК нормативтік-құқықтық құжаттары жануарлар ауруларына қарсы күресте және жануарлардан алынатын өнімдердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуде маңызды рөл атқаратынын атап өтті.

«ЕАЭО-ның ХЭБ стандарттары мен ұсынымдарын ескере отырып әзірленген ветеринария саласындағы қолданыстағы нормативтік-құқықтық актілері Одақ елдерінде жануарлардың жұқпалы ауруларының таралу қаупінен қажетті қауіпсіздік деңгейін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Комиссия Одақтың заңнамасын ХЭБ құжаттарымен үндестіруді жалғастырады», - деп атап көрсетті Виктор Назаренко.

Кеңесте ЕЭК мен ХЭБ арасындағы Өзара түсіністік туралы меморандумды іске асыру бойынша биылғы жылы аяқталатын пилоттық бағдарламаның орындалу барысы қаралды. Кездесуге қатысушылар Одақ мемлекеттерінің бұдан да белсенді қатысуын көздейтін жаңа үш жылдық бағдарламаны әзірлеу қажеттігін атап көрсетті.

ХЭБ бас директорының кеңесшісі Романо Марабелли бұлтты технологияларға негізделген бірыңғай ақпараттық жүйені таныстыра отырып, жануарлар мен жануарлардан алынатын өнімдердің бірдейлендірілу және қадағалану, Италиядағы ветеринариялық препараттардың қолданылуын бақылау практикасы туралы айтып берді.

Әлемдік тәжірибені пайдалану Одақтың бірыңғай интеграцияланған ақпараттық жүйесі шеңберінде ветеринария саласындағы жалпы ақпараттық процестерді іске асыру жағдайында ЕАЭО елдері үшін айрықша өзекті болып табылады.

Анықтама

Дүниежүзілік жануарлар денсаулығын сақтау ұйымы бүкіл әлемдегі жануарлардың денсаулығына жауапты үкіметаралық ұйым болып табылады. ДСҰ-ның референттік ұйымы ретінде танылған. ХЭБ-тің басты міндеті - жануарлардың денсаулығы мен саламаттығын, ветеринариялық денсаулық сақтауды жақсарту. 182 мемлекет, соның ішінде ЕАЭО елдері ХЭБ мүшесі болып табылады.​