Жүйеге кіру
Еуразиялық экономикалық комиссияның Энергетика және инфрақұрылым жөніндегі министрі Адамкул Жунусовтың «РусАрминфо» ақпараттық агенттігіне берген сұхбаты: «Армения ЕАЭО-ның ортақ электр энергетика нарығының толыққанды қатысушысы болады»

Еуразиялық экономикалық комиссияның Энергетика және инфрақұрылым жөніндегі министрі Адамкул Жунусовтың «РусАрминфо» ақпараттық агенттігіне берген сұхбаты: «Армения ЕАЭО-ның ортақ электр энергетика нарығының толыққанды қатысушысы болады»

16.11.2016

Еуразиялық экономикалық комиссияның (ЕЭК) Энергетика және инфрақұрылым жөніндегі министрі Адамкул Жунусов Еуразиялық апта халықаралық форумы шеңберінде «РУСАРМИНФО» сұрақтарына жауап берді және Арменияның Еуразиялық одақтың (ЕАЭО) бірыңғай энергетика нарығына интеграциялану деңгейін бағалады ​ 

Арменияның ЕАЭО бірыңғай энергетикалық нарығына интеграциялану деңгейін қалай бағалайсыз? Дамудың қандай объективтік мүмкіндіктері бар? 

Адамкул Жунусов: Қазіргі кезде  Еуразиялық экономикалық кеңістікте бірыңғай энергетикалық нарық жоқ, бұл ретте тиісті тұжырымдамалар, бағдарламалар мен халықаралық шарттар негізінде энергетикалық ресурстардың ортақ нарығын кезең-кезеңмен қалыптастыру жүзеге асырылады. 2015 жылғы 8 мамырда ЕАЭО мүше мемлекеттердің басшылары ортақ электр энергетикасы нарығын қалыптастырудың тұжырымдамасын, ал 2016 жылғы 31 мамырда ЕАЭО ортақ газ нарығын және мұнай мен мұнай өнімдерінің ортақ нарығын қалыптастырудың тұжырымдамасын бекітті. Бұл Армения үшін де, мүше мемлекеттердің барлық шаруашылық субъектілері үшін де бәсекелестік ортаны қамтамасыз етуге мүмкіндік беріп, энергия ресурстарына бағалардың тұрақтауына және ұлттық экономикаларды сенімді түрде энергиямен жабдықтауға ықпал ететін болады. Энергия ресурстарының ортақ нарығының жұмыс істеу жағдайында Армения компаниялары ЕАЭО басқа елдерінің  компанияларымен бірдей дәрежеде шаруашылық бизнесін жүргізудің кемсітушіліксіз мүмкіндіктеріне ие болады.

РУСАРМИНФО: Армения ішкі нарықта талап етілетін электр энергиясынан көп энергия өндіреді. Бұдан өзге қазір шығарылатын көлемді көбейтудің нақты мүмкіндіктері бар. Иранның ЕАЭО-мен сауда қарым-қатынастарына мүдделілігін ескере отырып, ЕЭК Иранмен ынтымақтастықты тереңдету шеңберінде көрші Иранға армян электр энергиясын экспорттау көлемін ұлғайту мүмкіндігін қарастыра ма?

Адамкул Жунусов: Біздің ойымызша, электр энергиясы экспортының әлеуетін ЕАЭО шегінен тыс ұлғайту   ЕАЭО ортақ электр энергиясы нарығын қалыптастыру нәтижесінің бірі болмақ. Алайда, бұл әлеует электр берудің мемлекетаралық желілерінің өткізу қабілетіне орай шектеулі. Оған қоса, Арменияның энергия жүйесінің ЕАЭО басқа елдерінің энергия жүйелерімен электр байланысының жоқтығына байланысты жағдай қиындап отыр. Бірақ, Армения-Грузия 400 киловольттық ЭБЖ салу аяқталғаннан кейін мұндай байланыс қамтамасыз етіліп, бұл Армения электр энергиясы компанияларына ЕАЭО ортақ электр энергетика нарығының толыққанды қатысушысы болуға және интеграцияның, соның ішінде электр энергиясы транзиті мен экспорты саласындағы барлық әлеуетті мүмкіндігін іске асыруға септігін тигізеді.

РУСАРМИНИНФО Ресей-Армян ақпараттық агенттігі Еуразиялық экономикалық комиссия ЕАЭО-ға қатысушы елдермен бірге ұйымдастырған  іс-шараның ақпараттық әріптесі болды.