Жүйеге кіру
Одақтың ортақ электр энергетикалық нарығы туралы шарттың форматы ЕАЭО елдері энергетика министрлерінің орынбасарлары дейгейінде келісілді

Одақтың ортақ электр энергетикалық нарығы туралы шарттың форматы ЕАЭО елдері энергетика министрлерінің орынбасарлары дейгейінде келісілді

16.05.2018
 
Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) мемлекеттерінің  энергетика саласындағы уәкілетті органдары басшыларының орынбасарлары Еуразиялық экономикалық одақтың ортақ электр энергетикалық нарығы (ОЭЭН) туралы халықаралық шарттың форматы мен оның  реттелмеген ережелерін талқылады. Олардың кеңесі Еуразиялық экономикалық комиссияның (ЕЭК)  Энергетика және инфрақұрылым жөніндегі Алқа мүшесі (министр) Эмиль Кайкиевтің төрағалық етуімен Комиссия  алаңында өтті.

Кеңес қорытындысы бойынша  тараптар  ортақ электр энергетикалық нарық туралы халықаралық шарт қолданыстағы ЕАЭО туралы Шартқа, атап  айтқанда оған № 21 Қосымшаға өзгерістер енгізу форматында қабылданатын болады деп келісті. Сөйтіп, нарық бойынша  барлық негізгі уағдаластықтар ЕАЭО туралы Шартта қамтылатын болады, бұл негізгі одақтық құжаттың құрылу логикасына сәйкес келеді.

Одақтың ОЭЭН құруға қатысты, атап айтқанда үшінші мемлекеттермен қатынастар бойынша, ЕАЭО туралы Шарттың жекелеген бұрын реттелмеген түзетулері бойынша уағдаластыққа қол жеткізілді. Мысалы,  мемлекеттердің электр энергетикалық субъектілеріне         қатысты міндеттемелерді орындау мақсатында электр энергиясын (қуатты) мемлекетаралық беру осындай беру аумағы арқылы жүзеге асырылатын ЕАЭО қатысушы елінің заңнамасымен реттелетін болады деп айқындалды.

Сондай-ақ ЕЭК Кеңесі шешіміндегі тиісті тапсырманы көздей отырып, Одақтың ортақ электр энергетикалық нарығының жұмыс істеуінің барлық қағидаларын бір мезгілде күшіне енгізуді қамтамасыз етуге шешім қабылданды. Осы шешімге сәйкес  ортақ электр энергетикалық нарық туралы шарт  оған қол қою үшін қажетті рәсімдерді өткізу үшін мүше мемлекеттерге жіберілетін болады.

Бұл ретте тараптар «ортақ электр энергетикалық нарық», «электр энергиясын мемлекетаралық беру» анықтамаларына, сондай-ақ сатылас-интеграцияланған құрылымдардың бөлінуіне қатысты кейбір ережелерді талқылауды жалғастырады. Бұл мәселелерді ЕЭК Алқасының отырыстарының бірінде қарау жоспарлануда.

Бұдан басқа, энергетикалық ведомстволардың басшыларының орынбасарлары Одақтың ОЭЭН жұмыс істеуі қағидаларын әзірлеумен байланысты бірқатар мәселелерді талқылады. Нақты айтқанда, бұлар: электр энергетикасы саласында табиғи монополиялар субъектілерінің  қызметтер көрсетуіне қол жеткізуді қамтамасыз ету, ЕАЭО ортақ электр энергетикалық нарығында электр энергиясының орталықтандырылған сауда-саттығындағы іс-қимылдар жасау мерзімдерін айқындау кезіндегі есептеу валютасы мен бірыңғай уақыт («орташа Еуропалық» немесе «Мәскеулік») мүмкіндіктері. Сондай-ақ Одаққа мүше мемлекеттердің электр энергиясына деген ішкі қажеттіліктерін айқындау талқыланды.Тараптар бұл мәселелерді қарауға бейінді сарапшылардың  сол немесе өзге де шешімдерді қабылдау салдарын қосымша бағалауынан кейін оралуға уағдаласты.