Жүйеге кіру
Тигран Саркисян: «Ұлтүсті институттарын құру кезінде Еуроодақта қабылданған заңдық шешімдер ЕЭК үшін қызықты»

Тигран Саркисян: «Ұлтүсті институттарын құру кезінде Еуроодақта қабылданған заңдық шешімдер ЕЭК үшін қызықты»

16.04.2019

Еуразиялық экономикалық комиссия (ЕЭК) Алқасының Төрағасы Тигран Саркисян мен Еуропалық жария құқық ұйымы (ЕЖҚҰ) Директорлар кеңесінің төрағасы Спиридон Флогаитис ЕЭК-те экономикалық интеграцияның халықаралық-құқықтық негіздерін жетілдіру саласында таңдаулы әлемдік практиканы зерделеу жөніндегі ынтымақтастықтың перспективаларын талқылады.

Тигран Саркисян Комиссияның жұмысы, Одақтың халықаралық құқық субъектісі ретінде қалыптасқандығын растайтын нәтижелерге қол жеткізген Еуразиялық интеграцияның институттары мен мақсаттары туралы әңгімеледі. Ол Еуразиялық экономикалық одақтың (ЕАЭО) жас әрі ЕО-ға қарағанда айрықша экономикалық бірлестік екенін атап көрсетті.

«Біздің Одақтың қалыптасу сатылары Еуропалық одақпен ынтымақтастыққа мүдделі болуға тиіс екендігімізді бағамдайды. ЕАЭО-ның институционалдық негіздерін нығайту - біздің басымдығымыз»,- деп мәлімдеді ЕЭК Алқасының Төрағасы.
 
 Спиридон Флогаитис ЕАЭО мен Еуразиялық экономикалық комиссияның халықаралық қатынастардың жаһандық жүйесіндегі, атап айтқанда Еуразиялық өңірдегі маңыздылығын атап өтті. «Халықаралық байланыстарды дамытуда Еуразиялық экономикалық комиссияның маңызды және белсенді рөл атқаратыны сөзсіз. Менің сапарым ұлтүсті органымен терең де жан-жақты ынтымақтастықты дамытуға деген біздің тілегіміз бен ниетімізді растайды»,- деп атап өтті ЕЖҚҰ Директорлар кеңесінің төрағасы.

Кездесу барысында Тигран Саркисян ұлтүсті институттарын қалыптастыру кезінде Еуроодақта қабылданған заңдық шешімдер ЕЭК үшін қызықты екенін атап өтті. Басты назар Еуропалық одақтың ұлтүсті компанияларының құқықтық мәртебесін қолдану саласындағы практикасына, сондай-ақ интеграциялық құрылыстың әрбір сатысында ұлтүсті органына ұлттық өкілеттіктерді беруге аударылды.
«Қазір Комиссия Еуропалық ұлтүсті компанияларының құқықтық мәртебесін, Еуропалық одақтың құқықтық өріс қалыптастыру және тауарлардың ғана емес, сонымен бірге біздің одақтық құқығымызға имплементациясы тұрғысынан да компаниялардың еркін қозғалысы құралдарын енгізу тәжірибесін зерделеуде. Бұл заңнама кәсіпорындарға қандай құқықтар мен міндеттер қояды, ол интеграцияны қаншалықты ынталандырады – міне бізді бәрінен бұрын осылар қызықтырады»,- деп атап көрсетті ЕЭК Алқасының Төрағасы.
Кездесу соңында тараптар институционалдандыру және ынтымақтастық перспективаларын талқылады. Бұл үшін, атап айтқанда, өзара мүдделілік білдірілген бағыттарды баяндай отырып, өзара түсіністік туралы құжат әзірлеу белгіленді.

Анықтама

Еуропалық жария құқық ұйымының (ЕЖҚҰ) негізі 2007 жылы Грекияда қаланған. 17 ел, 70-тен астам ұлттық университет оның мүшесі болып табылады.
Ұйымның мақсаты – мемлекеттердің, халықаралық және интеграциялық бірлестіктердің, атап айтқанда ЕО-ның құқықтарын зерделеу және дамыту, құқық және мемлекеттік басқару саласында талдамалы зерттеулер жүргізу, сондай-ақ халықаралық, жария және жекеше құқық саласындағы техникалық қолдау.
Ұйымның Халықаралық еңбек ұйымы (ХЕҰ), Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымы, Халықаралық көші-қон ұйымы (ХКҰ), Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы жанындағы байқаушы мәртебесі бар.