Жүйеге кіру
ЕАЭО-да коронавирустың таралуына қарсы күрес жөнінде бірлескен шаралар қабылданады

ЕАЭО-да коронавирустың таралуына қарсы күрес жөнінде бірлескен шаралар қабылданады

16.03.2020

ЕЭК Кеңесі коронавирус профилактикасы және оның таралуына қарсы күрес үшін пайдаланылатын кейбір медициналық препараттарға арналған баждарды нөлге түсіруге немесе төмендетуге шешім алды. Шешім Армения және Қырғызстан тараптарының COVID-19 таралуымен байланысты келісілген шаралар мен ұсынымдар тұжырымдау туралы ұсыныстарын қарау нәтижелері бойынша қабылданды.

ЕЭК Алқасының Төрағасы Михаил Мясникович атап өткендей, қағидатты шешім қабылданды. Таяу уақытта тараптардың сарапшылары вирустық инфекцияның таралуын алдын ала ескерту және болдырмау үшін қажетті тауарлардың нақты тізбесін келіседі.

Бұдан басқа, Кеңес мүшелері ЕЭК Алқасына коронавирустың таралуы жағдайында макроэкономикалық тұрақтылықты, тауарлардың өзара саудасын және жұмыс күшінің ЕАЭО кеңістігіндегі еркін қозғалысын қамтамасыз ету мақсатында жедел шаралар қабылдау әрі ақпарат алмасып отыру үшін жұмыс тобын құруды тапсырды.​