Жүйеге кіру
ЕЭК ЕАЭО-дағы өнеркәсіптік ынтымақтастықтың 2025 жылға дейінгі негізгі бағыттары бойынша ұсыныстар дайындады

ЕЭК ЕАЭО-дағы өнеркәсіптік ынтымақтастықтың 2025 жылға дейінгі негізгі бағыттары бойынша ұсыныстар дайындады

Фото-Готовский-Основн. направления промсотр-ва до 2025.jpeg
16.03.2020

13 наурызда «Жоғары технологиялық жобаларды тиімді іске асыруға арналған цифрлық технологиялар мен қаржы құралдары» және «ТМД елдері өнеркәсібіндегі халықаралық кооперацияның желілік платформалары» сессиялары шеңберіндегі ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің жыл сайынғы Халықаралық экономикалық форумында Еуразиялық экономикалық комиссияның Өнеркәсіптік саясат департаменті директорының орынбасары Александр Готовский: «ЕЭК-тің өнеркәсіптік блогы ЕАЭО шеңберіндегі өнеркәсіптік ынтымақтастықтың 2025 жылға дейінгі негізгі бағыттарының жобасын дайындады», – деп хабарлады.

 
Александр Готовский ұсыныстардың бизнес пен ғылыми-сарапшылық қоғамдастықтың бастамалары негізінде дайындалғанын мәлімдеді. Ұсыныстар бес блокқа бөлінген, олар: ортақ нарықтың әлеуетін іске қосу, экспорттық нарықтардағы бірлескен жұмыс, инновациялық ынтымақтастық, өнеркәсіпті цифрландыру, өнеркәсіптік интеграцияны тереңдету.

 

«Негізгі бағыттардың басты мақсаты - әлемдік нарықта ЕАЭО-ның зиятты әрі бәсекеге қабілетті тиімді өнеркәсібін құру үшін ынтымақтастықтың жаңа сапасын қалыптастыру», – деп атап көрсетті Александр Готовский.

 

Құжаттың ерекшелігі – мемлекетаралық бағдарламаларды іске асыру, инвестициялық және инновациялық жобаларды іске қосу, Еуразиялық құзырет орталықтарын құру түрінде нәтижелерге жетуге ерекше көңіл аудару болып табылады.


Мұның қорытындысы өнеркәсіп өндірісі, кооперациялық жеткізілімдер, өзара тауар айналымы, өзара инвестицялар, үшінші елдердің нарықтарына тауарлар мен қызметтер көрсету экспорты көлемдерінің артуы болуға тиіс.

 

«Біз жобалық-бағдарламалық тәсілдемеге көшуді жоспарлап отырмыз.Көзкөрім болашақтың өзінде Одақ елдеріндегі әрбір өнеркәсіптік кешен одақтас мемлекеттердің кәсіпорындарымен ортақ өндірістік тізбекте болады. Біздің мақсатымыз – ішкі нарықты дамыту және сыртқы нарықтарға бірлесіп шығу үшін біздің елдеріміздің өнеркәсіптік кешендері арасындағы өндірістік және технологиялық байланыстардың саны мен сапасын арттыру», – деп түйіндеді Александр Готовский.​