Жүйеге кіру
ЕАЭО ҚХР-дан әкелінетін табақты рессорларға демпингке қарсы баж енгізеді

ЕАЭО ҚХР-дан әкелінетін табақты рессорларға демпингке қарсы баж енгізеді

16.02.2021

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы 16 ақпанда  Қытай Халық Республикасында шығарылатын рессорларға және олардың табақтарына қатысты демпингке қарсы баж енгізу туралы шешім қабылдады. Шара бес жыл мерзімге енгізіледі, баж кедендік құннан 14,11% құрайды. 


Қарастырылып отырған өнім жүк автомобиль көлігін, жүк-жолаушы көлігін, автобустарды, троллейбустарды, тракторларды, тіркемелер мен жартылай тіркемелерді, карьер, құрылыс және жол-құрылыс техникасын өндіруде және жөндеуде қолданылады.

Тиісті тергеп-тексеруді ЕЭК-тің Ішкі нарықты қорғау департаменті «Чусовск металлургия зауыты» АҚ берген  арыздың негізінде жүргізді. Оның барысында алынған ақпарат ҚХР-дан әкелінетін рессорлардың демпинг импорты бар екендігі, сондай-ақ Еуразиялық  экономикалық одаққа мүше мемлекеттер экономикасының  саласына материалдық нұқсан  келтіретіні жайында тұжырым жасауға мүмкіндік берді.

«Демпингке қарсы шараны қолдану ішкі нарықты Қытай компаниялары тарапының жосықсыз бәсекелестігінің қолайсыз әсерінен қорғауға мүмкіндік береді, Одақта ұқсас тауарды орнықты өндіруге жәрдемдесетін болады, бұл өз кезегінде мүше мемлекеттердің бюджеттеріне салық аударымдарының ұлғаюына және тұтынушыларды рессорлармен тұрақты қамтамасыз етуге алып келеді»,- деп атап өтті ЕЭК  Сауда жөніндегі Алқа мүшесі (министр) Андрей Слепнев.

 

Бұдан басқа, оның сөзінше, ЕАЭО-ның барлық мүше мемлекетінің  нарықтарында  баға жағдаяты мониторингі өткізілетін болады.


Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.​