Жүйеге кіру
ЕЭК зергерлік өнеркәсібі үшін асыл тастарға арналған импорттық бажды нөлге түсірді

ЕЭК зергерлік өнеркәсібі үшін асыл тастарға арналған импорттық бажды нөлге түсірді

16.02.2021

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы 16 ақпанда  асыл және жартылай асыл тастардың жекелеген түрлеріне арналған кедендік әкелу бажы ставкаларын екі жыл мерзімге нөлге теңестіру туралы шешім қабылдады. Атап айтқанда, сөз зергерлік өнеркәсіпте қолданылатын табиғи немесе жасанды зүбәржат, жақұт, лағыл, нефрит, александрит және т.б. туралы болып отыр.

«Еуразиялық  экономикалық одақ елдерінде зергерлік бұйымдар   әзірлеу үшін түрлі-түсті асыл және жартылай асыл тастардың өндірісі  қолда бар сұранысты қанағаттандырмайды. Осыған байланысты шикізатқа арналған баж ставкасын төмендету  зергерлік саладағы  шығындарды қысқартуға  және дайын зергерлік бұйымдардың ішкі нарықта да, сыртқы нарықта да бәсекеге қабілеттілігін  арттыруға ықпал ететін болады»,- деп мәлімдеді  ЕЭК Сауда жөніндегі Алқа мүшесі (министр) Андрей Слепнев.

 

ЕЭК Алқасы ЕАЭО СЭҚ ТН-да салмағы 0,3 караттан аз табиғи алмастарды жеке он таңбалы код деңгейінде де бөліп көрсетті. Бұл тауарлардың сыртқы саудасын кедендік-тарифтік реттеу шараларын одан әрі дәлдеп өзгерту мүмкіндігі мақсатында олардың ЕАЭО аумағына әкелінуін есепке алуға және талдауға мүмкіндік береді.  

ЕЭК Алқасының шешімі Еуразиялық үкіметаралық кеңестің 2019 жылғы 25 қазандағы  №17 өкімінде көзделген мүше мемлекеттердің зергерлік өнімін үшінші елдердің нарығына ілгерілету жөніндегі іс-шараларды іске асыру шеңберінде қабылданды.

Құжаттың күшіне енуі Комиссия Кеңесінің ЕАЭО СЭҚ ТН енгізілетін өзгерістерді ескеретін жекелеген шешімдерінің күшіне ену күнімен қадамдастырылған.​