Жүйеге кіру
Адамкул Жунусов: «Сарапшылардың ұсынымдары Одақтың ортақ энергетикалық нарығын құру кезінде пайдаланылатын болады»

Адамкул Жунусов: «Сарапшылардың ұсынымдары Одақтың ортақ энергетикалық нарығын құру кезінде пайдаланылатын болады»

Безымянный.jpg
15.12.2017

«Еуразиялық экономикалық одаққа (ЕАЭО) мүше мемлекеттердің энергия қауіпсіздігі, энергия үнемдеу, энергия тиімділігі және экология   саласындағы отын-энергетикалық кешенін талдау және перспективалары» ғылыми-практикалық конференциясы барысында  Еуразиялық экономикалық комиссияның (ЕЭК) Энергетика департаменті мен Ресейдің Ұлттық энергия үнемдеу, энергетикалық тиімділікті арттыру саласындағы ұйымдардың салааралық одағы арасында  ынтымақтастық туралы бірлескен мәлімдемеге қол қойылды.

Мәлімдеме мәтінінде баяндалғандай, оның негізгі мақсаты тараптардың энергия үнемдеу, энергетикалық тиімділікті арттыру және энергияның жаңғыртылған көздерін пайдалану саласындағы ынтымақтастығын дамытуға жәрдемдесу болып табылады. Тараптар ынтымақтастық мәселелері бойынша, соның ішінде мүше мемлекеттердегі энергия үнемдеу, энергетикалық тиімділікті арттыру және энергияның жаңғыртылған көздерін пайдалану саласында консультациялар өткізуге ниетті.

ЕЭК Энергетика департаменті үшін Леонид Шенец, Ұлттық энергия үнемдеу одағы үшін оның президенті Леонид Рокецкий қол қойды.

Комиссия алаңында өткен іс-шарада ЕАЭО елдерінің бейінді институттарының сарапшылары Одақтың ортақ энергетикалық нарығын құру проблемалары мен перспективаларына қатысты өз пікірлерін білдірді.
Іс-шараны ашқан ЕЭК Энергетика және инфрақұрылым жөніндегі Алқа мүшесі Адамкул Жунусов сарапшылардың ұсынымдары Одақтың ортақ энергетикалық нарығын құру кезінде пайдаланылатын болады, деп сенім білдірді.

«Ортақ нарықты құру Одақ елдері экономикаларының үздіксіз энергиямен қамтамасыз етілуіне ықпал етеді» деп санайды ЕЭК Энергетика департаментінің директоры Леонид Шенец. Оның айтуынша, ортақ энергия нарығын кезең-кезеңімен құру жөніндегі жоба шеңберінде мүше мемлекеттер энергетика саласындағы ұзақ мерзімді өзара тиімді ынтымақтастықты дамытады, үйлестірілген энергетикалық саясат жүргізеді.

Леонид Шенецтің  ақпаратына қарағанда, бүгінгі таңда ЕЭК-те 2014 жылғы 29 мамырдағы Одақ туралы шарттың ережелерін жетілдіру жұмыстары жалғасуда. Мысалы, құжат бөлімдерінің  біріне мүше мемлекеттердің Комиссияның қатысуымен Одақ шеңберінде үйлестірілген энергетикалық саясат жүргізу қағидаттарын әзірлеуіне байланысты позицияларды қосу  ұсынылуда. Соның ішінде бұлар - энергия үнемдеу, энергетикалық тиімділікті арттыру және энергияның жаңғыртылған көздерін пайдалану саласындағы ынтымақтастық, экологиялық жағдайды жақсарту және атом энергиясын бейбіт мақсаттарға пайдалану.

ЕЭК Энергетика департаментінің директоры Комиссияның  елдермен бірлесіп Одақтың мұнай және мұнай өнімдері нарықтарын құру бағдарламасы мен  Газдың ортақ нарығын құру бағдарламасын әзірлегенін еске салды. Екі жағдайда да биржалық сауда жобалардың негізін құрайтын болады.

«Қазіргі жұмыс істеп тұрған ЕАЭО газ нарығының газ-көлік жүйесі жағдайында биржалық сауданы дамытудың барлық негіздері бар»,- деп санайды Ресейдің аса ірі тауар биржасының бірі  - Санкт-Петербург халықаралық тауар-шикізат биржасының (СПбХТШБ) басқарушы директоры Алексей Рыжиков.Ол ЕАЭО елдерінің мұнай өнімдері нарығының әлеуеті өте жоғары, Қазақстанның, Беларусьтың тиісті биржалық сауда тәжірибелері бар деп бағалайды.

Бұл ретте СПбХТШБ «Мұнай өнімдері» секциясында Ресей Федерациясы аумағынан тыс, ЕАЭО елдерінде өндірілген, Ресейге жеткізілген мұнай өнімдерінің сауда-саттығы қазірдің өзінде жүргізілуде. Негізгі – импортер Беларусь Республикасы, деді Рыжиков. Импорттың жалпы көлемі 2013 жылдан бастап 27,34 млрд.рубльден астам сомадағы 816 мың тонна мұнай өнімдерін құрады.

Бүгінгі таңда газ саудасы РФ-те  екі  жерде - Надым және Вынгапуровская баланстық пункттерінде жүзеге асырылуда. Биржалық газ Беларусь пен Қазақстанның шекарасына дейін тасымалданады. Демек, бұл мемлекеттер екі баланстық пункттен газ жеткізілетін биржалық саудаға қосылуы мүмкін. Қазақстанның газ тасымалдау желісі РФ Еуропалық бөлігін және Уралды газбен жабдықтаудың бірыңғай жүйесіне қосылған. Александров Гай және Петровск компрессор станцияларының ауданында баланстық пункттер құру Қазақстан Республикасының газын Ресей нарығына шығаруға көмектеседі.

СПбХТШБ өкілі ЕАЭО-ның биржалық газ нарығының нормативтік-құқықтық негізін құру жөніндегі ұсыныстарды да хабарлады. Бұл - РФ  «Газ экспорты туралы»  № 117 ФЗ-на, РФ Үкіметінің № 566 қаулысына, және басқа да құжаттарға енгізілетін өзгерістер. 

Рыжиковтың пікірінше, Ресейдің  ЕАЭО мүше мемлекеттерімен кедендік шекарасынан газдың өту тәртібі мен шарттарын реттейтін нормативтік құқықтық құжаттарға өзгерістер енгізу, сондай-ақ әріптестердің газ алуының нақты көлемдерінің шарттық көлемдерден (тұтастай алғанда  тәулік  және ай бойына)  ауытқуы жағдайындағы іс-әрекетінің тәртібін келісу де маңызды. Бұдан басқа ЕАЭО мүше мемлекеттері тарапынан сауда-саттыққа қатысушылар құрамын айқындау, оларды сауда-саттыққа жіберу тәртібін келісу қажет.

Леонид Шенецтің түсіндіруінше, ЕАЭО-ның бес елінде ортақ энергетикалық нарықты іске қосу мақсатында оны үндестірудің ауқымы мен дәйектілігін анықтау үшін Комиссия Одақтың барлық елдері бойынша нормативтік-құқықтық базаның тізбесіне талдау жүргізуде.