Жүйеге кіру
Қырғызстанда «Еуразиялық аптада» АТМӨ және ЕАЭО нарықтарындағы артық өндіру мен сауда жанжалдарын болғызбау проблемаларын талқылайды

Қырғызстанда «Еуразиялық аптада» АТМӨ және ЕАЭО нарықтарындағы артық өндіру мен сауда жанжалдарын болғызбау проблемаларын талқылайды

15.08.2019
25 қыркүйекте «Еуразиялық апта - 2019» IV халықаралық көрме форумы алаңында Еуразиялық экономикалық комиссияның (ЕЭК) Сауда жөніндегі Алқа мүшесі (министр) Вероника Никишинаның қатысуымен «ЕАЭО: жаһандық нарыққа интеграция және АТМӨ нарықтарындағы мүмкіндіктер» панельдік пікірсайысы болады.

«Бүгінде ЕАЭО-ның қатысушы елдеріне өз экономикаларының қалыптасқан интеграциясын жаһандық нарыққа ақылға қонымды тұрғыда капиталдандырған маңызды. Өзіне өскелең сұраныстағы орнықты даму экономикаларын кірістіріп отырған Азия-Тынық мұхит өңірі бағыты перспективалы болып табылады. Бұл өңірдің орасан зор әлеуетін ескере отырып, нарықтарға өзара қатысуды кеңейту үшін бізге жұмыс векторларын айқындау, кооперация мен тауар айналымы өсуінің драйверлерін анықтау қажет. Осының бәрін форумда талқылаймыз»,- деді ЕЭК-тің Сауда жөніндегі министрі, Форумның ұйымдастыру комитетінің төрағасы Вероника Никишина.

Панельдік пікірсайыс шеңберінде бүгінде неғұрлым ашық көрінген өсу әлеуеті байқалатын, елдер тауарларының экспортын кеңейту үшін мүмкіндіктер бақыланатын тауар нарықтары мен қызметтер көрсету нарықтарын айқындау бағамдалады. Осымен бір мезгілде, сауда жанжалдарын және экономикалық дамуды тежеу тәуекелдерін болғызбау үшін артық өндіру проблемаларын АТМӨ елдерімен қалай бірлесіп шешуге болатыны талқылаудың маңызды нысанасына айналады.

Панельдік пікірсайысқа қатысуға Армения Республикасының Экономика министрі Тигран Хачатрян, Беларусь Республикасының Экономика министрі Дмитрий Крутой, Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов, Қырғыз Республикасының Экономика министрі Санжар Муканбетов, Беларусь Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Андрей Евдоченко, Ресей экспорт орталығының бас директоры Андрей Слепнев, Қырғыз өнеркәсіпшілері мен кәсіпкерлері одағының президенті Данил Ибраев, Корей халықаралық экономикалық саясат институтының президенті Ли Чже Йон, АСЕАН бас хатшысының орынбасары Аладдин Рилло, ШЫҰ бас хатшысы Владимир Норов, ҚХР Коммерция министрінің орынбасары Ван Шоу Вэнь және басқалар шақырылды.

ЕАЭО өзі құрылған сәттен бастап көптарапты сауда жүйесіне кірігудің және өткізу нарықтарының шекараларын кеңейту үшін тереңдетілген өңірлендіру мүмкіндіктерін пайдаланудың ашық саясатын жүргізіп келе жатқаны мәлім. ЕАЭО экономикаларының АТМӨ экономикаларымен интеграциясын күшейту осы саясаттың табысқа жетуінде елеулі рөл атқарады. Бұл үшін салмақты негіздер бар – ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің АТМӨ елдерімен өзара саудасы тұрақты түрде өсіп келеді және 2018 жылы 294 млрд АҚШ долларынан асып түсті, бұл ЕАЭО-ның барлық сыртқы сауда айналымының 40% дерлік көлемін құрайды. Бұдан басқа, бүгінде АТМӨ жаһандық интеграциялық ағыстардың орталығы болып бой көрсетіп отыр: мысалы, 2018 жылы наурызда ТрансТынық мұхиттық әріптестік туралы тұтастай қамтитын және озық келісімге қол қойылды. Оған кіретін елдер әлемдік ЖІӨ-нің 13%-дан астамын жасайды.

ЕАЭО АТМӨ өңірінде 2016 жылғы қазаннан бастап Вьетнаммен еркін сауда режімін орнатқан, АТМӨ-нің және бірқатар елдерімен - Сингапурмен, Үндістанмен еркін сауда туралы келісім әзірлеу жөнінде белсенді жұмыс жүргізілуде. Таяу уақытта ҚХР-мен сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы келісім күшіне енеді, Бангладешпен, Камбоджамен, Кореямен, Перумен, Таиландпен, Чилимен, Эквадормен ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойылды.

Көбірек ақпарат eurasianweek.com сайтында.