Жүйеге кіру
ЕЭК-та ББҚ-ның еркін айналымы жөніндегі мәселелер қаралды

ЕЭК-та ББҚ-ның еркін айналымы жөніндегі мәселелер қаралды

150724_012.JPG
15.06.2018

Ресей Федерациясында өткізілетін, асқа қосылатын биологиялық белсенді қоспалардың (ББҚ) заттаңбаларының мазмұнына, Еуразиялық экономикалық одақтың (ЕАЭО) техникалық регламенттерінде көзделген талаптардан да жоғары талаптар қойылуы тиіс. ЕЭК-ның Ішкі нарықтардың жұмыс істеуі департаменті тарапынан 15 маусымда ұйымдастырылған жиналысқа қатысқан Ресейдің тұтынушылар құқықтарын қорғау саласындағы қадағалау қызметінің өкілдері бизнес пен Еуразиялық экономикалық комиссияның (ЕЭК) бұл пікірімен келісті.

Бірқатар өндіруші, Одақтың техникалық регламенттеріне сай келетін ББҚ-ға қосымша талаптардың қойылып-қойылмайтынын, соның ішінде таңбаламаға қосымша ақпараттың жазылып-жазылмайтынын анықтау үшін Комиссияға жүгінді. Ұсынылған ақпаратқа сәйкес, Ресейдің жекелеген қалалары мен елді мекендеріндегі Ресейдің тұтынушылар құқықтарын қорғау саласындағы қадағалау қызметінің аумақтық бөлімшелері, ББҚ-ның заттаңбаларында техникалық шарт пен мемлекеттік тіркеу нөмірлері болмағаны үшін дәріханаларға айыппұл салды, себебі тиісті ақпарат ресейлік Санитарлық ережелер мен нормаларға сай ұсынылуы тиіс. Бұл арада, ББҚ-лар Кедендік одақтың техникалық регламенттерінің талаптарына сай келгенімен, өнімдер айналымнан шығарылып тұрды.

Жиналысқа қатысқан ЕЭК мамандары, ЕАЭО елдерінде айналымға шығарылатын ББҚ-лар Одақтың техникалық регламенттеріне сәйкес келуі тиіс екенін және оларға ұлттық заңнамалар тарапынан қосымша талаптар қойылуы мүмкін емес екенін мәлімдеді.