Жүйеге кіру
ЕЭК Министрі Нұрлан Алдабергенов айтуынша: «ЕЭК – ЕЭО төңірегінде күрделі бәсекелестік жағдайында бизнес үшін тең мүмкіндіктерді қамтамасыздайтын кепілгер болып табылады»

ЕЭК Министрі Нұрлан Алдабергенов айтуынша: «ЕЭК – ЕЭО төңірегінде күрделі бәсекелестік жағдайында бизнес үшін тең мүмкіндіктерді қамтамасыздайтын кепілгер болып табылады»

15.06.2015

12 маусымда Минскте «Еуразия экономикалық одағы. Бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу» атты халықаралық конференцияда Еуразия экономикалық комиссияның бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу жөніндегі Алқа Мүшесі (Министр) Нұрлан Алдабергенов бәсекелестік аясындағы Комиссия өкілеттігін түсіндірді, ЕЭО трансшекаралық нарықтардағы бәсекелестік ережелерінің ықтимал бұзушылықтары орын алатын мысалдарды келтірді.

Конференция ЕЭК М.С. Кунявский (Кунявский атындағы КЖБО) атындағы кәсіпкерлер және жалдаушылар Бизнес-одағымен бірге ұйымдастырылды. Іс-шарада Беларусь Республика парламентінің, Беларусь Республикасындағы Қазақстан Республикасының Елшілік, Беларусь Республикасындағы Ресей Федерациясының Елшілік, Беларусь Республикасындағы Армения Республикасының Елшілік, ЕЭО Сотының, Беларусь Республикасының мемлекетік органдар, ғылыми және бизнес-қоғамдастықтар өкілдері қатысты.

 Өз сөз сөйлеуінде Нұрлан Алдабергенов «Бәсекелестік туралы» Моделдік Заң нормасының іс жүзінде ЕЭО мүше-мемлекеттерінде ұлттық заңнамада асу қорытындыларын, сонымен қатар жеке трансшекаралық нарықтар зерттеу нәтижелерін, соның ішінде апатитты концентратына, азық-түлік тауарларына, әуе-және темір жол тасымалдауларына, халықаралық роумингке қатысты мағлұматтарды ұсынды.

Сонымен қатар, ЕЭК Министрі монополияға қарсы реттеу және мемлекеттік сатып алулар аясындағы ЕЭО туралы Келісім-Шартты іс жүзінде жүзеге асыру үдерісі, Одақ мүше-мемлекеттерінде мемлекеттік сатып алулар нарығында қолжетімділікке кедергі тудыратын кедергілерді жою әрекеті туралы сөз көтерді.

 Іс-шара қатысушылары конференция нәтижелерімен қанағат еткендігін білдірді және аймақтарда түсіндірмелі жұмыстар өткізілу қажеттігін атап отырып, кейінірек, диалогқа дайындығын растады.

 Іс-шара қорытындысында ЕЭК және Кунявский атындағы КЖБО арасындағы Меморандумға қол қойылды. Меморандумға сәйкес Бизнес-одақ шаруашылық жүргізуші субъектілерді және тұтынушыларды ЕЭО трансшекарылық нарықтарындағы әділетсіз бәсекелестіктен сақтану механизмдері туралы құлақтандырады, сонымен қоса, ЕЭК ЕЭО трансшекаралық нарықтардағы жалпы бәсекелестік ережелерінің бұзушылықтары орын алған жағдайлары туралы хабарлайды. ЕЭК, өз кезегінде КЖБО түскен бұзушылық туралы ақпаратты қарастыруды қамтамасыздайды және өз құзыреті шамасында шаралар қолданады.