Жүйеге кіру
ЕЭК АӨК және Өнеркәсіп бойынша министрі Сергей Сидорскийдің «Біртұтас экономикалық кеңістік: өнеркәсіптік дамудың жаңа мүмкіндіктері» Бизнес-форумындағы баяндамасы

ЕЭК АӨК және Өнеркәсіп бойынша министрі Сергей Сидорскийдің «Біртұтас экономикалық кеңістік: өнеркәсіптік дамудың жаңа мүмкіндіктері» Бизнес-форумындағы баяндамасы

15.06.2012

15.06.2012

2012 жылдың 15 маусымындағы бизнес-форумда Агроөнеркәсіптік кешен және өнеркәсіп бойынша министр – Алқа мүшесі  С.С. Сидорскийдің баяндамасы жасалды.

Агроөнеркәсіптік кешен және өнеркәсіп бойынша министр – Алқа мүшесі  С.С. Сидорскийдің 2012 жылдың 15 маусымында бизнес-форумдағы БАЯНДАМАСЫНЫҢ  ТЕЗИСІ

Құрметті ханымдар мен мырзалар! Әріптестер!

Сіздерді Ресейдің жаңаруының символы саналатын қалада қарсы алуға рұқсат етіңіздер. Петровск реформалары, Қазан төңкерісі – еуропалық және әлемдік дамудың жолдарын анықтап, осы жерде туған және дамып жетілген кезеңдер. Біртұтас экономикалық кеңістіктегі өнеркәсіптік дамудың жаңа мүмкіндіктерін талқылау тақырыбы болып табылатын бұл конференция осы тарихи мекенде өтуі символ мәнді.   Біз өзгерістері серпінді әлемде өмір сүреміз. Маңызды әлемдік оқиғалардың тығыздығы үнемі өсіп отырады. Біздің өркениетіміздің күші сол, біз адамдық, қаржылық, техникалық және интеллектуалдық ресурстарды біріктіре отырып, қазіргі заманның шақыруларына ашық түрде жауап бере аламыз. Міне, нақты осы парадигма Ресей, Қазақстан және Беларусь жүзеге асырып отырған ықпалдастық жоспарға енгізіліп отыр.  Кеден одағы және Біртұтас экономикалық кеңістікті қалыптастыру бойынша біздің ел басшыларының саяси шешімдері сауда-саттық, техникалық, санитариялық, бағалау, көші-қон және басқа кедергілерді бөлектеп шектемей, болашағын бірге құрғысы келген, тағдырлары ғасырлар бойы араласып жатқан халықтың ынтасын жүзеге асырды. Бүгінгі күні тарихи өлшеммен алғанда қысқа мерзім ішінде БЭК жүйесіндегі жұмыс кезеңіне қорытынды шығарып, жағымды ықпалдастық алға басулар туралы айтуға болады. Еуразиялық ықпалдастық тарихы сонау 1995 жылға барып тіреледі, ол кезде Кеден одағын құру туралы Беларусь пен Ресей арасында Кеден одағы туралы келісім-шартқа қол қойылды бұған кейінірек Қазақстан қосылды. 1996 жылы Экономикалық және гуманитарлық салалардағы ықпалдастықты тереңдету туралы келісім-шарт қабылданды, аталған үш мемлекетпен Қырғызстан қол қойды. Ал үш жыл өткен соң, 1999 жылы Кеден одағы және Біртұтас экономикалық кеңістікті ұйымдастыру туралы келісім-шартты Тәжікстанмен бірге үшеуі қабылдады. 2000 жылы Еуразиялық экономикалық қауымдастығы ұйымдастыру туралы келісім-шартқа сәйкес бұл бес мемлекетпен бірге бірқатар еуразиялық ықпалдастық және әртүрлі деңгейдегі жұмыс органдарын (Мемлекет басшылары және үкімет басшылары деңгейіндегі мемлекетаралық кеңестер, Ықпалдастық комитет және оның Хатшылығы, Парламентаралық ассамблея, Тұрақты өкілдердің комиссиясы) қалыптастырумен жаңа ықпалдастық бірлестік пайда болады. ЕурАзЭС бүгінгі таңда да бұрынғы Кеңес Одағы аумағындағы ықпалдастық процестерде маңызды рол атқарады, сондай-ақ, халықаралық ұйым ретінде халықаралық ынтымақтастықтарға белсене ат салысады. Біздің біріккен болашағымызға орайлас алғашқы шынайы қадам осылай жасалған еді. Жаңа ықпалдастық одағын жасау қадамының негізінде әртүрлі идеялар мен талдаулар жатты, олардың кейбіреуі солайша соңына дейін жүзеге асқан да жоқ. Мәселен, Беларусь, Қазақстан, Ресей және Украиналардың қатысуы арқылы «төрттік» шеңберінде Біртұтас экономикалық кеңістікті құру идеясы. Дегенмен бұның барлығы бекер болған жоқ, біздің еңбегіміз далаға кеткен жоқ. Біз әлемдік тәжірибеден, сондай-ақ, өзіміздің қателіктеріміз арқылы үйрендік. 2008 жылы Кеден одағын құру туралы шешім қабылданды, бірақта бұл ЕурАзЭҚ шеңберінде болды.  Бірақта, кім алға жүрмесе, сол артта қала бастайды. Ықпалдастық процестерге шегінбейтін сипат беру керек болды. Бұл тек біздің мемлекеттердің саяси еркінде сәйкестік бар жағдайда ғана болуы мүмкін болды. Біздің елдердің Президенттері өзара ықпалдастық процестерін кеңейту және тереңдетуге өздерінің ұдайы бағытын бірнеше рет құптай түсті.  Сөйтіп, 2010 жылдың 9 желтоқсанында біздің мемлекеттердің басшылары басқа елдермен, ортақ экономикалық кеңістікті құруға шығу үшін халықаралық экономикалық бірлестіктермен үйлесімді, өзара толықтырушы және өзара тиімді ынтымақтастықты қамтамасыз ету мақсатында Еуразиялық экономикалық одағын құруға қозғалысты ресми мәлімдеді. 2011 жылдың 18 қарашасында біздің Президенттер Біртұтас экономикалық кеңістік 2012 жылдың 1 қаңтарынан жұмысын бастайды деп бүкіл әлемге жариялады.  Оның мақсаты – Кеден одағы және Біртұтас экономикалық кеңістіктің әлеуетін әрі қарай ықпалдастыру және толық жүзеге асыру,  яғни, келісілген көлік, энергетикалық, аграрлық және өнеркәсіптік саясатты құру, біріккен трансұлттық корпорациялар құрудың мүмкіндіктерін қоса алғанда өндірістік кооперацияны тереңдету. 2012 жылдың 19 наурызында  біздің мемлекет басшылары Еуразиялық экономикалық одағын 2015 жылы құру туралы Тараптардың ықыластарын құптады.  Кеден одағының шынайы құрылуы 2010 жылы болып өтті. (Расында, мемлекеттердің экономикалық жағынан біршама «алға кеткен» үштігі шеңберінде). Әлем басында оның шынайылығына сенген жоқ,  бірақ біздің Кеден одағы оның тез құрылғанына және жетілдірілуінің жылдамдығына қарамастан жұмысын жүргізіп кетті, оның келісім-шарттар базасында  әртүрлі бағыттар бойынша көлемі 180 халықаралық келісім-шарттар қабылданды.   Болар-болмас қысқа мерзім ішінде бірыңғай кеден тарифі қалыптасты, бірыңғай кеден аумағы құрылды,   кедендік бақылау біздің елдердің сыртқы шекараларына шығарылды, ал Кеден одағы жүйесіндегі сауда кедергілерінің көбісі жойылды. Кеден одағының Жоғарғы органы құрылды, сондай-ақ, ұлттықтан жоғары – Кеден одағының комиссиясы,  бұған қатысушы мемлекеттер кедендік-тарифтік, тарифтік емес және техникалық реттеу, үшінші елмен сауда саясаты, кедендік әкімшілендіру саласындағы өздерінің бірқатар өкілеттіліктерін тапсырды. Комиссияның Хатшылығы оның мәжілістерін 2010-2011 жылдар ағымында ай сайын жүргізуді қамтамасыз етті. Осы кезеңдерде Тараптар Біртұтас экономикалық кеңістік келісімді құқықтық базасын қалыптастыру – біз шамамен  2 жыл ішінде көтерілген ықпалдастық сатысының келесі (үшінші) баспалдағы бойынша белсенді жұмыстар жүргізді. Кеден одағының Жоғарғы органы және оның Комиссиясы тауарларға және табиғи монополияға қызмет көрсету, мемлекеттік сатып алулар, техникалық реттеу, ветеринарлық әрі санитарлық бақылау және т.б. бағасын қалыптастыру саласында шаруашылық жүргізуші жағдайын теңестіруге бағытталған 17 келісімнен тұратын пакет қабылдады. Ағымдағы жылдың 1 қаңтарынан бастап, біздің мемлекеттер ынтымақтастығының келесі ықпалдастық кезеңі – Біртұтас экономикалық кеңістік жұмысын бастады. БЭК шеңберіндегі тауарлардың еркін қозғалуын қамтамасыз ету мәселелерінен басқа мыналарды қамтамасыз етумен байланысты проблемалар шешіліп отыр:                                        

- капиталдың, қызмет көрсетудің, жұмыс күшінің еркін қозғалысы;

- келісілген макроэкономикалық саясат жүргізу (ізінше, өнеркәсіптік және ауылшаруашылығы саясаты);

- қаржылық-несиелік, салықтық, инвестициялық, бәсекелестік және монополияға қарсы саясат саласындағы ұлттық заңнамаларды үйлестіру және бір ізге салу.

БЭК жаңа құрылымы құрылды. Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес екі деңгейде жұмыс істейді: мемлекет басшылары және үкімет басшылары. Кеден одағының Комиссиясы жаңадан ұлттықтан жоғары орган – Еуразиялық экономикалық комиссия болып қайта құрылды.   Комиссия Кеңес және Алқадан тұрады.  Кеңестің құрамы үш вице-премьерден – әрбір Тараптан біреуден ұсынылады, Алқа – бағыттар бойынша тоғыз министрден құралады (әрбір Тараптан үшеуден). Министрлерге сәйкесінше департаменттер бекітіп берілген. 2012 жылдың қаңтарынан Комиссияның мыналарға өкілеттігі бар:

- 3 жылдық кезеңге әлеуметтік-экономикалық дамуды болжау үшін сценарийлық параметрлерді анықтауға;

- табиғи монополия салаларын кеңейту туралы шешім қабылдауға;

- Ұлттық режимнен алып тастауды болдырмау туралы және Мемлекеттік (муниципалдық) сатып алулар туралы келісімді жүзеге асыру бойынша міндеттемелерді бұзу фактілерін жөнге келтіру туралы шешімдерді қабылдауға;

- мемлекеттік бағалау реттеулерін енгізу туралы шешімді болдырмауға;

- мемлекеттік бағалау реттеулерін енгізудің мерзімін созуға келісуге.

2013 жылдың қаңтарынан Комиссия теміржолы саласындағы тасымалдаулардың ерекше тарифін қабылдау келісімін жүзеге асыратын болады, сондай-ақ, тарифтердің өзгеруі бойынша шешімдерді тоқтату/болдырмау туралы шешім қабылдайтын болады. 2017 жылдың қаңтарынан Комиссияға мамандандырылған өнеркәсіптік субсидияларды ұсыну мүмкіндігіне қол жеткізу туралы   шешімді қабылдау мақсаты алда тұр. Макроэкономика, табиғи монополия, өнеркәсіптік және ауылшаруашылығы субсидиялары саласындағы қосымша қызметтерді (мониторинг, талдау, дауды шешуге қатысу, Тараптардың кеңес беруін ұйымдастыру есеп берулерді дайындау) Комиссия 2012 жылдың қаңтарынан жүзеге асырып отыр. Біз бүгін Біртұтас кеңістік шеңберінде өнеркәсіптік және агроөнеркәсіптік саясатты жетілдіру қажеттілігіне шындап кірістік. Еуразиялық экономикалық комиссиясының нақты осы қызмет ету бағыттарын біздің мемлекет басшылары Өнеркәсіптік және агроөнеркәсіптік кешендер министрі ретінде маған тапсырды. Біздің елдердің интеграцияның сапалы жаңа кезеңіне өтуі бірыңғай кедендік аумақтарда өзара тиімді, үш елдің біріккен нарығында бизнес енгізу үшін көбіне либералды жағдай туғызуды қамтамасыз етеді, инвестициялық климатты нығайту үшін және біздің өнеркәсіптік әрі агроөнеркәсіптік кешендердің бәсекеге қабілеттілігін көтеру үшін қосымша мүмкіндіктерге жол ашады. Комиссия да, үкімет те, Тараптардың шаруашылық жүргізуші субъектілері де бұл мүмкіндіктер БЭК-тің өнеркәсіптік және агроөнеркәсіптік саясатында қалай қолданылатынын және бұл саясат қандай болуы керек екендігін бірдей түсінулері қажет. Бұндай саясаттың мақсаттарын, міндеттерін, принциптерін, механизмдерін, құралдарын көрсете алатын Бірыңғай халықаралық құжаттарды бізге әлі жетілдіру және қабылдау мақсаттары алда тұр.   

Бұл жұмыстарда болуы мүмкін ауытқулардан құтылу үшін Комиссия мамандарының, Тараптардың мемлекеттік басқару органдары сарапшыларының және бизнестің өкілетті өкілдерінің зияткерлік, ғылыми және ұйымдастырушылық әлеуеттерін біріктіру қажет. Біздің қандай жолды таңдайтынымыз біздің өзімізге байланысты: үдемелі даму стратегиясы немесе күнкөріс алаңында тапталу. Өнеркәсіптік саясатқа қатысты әртүрлі теориялар арасында оларда қажеттілік жоқ деген пікір бар, яғни, ол салықтық, кедендік-тарифтік, тарифтік емес, техникалық реттеу, бәсекелестік және сауда-саттық саясат арқылы жанама түрде жүзеге асырылады. Бірақ біз мұндай қадамды қолдамаймыз. Және осыған дәлел ретінде біздің елдердің әрбіреуі бүгінгі күні әртүрлі салалық бағдарламалардан бөлек өнеркәсіп саласында бағдарламалық құжаттарды жүзеге асырып отыр немесе дайындап отыр.

Қазақстан Республикасында 2010-2014 жылдары Қазақстан Республикасын жылдамдатып индустриалдық-инновациялық дамыту жөнінде бағдарлама жұмыс жасайды. Мемлекетті күшейтудегі осы бағдарламаға сәйкес экономиканың дәстүрлі секторлары сияқты (мұнай-газ секторлары, таукенметаллургиялық және агроөнеркәсіптік кешендері, атомдық, химиялық,  фармацевтикалық және машина жасау өнеркәсіптері) сонымен қатар әлемдік экономикада таяудағы 10-15 жылда (ақпараттық және коммуникативтік технологиялар, биотехнологиялар, ғарыштық қызметтің балама энергетикасы) басым рол ойнайтын «болашақтың экономикасы» секторлары шоғырланады. Беларусь Республикасында 2020 ж. кезеңге дейін Өнеркәсіптік кешенді дамыту бағдарламасын қабылдауға дайындық жүріп жатыр.  Бағдарламаның жобасында даму басымдықтары ретінде өнеркәсіптің дәстүрлік секторларына және жергілікті шикізат ресурстары негізінде экспорттық бағыттар өндірістеріне (ауылшаруашылығы және көліктік машинажасау, станок жасау, металлургиялық өндірістер, мұнай өнімдерін, химиялық талшықтар мен пластмассаларды  өндіру, ағаш өңдеу, жеңіл және азықтық өнеркәсіп, электр энергетикасы), сонымен бірге  нано- және биотехнологиялар, оптикалық және электрондық технологияларды (шағын электроника, фармацевтикалық өнеркәсіп, микробиология, заманауи химиялық өнімдер) қолдануға негізделген жоғары технологиялық ғылымды қажет ететін өндірістерге көп көңіл бөлінетін болады.  Ресей Федерациясында «Өнеркәсіпті дамыту және оның бәсекеге қабілеттілігін арттыру» бағдарламасы жасалды. Ресей  Президенті Владимир Путин мамырдың алғашқы тоқсанында 2013 жылдың 1 қаңтарына дейін Министрлер кабинетіне осы мемлекеттік бағдарламаны, сондай-ақ, ғарыштық, авиациялық және кеме жасау, фармацевтикалық және медициналық, электрондық және радиоэлектрондық өнеркәсіптер қызметтерінің әрі қарай дамуын қарастыратын  бірқатар салалық бағдарламаларды бекітуге тапсырма берді. Осы бағдарламаларға сәйкес қазіргі күні жүзеге асқан стратегиялар түзетіледі және өзара үйлесім табуға жол салынатын болады,  бұлар ел экономикасының барлық жетекші секторларының, сондай-ақ, инновациялық аумақтық кластерлерді құру бойынша басымды жоғары технологиялық платформалар мен тәжірибелік жобаларды қалыптастыру бойынша салалық стратегиялардың  жаңаша жаңғыруына және дамуына бағытталған. Біз біздің өнеркәсіптік кешендердің даму басымдықтарының қаншалықты сәйкес келетінін көріп отырмыз.  Бізге Тараптардың тәжірибелерін, инновациялық нәтижелерін, зияткерлік, өндірістік және ресурстық мүмкіндіктерін бірігіп жүзеге асыруда синергетикалық тиімділіктерге көбірек қол жеткізуге мүмкіндік беретін  сол салаларда, сол міндеттемелерде шоғырландыру және біріктіру қажет. БЭК шеңберіндегі өнеркәсіптік саясатты біз қалай көреміз және оның қандай қажеттілігі бар? Өнеркәсіптік саясаттың жаһандық міндеттерін мен V және VІ технологиялық салттардың технологияларына негізделген жоғары технологиялық ғылыми сыйымды өндірістерді құру негізінде қызметтің өнеркәсіптік түрлерін алғышарттармен инновациялық дамытуға қадам жасауды қамтамасыз ету ретінде анықтайтын едім.  Сонымен қатар келесілерді атап өткім келеді. Біріншіден, өнеркәсіптік кешендердің ұлттық даму стратегиясын ауыстырайын деп отырған жоқпыз, оның орнына ұлттықтарды сындарлы және тиімді толықтыратын келісілген өнеркәсіптік саясат жүргізуді жоспарлап отырмыз. Екіншіден, өнеркәсіпте кемшілікті, жоғары технологиялық және ғылыми сыйымды бағыттар бар, олардың дамуы барлық үш Тарапқа да пайдалы болып келуі мүмкін, бірақта үлкен шығынды талап етеді.  Мәселен, нано- және биотехнологиялар, биофотоника, авиациялық, атомдық салалар, сонымен бірге ғарыштық сияқтылар. Ресей, мүмкін, өзі де мұндай міндеттерді шеше алады. Ал Беларусь,  Қазақстан мұндай міндеттерді жалғыз шешуі күшіне сәйкес еместігі айқын.   Мысалы. Бүгінгі күннен бастап ғарыштық ақпараттарды жетілдіру және таратуды қабылдауды жүзеге асыратын жерлік инфрақұрылымның техникалық құралдарын жаһандық орналастыру мүмкіндіктерімен және орбиталық топтастырулардың кезеңдік кеңейтілуімен шағын серіктер базасында «еуразиялық» көпфункциялы ғарыштық жүйесін құруды жоспарлау қажет.   Шағын серіктер базасында мұндай жүйені құру авиациялық жүйелердің бақылау және барлауынан бас тарту,  ғарыштық құралдарға 2 – 3 есе көп шығынданатын қызметтің шығыны есебінен ғарыштық саланың қызметін (Жердің табиғи ресурстарын зерттеу, экологиялық мониторинг, төтенше жағдайларды, орман өрттерін, урбанизациялауды ескерту) бұқаралық тұтынушыларға ұсынатын ауқымын кеңейтуге мүмкіндік береді. Біз нанотехнологиялар мен наноматериалдарды игеруге және енгізуге көп мән береміз.  Себебі, мәселен, ракеталық-ғарыштық техникаларды әрі қарай дамытуды ұстап тұрудың себебі бұйымдардың салмағы мен көлемін төмендету мүмкіндіктерінің табылмауы болып табылады, кеміту тек берілген сипаттамалар арқылы жаңаша жеңілдетілген материалдар мен төсеніштерді жасаудың арқасында   ғана мүмкін бола алады. Сондықтан орбиталық және жерлік  ғарыштық құралдар мен олардың элементтік базасында ұқсастығы жоқ эксперименттік үлгілерді жасауға бағытталған алдыңғы лектегі нанотехнологияларды өндіріске жетілдіру және енгізу мақсаты алдымызда тұр, бұлар электроника, оптика, нақты механика, информатика және тағы басқалардағы бұқаралық өндіріске және техниканың басқа да салаларына таратылуы мүмкін.  Біздің серіктестігіміздің маңыздылығының тағы да бір айқын мысалы. Елді жылу-энергетикалық ресурстармен қамтамасыз ету мәселелері Беларусь үшін қаншалықты қажет екендігі белгілі. Республикада атомдық электр стансасын салмасқа болмайды.  Бұл мәселенің шешімі Ресей Федерациясымен бірге Беларусь 2017 жылы қауіпсіздіктің ең жетілген жүйесімен жабдықталған заманауи АЭС-тің бірінші блогын қосуға мүмкіндік алады, ал 2018 жылы – оның екінші блогы іске қосылады. Өнеркәсіптің бәсекеге қабілеттілік пен барлық үш Тараптың экономикалық өрлеу болашақтарында инновациялық саясаттың жетіспеушілігін шектейтін салаларда біріккен ресурстар мен күштерді шоғырландыру қажет.  Осыған орай біріккен технопарктер немесе «инновациялық инкубаторлар» деп атауға болатын ұйымдар құру сияқты қисынды тақырыптар пайда болады, бұлардың алаңдарында сондай жағдай жасалса, яғни, ғалымдар, конструкторлар, инженерлер және бизнесмендер инновациялық даму үшін сол жерде толықтай беріліп, қысқа мерзім ішінде әлемдік деңгейдегі бәсекеге қабілетті ғылымды қажет ететін зерттемелер жасауға тиімді жұмыс істей алса.  Мысалы.  Инновацияның сондай «инкубаторларында ғылыми және инновациялық қызметтерді іске асыру үшін бүгінгі күні бұрын-соңды болмаған жағдай жасалған, мәселен Минск қаласында Жоғары технологиялар паркі және Сколково қаласында Инновациялық орталық сияқтылар бар. Жоғары технологиялар паркі – бұл Беларусь Республикасында ақпараттық технологиялар саласындағы бизнесті дамыту үшін бірегей қолайлы орта, бұнда бұрын-соңды болмаған салық жеңілдіктері АТ-салалары үшін керемет дайындалған мамандардың болуымен үйлеседі. Паркте өндірілген бағдарламалық қамтамасыз етулердің 80%-ы республикадан сырт жаққа экспортталады. ЖТП Резиденттері  барлық біріктірілген салықтардан босатылады, оның ішіне толықтырылған құнның салығы, табыс салығы, сондай-ақ, кедендік баж да кіреді. Парктің резидент-компания қызметкерлері үшін дербес табыс салығы белгіленген құнға ие және ол 9% құрайды.  «Сколково» Технопаркі жетекші технологиялық парктерді, инкубаторларды, тәуекелді қорларды тарта отырып, инновациялық орталық құру және халықаралық инновациялық экожүйедегі интеграцияның ең жоғары деңгейін қамтамасыз ету мақсатында құрылған.  «Сколково» қорында ғалымдар мен жасаушылардың 26 халықаралық ұжымдары жұмыс істеуге ниеттерін білдірген, олардың ішінде Ресей, Қазақстан, Беларус та бар. Олар ғарыштық технологиялар және телекоммуникация, биомедицина, ақпараттық және ядролық технология, энерготиімділік салаларындағы жобаларды игеретін болады.  Жобалардың тақырыбы мынадай міндеттерді алға қойып отыр: - қызмет көрсету мен қолданбалы міндеттердің шешімі үшін ғарыштық құралдарды пайдалану мүмкіндіктері;

- жаңа ғарыштық құралдарды жасау және ракеталық-ғарыштық өнеркәсіп өндірістерін диверсификациялау;

- Жаһандық мониторингтің халықаралық әуе ғарыштық жүйесін жасау жобасын жүзеге асырудың негізгі принциптерін жетілдіру;

- жоғары құнарлы энергетикалық газдарды, кең көлемді өнеркәсіптерде пайдаланылатын техникалық сутегі мен көміртегі  материалдарын алумен биомассаларды кешенді қайта өңдеу технологияларын жетілдіру;

- іске қосатын жылу электр стансаларының энерготиімділіктерін арттыру;

- ауруды басатын жаңа препараттарды, тірі және өсімдік организмдерінің қорғаныс қоспаларын арттыру үшін биологиялық препараттарды өндіру.

Бұл мүмкіндіктерді неге бағыттаған дұрыс? Өзара бәсекелестікке ме, әлде әлемдік нарықта біріккен ұстанымдарды күшейтуге ме? Жауабы айқын: Біртұтас экономикалық кеңістігінің жоспарына мынадай міндеттер кіруі керек, біріккен технопарктер құру. Үшіншіден, Біртұтас экономикалық кеңістігіндегі бәсекелестік туралы бірнеше сөз айтқан дұрыс. Бәсекелестік – прогрестің қозғаушысы, экономиканы тиімді дамытудың қажетті жағдайлары, инновациялық процестер мен сапалы өнімдердің өндірісін ынталандыру. 2012 жылдың 1 қаңтарынан Бәсекелестіктің бірыңғай ережелері мен принциптері туралы келісім күшіне енді, оған 2010 жылдың 9 қаңтарында қол қойылған. Анықтама. Еуропалық одақта бәсекелестік бойынша Еуропалық желі құрылған және ұлттық монополияға қарсы органдар мен  Еуропалық комиссия арасында ақпараттар алмасу режимі орнатылған.  Бірақ, сонымен қатар, Еуропалық комиссия (ЕК) құйылулар мен жұтынулар бойынша мәмілелерге пайдалы жанашырлықтар көрсетеді. Сөйтіп, технологиялардың трансферті және  НИОКР туралы лицензиялық келісім, мамандандыру туралы келісім автоматты мақұлдау алды, олар өндірістердің жақсару мен өнімдерді таратып беруді жақсартуға апарғандықтан, сондай-ақ,  тұтынушыларға белгілі пайдалар ұсынады. Ірі вертикальды келісімдер оқиғалары үшін сондай-ақ, өздерінің жұмсартатын жағдайлары қолданылады, олардың техникалық немесе экономикалық дамуларға ықпал еткендігі егер дәлелденсе, табыстарының әділетті бөлігін тұтынушыларға ұсынатын болады, өндірістердің жақсаруына немесе тауарлардың таратылуына себепкер болады. Сондай-ақ, бәсекешілерде жоқ технологиялар мен ноу-хауларға иеленгені үшін  үстемдік ету теріс пайдалану болып есептелмейді; кеңінен танымал тауарлық белгі мен тұрмыстық жүйені дамыту үстем жағдайды сондай-ақ объективті ұстап тұруға көмектеседі. Бірыңғай нарықтың кеңістігінде жыл сайын 350-400 қосылулар іске асады. Бірақ, мәселен, 2007-2008 жылдары ЕК осыған ұқсас мәмлелерге байланысты бір де бір тыйым салынатын шешімдер шығарған жоқ. Бірақта, объективтілік үшін, атап өткеніміз жөн, ЕК тарапынан осыған ұқсас операциялар бойынша бақылау 1989 жылдардың өзінде енгізілген. Сондықтан Еуропада бәсекелестіктен бәсекелестік басқа-басқа. Сондықтан, біздің өнеркәсіпшілер үшінші елден келген өз серіктестерімен бәсекелескені бір басқа. Біз сол арқылы олардың ұстанымдарын сыртқы бәсекелестік күресінде әлсірете отырып, біздің өндірушілерді бір-бірімен соғыстырсақ бір басқа. Нәтижесінде мұнай химиясы, азық-түлік және жеңіл өнеркәсіп, ауыр машинажасау, жүк және ауылшаруашылығы техникалары нарығының бірнеше салаларында  Ресей мен Беларусь өзара жан аямай бақастасып жатыр.   Мынадай өнімдерді шығаратын, сүт немесе ет тауарлары сияқты қаптаған өндірушілер туралы емес сөз болып отыр (мәселе мұнда да кейде пайда болады және қандай десеңізші!). Олар ұқсас өнімдердің қайталайтын өндірістерін меңгере бастағанда, мен осы жағдайда біздің зауыттар - алыптар – қиын техникалық өнімдердің  ірі өндірушілері туралы айтамын.  «Негізсіз параллелизм» және ақталмаған бәсекелестік, оның үстіне, бірдей  сыртқы нарықта пайда болмақ. Осы уақытта ынтымақтастықты қалай да бекіткен дұрыс, өнімдердің жаңа тармақтарын игеруде  өндірістік кооперацияны үдету керек. Сонымен қатар  БЭК шеңберінде қиын техникалық өнімдердің локализациялануы деңгейінің маңызы Ресей Федерациясының ДСҰ-ға қосылғандығы арқасында ерекше өсіп келетіндігін атап өткім келеді. Осыған байланысты, өнеркәсіптік ынтымақтастықтың тағы бір бағытын ашқым келеді: беларустық және қазақстандық кәсіпорындар  Ресейдегі жеңіл автокөліктердің «өнеркәспітік жинақтау режимінде» жинақталатындары үшін   автоқосалқыларды әкелуде. Мысалы, көптеген беларустық машина құрылыс кәсіпорындарында қажетті технологиялық жабдықтары, білікті мамандары, шет ел маркілі автомобильдер үшін жеке бөлшектерге өндірісте көрнекті тәжірибелері бар, шығарылатын авто қосалқыларға номенклатураларды кеңейту мүмкіндіктері де бар. Мұндай жағымды үлгілері бізде молынан. Мысалы. Ресей мен Беларустан  хлорлы калийді экспорттаудың бірыңғай келісілген саясатын жүргізу мақсатында кәсіпорындар – құрылтайшылар арасында тұрмыс нарығының бәсекелестігін реттеу және сыртқы нарықта өнімдерді сатудан экономикалық тиімділікті барынша көбейту кезінде бірыңғай тауарларды өткізу желісі Белоруссиялық калий компаниясы арқылы құрылды. Тағы бір мысал: бұл КамАЗ және МАЗ активтерінің «Росбелавто» холдингіне құйылуы. Біздің ойымызша, ауылшаруашылығы машинажасауға назар аударғанымыз жөн, атап айтқанда: трактор жасау және комбайн жасау. Бұл тақырып барлық БЭК-ке мүше үш мемлекеттердің өнеркәсіптік бағдарламаларында бөлінді. Бұрын Ресейлік «Тракторные заводы» концерні мен  беларустық «МТЗ» РУК өндірістік әлеуеттерінің біріктірілуі туралы мәселе көтерілген болатын. Бұл идеяны қайтадан жаңғырту керек. Бұл іс жүзінде бұл құрылымға кіретін кәсіпорындарды жаңғыртуға және трактор жасауда басқарудың айтарлықтай тиімді формаларын жетілдіруге, «Беларусь» тракторларының жаңа үлгілері, соның ішінде, гибридтік, гидромеханикалық трансмиссияларымен және  300 л.с. қуаттылығы, одан да жоғары өндірістерін дамытуға мүмкіндіктер беретін еді. Жалпы интеграциялық құрылымдарды жасау,  соның ішінде  холдингтер, - бұл уақыттың қалауы. Кішкентай кәсіпорынмен қазір әлемдік нарықта бәсекелесу мүмкін емес. Сондықтан бәсекеге қабілетті өнімдерді шығара алатын аса күшті құрылымдар жасау керек. Бұдан бөлек, мұндай бірлестіктер инженерлік әлеуеттерді біріздендіре алады, ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды жүргізуге белсендірек болады, өндірістерді дамыту және жаңғырту үшін құралдарды тартуды жеңілдетеді, жоғары білікті сапалы кадрларды дайындауды ұйымдастыруға мүмкіндіктер береді. Төртіншіден, бұл Біртұтас экономикалық кеңістігінде келісілген өнеркәсіптік саясатты жүргізу кезінде біз қолдана алатын және керек  механизмдер мен аспаптардың мәселесі. Бәрінен бұрын, бұл бәсекелестіктің жағдайларын ең аз бұрмалайтын мемлекеттік қолдау шараларының жүйесі. Бұл бағыт 2012 жылдың 1 қаңтарында күшіне енген Өнеркәсіптік субсидияларды берудің бірыңғай ережелері туралы келісіммен реттеледі, оған 2010 жылдың 9 желтоқсанында қол қойылған. Келісімде жекелеген шараларға қатысты уақыттық алып тастаулардың тізімі жазылған, олар Қазақстан мен Ресейдің өтпелі кезеңінде қолданылған,  Тараптар кезең бойынша қолданылған субсидияларды қысқартулары керек және Келісімге сәйкес оларды толық жою үшін өздерінің сезімтал салаларын дайындауы керек. 2017 жылы Тараптар  берілген айрықшалықты  субсидияларды Комиссиямен келісуге міндетті болады.  Комиссия тараптарға, соның ішінде, Келісімде бекітілген  талаптарды бұзған фактілерге, субсидияларды беру және пайдалану тәртібіне  тексерістер жүргізеді. Әрі қарай құралдар мен механизмдер туралы. Өнеркәсіптік саясатпен келісілген негізгі механизмдердің бірі біріккен халықаралық бағдарламалар мен жобаларды жүзеге асыру болып қалады. Бұл әртүрлі масштабтағы басымдықты инновациялық өнеркәсіптік жобалар болулары керек,  олар зияткерлік, қаржылық, кадр ресурстары керекті бағытына бағдар беруге мүмкіндіктер жасайды. Бұл жерде бізге құқықтық алаңды жасау керек. Біз Еуропалық Одақ және Ресейлік Федерациямен өнеркәсіптік дамудың мынадай инновациялық кластерлер және өнеркәсіптегі технологиялық платформаларының прогресивті құралдарын қолдану тәжірибелерін үйренеміз. Сондай-ақ біз біздің мемлекеттің өнеркәсіп саласындағы салалық басымдықтарын салыстырдық, дамуы үш тараптан мемлекеттік мүдделерді ұсынатын  салаларды анықтадық. Бұл химиялық, мұнай химиясы, фармацевтикалық, ғарыштық және жеңіл өнеркәсіп, ауылшаруашылығы және көліктік машинажасау, сонымен бірге биотехнология. Беларусь пен Ресей үшін қосымша – автомобиль жасау, радиоэлектроника және станок жасау, Қазақстан мен Ресей үшін – энерго- ауыр машинажасау. Станок жасау, лазерлік техникалар өндірісі және автоматтандырылған жүйелер, аспап жасау, робототехника сияқты салаларда өзара қызығушылықтар тудырады, біз өндірістік-инновациялық тізбек құру дұрыс деп білеміз, шыға берісінде тағы да бәсекеге қабілетті ғылымды қажет ететін өнім пайда болады және құралдар өндірісі қамтамасыз етіледі, біздің өнеркәсіпті жаңғыртуды жүзеге асыру үшін өндіріс құралдары өндірілетін болады. Ұзақмерзімді басымдықтарды анықтай отырып, біз салалар мен өндірістерге жаңа формациялар қоюымыз керек. Бұл, мысалы, мынадай салалар: - наноэлектроника және биофотоника (жаңа физикалық принциптер мен тиімділіктерге, жаңа қабылдағыштар мен сәулелендіргіштерге, жаңа элементтік базаға бағытталған технологияларды қалыптастыру мақсатында);

- жобалау жүйесінің кешенді автоматтандырылған өндірісі (өнеркәсіптік жүйелерді жобалау мақсатында «еуразиялық» автокөліктен бастап «еуразиялық» серікке дейін  ақырғы өнімдердің барлық типтерін жасау);

- жаңа материалдар, пластмассалар және полимерлер өндірісі;

- жоғары нүктелі механикалық өндірісі (прецизиялық)

- жаңа энергетикалық технология.

Осындай негіздерді жасап біз кластерлерді қалыптастыруға көшеміз, олар бәсекеге қабілетті ақырғы өнімдерді, мейлі олар серік болсын, ракета болсын, ұшақ, тікұшақ, автомобиль ауылшаруашылығы техникасы, күшті жабдықтар болысн, барлығын  шығаруды қамтамасыз етеді.

 2. Агроөнеркәсіп саясаты.

Бұл саладағы маңызды міндет – азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету импорттық тәуелділікті қысқарту. Біртұтас экономикалық кеңістік елдерінің ауылшаруашылығы тауарларының орасан көп импорты 40 млрд. доллардан асады. Ауылшаруашылығы шикізаты мен өнімдерін ішкі тұтынуда импорттық құрам Ресей мен Беларуста шамамен 30 % құрайды, Қазақстан– 14 %.  Ауылшаруашылығы тауарларын әкелуде шығындарды жабу тек қана Беларуста қамтамасыз етілген. Ресейде экспорттан түскен табыстар импорттың шығындарының тек қана төрттен бірін жабады.  Бізге бұл салада үлкен жұмыс атқару керек. 

Бірінші. Агроөнеркәсіптік өндірістің келісілген мемлекеттік қолдау механизмдерін қалыптастыру. Ауыл шаруашылығын мемлекеттік қорғаудың бірыңғай ережелері туралы қабылданған келісім тараптардың өзара саудасына бұрмалаушы ықпал көрсететін субсидиялардың деңгейін шектейді. Бірақ ол Тарап пен Комиссияның өндірістік қауіпсіздіктерді қамтамасыз ету үшін экономикалық тетіктерді қолдану бойынша өкілеттілігін анықтамайды. Нені істемеуге болмайтынын біз хаттап алдық, не істеуге болатынын енді анықтау қажет. Екінші. Азық-түлік  қауіпсіздігі мен нарықтың ахуалы туралы ақпараттар алмасуы мониторингін нығайту, ұсыныстың болжамдық көлемінде және тапшылықты алдын ала ескерту мақсатында азық-түлікке сұранысында, нарықтық агенттерді ақпараттандыру және қажеттілігі жағдайында интервенциялық реттеудің келісілген шараларын қабылдау. 

Үшінші. Тауар өндірушілердің табысын, тұтынушыларға азық-түлік өнімдерінің экономикалық қол жетімділігін арттыру мақсатында аграрлық тауарлардың, ауылшаруашылығын жүргізу және ауылшаруашылығы шикізаттарын қайта өңдеуге арналған ресурстардың өндірісі және саудасы саласында нарқытық бәсекелестікті қолдау негізінде ауылшаруашылығы өнімдерінің нарығын дамытуды ынталандыру. «Сауда соғысы» деп аталатын алдын ала жорамалдар іс жүзінде ретке келтірілді. Әйтсе де, жақында ресейлік Сүт өндірушілер одағы ұсынған Ресейлік «Союзмолоко» резолюциясына қарағанда, кейбіреулерде өткен күндерге сағыныш бұрынғыша әлі сақталып келеді. Төртінші. Импорты қысқарту және өнімдерге халықтың өсіп келе жатқан қажеттілігін қалыптастыру мақсатында ауылшаруашылығы өндірістерінің өндірісін көтеру. Бұл агро- және аквамәдениеттің жаңадан сапалы деңгейге аударылуын талап етеді, оның негізінде – гендік инженерия мен селекцияларға қол жеткізу, энергиялық тиімді техникалық шешімдерге, өндірісті қалыптастырудың жаңа формаларына, еңбек және капиталдың кооперациялық базалық әртүрлі формаларына қол жеткізу. Бұл міндеттер БЭК елдерінің халықаралық бағдарламаларының құралы болуы керек, нормативтік база мен тақырыптық құрамдастыру қазіргі уақытта жетілдіріліп жатыр.  Қазір өте қажетті деңгейде алға тартылған және ауыл шаруашылығының қарқындылығының дәстүрлі тетіктері бар екендігін белгілеуіміз керек.  Меншікті азық-түлік жетпеген кездерде, маңызды ресурс импортқа тәуелді болуы, өндірісті гүлдендіру үшін қажетті  – минералды тыңайтқыштар – басты кейіпте экспортталады. 2010 жылы Кеден одағы елдерінде әсер ететін заттарға есептегенде шығарылғандар 24,4 млн. тонна тыңайтқыштар (Ресей – 18 млн тонна, Беларусь – 6,2 млн тонна, Қазақстан  – ш. 150 мың. тонна). 3,5 млн. тонна енгізілді – шығарылған көлемнің 14,5 %. Ең аз деген қажеттілік кезінде центнерге шамамен 1 гектар егінге орташа 25 кг енгізіледі, сонда есептегенде Ресейдің гектар егістік жеріне 150 кг жоғары түк өндіріледі, Беларуста –тоннадан көп. Осы үш елдің деңгейінде егістігіне тыңайтқыш төгу үшін  шамамен 170 кг әсер ететін заттар жететін еді. Жүйелі, мемлекеттердің экономикалары тұрғысынан келісілген және іскерлік қауымдастықтардан шешім талап ететін бұл жалғыз ғана мысал емес. 2011 жылдың 19 мамырындағы, Көпжақты сауда жүйесі шеңберінде Кеден одағының қызмет атқаруы туралы келісімге сәйкес Ресей Федерациясы ДСҰ-на енгеннен бастап қабылдаған тарифтік міндеттемелер Тараптардың үшеуінің бәрі үшін міндетті болып табылатыны көпшілікке белгілі.  Сонымен қатар олардың жекелеп әрекет етуге енуі тек қана Ресейдің бірқатар салаларына жағымсыз салдарлар әкеліп қоймайды, сонымен бірге Біртұтас кеңістік бойынша әріптес елдерге де зардаптары тиеді. Бұл бәрінен бұрын автомобиль жасау және ауылшаруашылығы машина жасау салалары. Егер Тараптардың біреуі компенсациялық сипатта шара қабылдау бойынша жұмыстарды жүргізсе,  онда бұндай жұмыс басқа да қалған екі мемлекеттерде жүргізілуі керек, оның үстіне сәйкесінше, Комиссияның үйлестіруі жанында, бизнестің белсенді қатысуы арқасында жүзеге асады. Бұл үшін біздің мемлекеттердің экономикасының шынайы секторлары өкілдерімен өзара әрекеттестіктің тиімді механизмдері қажет. Осы бойынша жетекші рөл Ресей-Беларусь-Қазақстандық Бизнес-диалогқа тән болады деп санаймын.  Өндірушілер күштердің дамуы, белгілі болғандай, өндірістік қатынастарды анықтайды. Өндірістердегі, саудада, капиталдың кооперациясында интеграциялық байланыстардың жоғары деңгейі БЭК ыңғайының дамуына сенімді негіз жасап береді. Сонымен қатар тұрақты пікірлермен алмасуды, шешімдерді жетілдіруде және қабылдауда бизнестің қатысуын қамтамасыз етеді. Бұл жұмысты жүйелік негізде жүргізу мақсатында Еуразиялық экономикалық комиссия мен Беларусь-Қазақстан -Ресейлік Бизнес – диалог арасында өзара әрекеттестік туралы Меморандум дайындалды. Біз Еуразиялық экономикалық комиссия негізінде қызығушылық танытқан тараптармен, бизнес-қауымдастықты қосқанда, индустриалды мәселелер бойынша тұрақты кеңестер өткізу үшін сенімді платформа құруға дайынбыз. Бүгін қол қойылатын Өзара әрекеттестік туралы Меморандум осы бағыттағы алғашқы қадам болып табылады. 

Меморандум Консультативтік Кеңес құруды қарастырады. Бизнес-диалогқа тұрақты ағымдағы өзара әрекеттестік үшін үйлестірушілерді анықтау жағымды жағдай, ал сонымен қатар өзара әрекеттестіктердің сәйкес бағыттары бойынша өкілдерді де. Қазіргі уақытта Өнеркәсіптік жөнінде консультативтік комитет және Агроөнеркәсіптік кешен жөнінде  консультативтік комитет құруға кірістік. Аталған үйлестірушілер мен жауапты өкілдер бағыттар бойынша осы құрылған консультативтік органдардың құрамына енулері қажет. Бұл заң шығарушылық процестерін көлденеңіне қараған сияқты, тігінен де қадағалап отыру үшін сіздерге мүмкіндік береді. Үш мемлекеттің бизнесіне  қызықты болатын проблемаларды қолдарындағы екпінмен ұстап отыру үшін қажет. Осыған байланысты, біз үшжақты салалық бірлестіктерді қарсы алатын боламыз. Нақты мемлекетаралық салалық қауымдастықтар  БЭК-тің салалалық мүдделерін сақтап қалу және «қысым келтіру» мақсатында түсіністік ұстанымындағы нақты мәселелер бойынша жетілдіру үшін келіссөздер алаңы бола алады. Бизнес-қауымдастықтардың қауымдастық өкілдеріне  өз проблемаларына тарту оңайырақ және ұластырылған пікірлермен сақтап қалдыру жеңілірек. Еуразиялық экономикалық комиссия өнеркәсіп және агроөнеркәсіп секторларында барлық қатталған интеграциялық міндеттерді шешу үшін келісілген өнеркәсіптік және агроөнеркәсіптік саясаттың бағыттарын, олардың механизмдері мен құралдарын, Комиссияның ұлттықтан жоғары өкілеттіліктері саласын нақты анықтайтын сәйкес келетін құқықтық алаң қалыптастырулары қажет. Біз келісілген өнеркәсіптік және агроөнеркәсіптік саясаттарды жүргізу туралы үкіметаралық келісім жобасын жетілдіруге белсенді түрде қатысуға ниет білдірген барлық қызығушыларды шақырамыз.

Назарларыңызға рахмет!