Жүйеге кіру
Михаил Мясникович: «Бәсекелестік психологиясынан ынтымақтастық психологиясына көшу қағидатты тұрғыда маңызды»

Михаил Мясникович: «Бәсекелестік психологиясынан ынтымақтастық психологиясына көшу қағидатты тұрғыда маңызды»

15.05.2020

Еуразиялық экономикалық одақ мемлекеттері үшін барынша жоғары экономикалық нәтижеге ортақ күш-жігермен ғана қол жеткізуге болады. Бұл туралы ЕЭК Алқасының Төрағасы Михаил Мясникович 15 мамырда «2020 Ресей бизнесі  апталығы» шеңберінде өткен «Еуразиялық экономикалық интеграцияға жәрдемдесе отырып: іскерлік ынтымақтастық факторы» халықаралық форумында мәлімдеді.

 

«Бәсекелестік психологиясынан ЕАЭО елдері экономикаларының бірін бірі толықтырушылығы мен ынтымақтастығы психологиясына көшу принципті маңызды. Мысалы, біз коронавирусқа тап болғанда, елдерде ең алдымен өз нарықтарын, өз халқын қорғау үрдісі пайда болды. Бірақ Одақ мемлекеттерінің басшыларын лайықты атап өту керек: біздің елдеріміздің ешқайсысы да оқшауланған жоқ, келісілген шешімдер қабылданды және қабылдануда, сөйтіп, біз бір-бірімізді қолдауды жалғастырып жатырмыз. Мемлекеттердің экономикалық өзін-өзі қамтамасыз етуі, әрине, маңызды, бірақ барынша жоғары нәтижеге тек ортақ күш-жігермен қол жеткізіледі»,- деп атап көрсетті Михаил Мясникович.

 

ЕЭК Алқасының басшысы Одақ елдерінің жетекші ұлттық компанияларының әлеуетін біріктіру қажет деп санайды. Бұл бәсекеге қабілетті ірі Еуразиялық трансұлттық корпорациялар құруға мүмкіндік береді. Ол ұлттық бизнестің бұл міндетті өз бетінше шеше алмайтынын атап өтті. Сондай-ақ ұлттық мемлекеттік құрылымдар да бір өзі табысқа жете алмайды. Мемлекеттер мен бизнес-құрылымдардың күш-жігерін ұлтүсті деңгейде біріктіру қажет.

 

Бұл ретте Михаил Мясникович ірі интеграциялық құрылымдардың тиісті мемлекеттерден әртүрлі қолдау түрлерін, әсіресе олардың қалыптасуының бірінші кезеңінде преференциялар алатынына сенімді. Бірінші кезекте сөз «интеграциялық тізбектерге енгізілген, жоғары бәсекеге қабілетті өндірістер мен тауарлар құруға жұмыс істейтіндер» туралы болып отыр.

 

ЕЭК Алқасының Төрағасы Комиссияның бизнес-қоғамдастықпен жұмысы туралы әңгімеледі. Ол тиімді өзара іс-қимылдың бір мысалы ретінде іскерлік қоғамдастық өкілдерінің Еуразиялық интеграцияны дамытудың 2025 жылға дейінгі стратегиялық бағыттары жобасын дайындауға қатысуын атады. Бірақ та, оның сөзінше, ынтымақтастық әлеуеті толық көлемінде емес және өзара іс-қимылды шындап жандандыру қажет. Комиссия оған толық дайын болатын нағыз ашық диалог қажет. Михаил Мясникович бизнестің, мемлекеттік органдардың, тұтастай ЕАЭО-ның барлық елінің қоғамдары тарапынан интеграциялық процестер мен институттарға деген сенімнің бұдан да жоғары деңгейін күтетінін білдірді. Тек осы жағдайда ғана Еуразиялық экономикалық одақтың неғұрлым табысты дамуы мүмкін болады.

 

Ол Одақ елдерінде интеграцияны тереңдету үшін ең жоғары деңгейде қажетті шешімдер қабылданатын саяси ерік-жігердің бар болуымен мен «әр кез нақты форматта тиісті шешімдерді  қамти бермейтін тікелей ұлттық актілердің» арасындағы белгілі бір алшақтыққа назар аударды.

 

Михаил Мясникович одақтық елдер басшылары мен Комиссия деңгейінде оңтайлы экономикалық және құқықтық шешімдерді іздестіру жөнінде үйлесімді жұмыс жүргізіліп жатқанын атап көрсете келіп, пандемия жағдайындағы ЕЭК жұмысы туралы хабарлады. «Ең бастысы – бәрі де күш-жігерді экономикамыз тап болған  жайсыздау  жағдаяттан шығуға шоғырландыруға құлықты. Бұл шын мәнінде біздің интеграциялық бірлестігіміздің беріктігін тексеру».

 

БАҚ өкілінің ЕАЭО-да коронавирустың вакцинасын жасау туралы сұрағына жауап бере отырып, ЕЭК Алқасының басшысы тараптар осы мәселе бойынша өзара консультациялар жүргізіп жатқанын, ғалымдар мен практиктер қолында жақсы атқарымдар бар екенін атап көрсетті. Сонымен қатар, ол Одақта  «тұтастай алғанда дәрі нарығы өте кедей екенін, ЕАЭО мемлекеттері үшінші елдерден фармацевтикалық субстанциялар мен дайын дәрілік заттарды көп мөлшерде сатып алатынын» атап өтті.

 

"Бізге дәрілік препараттарды өндіру жөніндегі қуатты бірлескен бағдарламаға, бәлкім, осы саладағы жеткілікті жоғары құзыретке ие үшінші елдердің қатысуымен шығу керек шығар»,- деп түйіндеді Михаил Мясникович.​