Жүйеге кіру
Одақ интеграциялық әлеуетті металлургия саласының дамуы үшін пайдаланады

Одақ интеграциялық әлеуетті металлургия саласының дамуы үшін пайдаланады

15.04.2019

Өнеркәсіптік ынтымақтастықты дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасау мақсатында Еуразиялық экономикалық комиссия (ЕЭК) алаңында Комиссияның өнеркәсіптік блогының ұйымдастыруымен металлургия саласындағы бірінші Еуразиялық салалық конференция өтті.

«Бұл бес елдің сала өндірісшілерін бірыңғай алаңда біріктіру және қазіргі бар проблемалар мен ЕАЭО аумағындағы металлургия кәсіпорындарының ынтымақтастығының перспективаларын талқылау, технологияларды дамытудағы таңдаулы тәжірибемен алмасу мүмкіндігі»,- деп атап өтті Александр Субботин өзінің ілтифат лебізінде.

ЕЭК Өнеркәсіптік саясат департаментінің директоры Николай Кушнарев атап көрсеткендей, кездесудің өзектілігін Ресейдің, Беларусьтің ірі металлургия компанияларының басшыларын, тараптардың уәкілетті органдары мен ұйымдары өкілдерін қоса алғандағы спикерлердің биік құрамы мен өндірісшілердің шешу талап етілетін проблемаларды көтеруі растайды.

Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) елдерінде саладағы ахуал тұрақтанып келеді. 2018 жылы ЕАЭО металлургиясындағы өндірістің өсімі 2% құрады. Металлургия Беларусьта, Қазақстанда, Қырғызстанда және Ресейде ойдағыдай дамуда: өндірістің өсімі тиісінше - 7%, 2,2%, 4,4%, 1,7%.
«Металлургия саласы оң серпін көрсетіп отыр. Бізге, Комиссияға және Одақ елдеріне ынтымақтастықты жалғастыру қажет»,- деп атап өтті ЕЭК-тің Өнеркәсіп және АӨК жөніндегі Алқа мүшесі (министр) Александр Субботин.
 
ЕЭК өкілдері сала айтарлықтай кооперациялық, ғылыми-техникалық және экспорттық әлеуетке ие деп санайды. Ол өнеркәсіптің экономикалық жағынан маңызды бірқатар аралас салаларын қамтиды, бұл өндірісшілер мен тұтынушылардың Одақ ішіндегі ынтымақтастығының мүмкіндігін кеңейтеді.

ЕАЭО-да қазірдің өзінде екіжақты және көпжақты жемісті ынтымақтастықтың мысалдары бар. Ол туралы ЕЭК Өнеркәсіптік саясат департаменті директорының орынбасары Тигран Арутюнян әңгімеледі: «Ресей мен Қазақстанның өндірісшілері мұнай-газ саласына арналған жоғары герметикалық бұрандалы жалғамалар өндірісінде, Ресей мен Қазақстан, Қырғызстан өндірісшілері – ферроқұйма өндірісінде, Қазақстан, Беларусь және Армения өндірісшілері Ресеймен металл өнімін жоғары қайта балқытуда ынтымақтасуда».

Жұмыстың маңызды бағыттарының бірі ретінде Тигран Арутюнян ЕАЭО шеңберінде алюминий өніміне ынталандырушы сұраныс болатын, мыс өнімі, атап айтқанда катодты мыс және мыс катодтары өндірісі кезіндегі ынтымақтастық дами түсетін түсті металлургиядағы кооперацияны тереңдетуді атап өтті.

Комиссия ғылыми-техникалық және инновациялық ынтымақтастық саласында «Металлургия және жаңа материалдар технологиялары» Еуразиялық технологиялық платформасын қалыптастырды. Оның жұмыс бағыттарының бірі - металлургияда кешенді ферроқұймалар мен басқа да инновациялық технологиялар өндірісі технологияларын бірлесіп құру.

Өткізгіштігі жоғары электртехникалық болаттан Еуразиялық энергиялық тиімділігі бар трансформатор өндіру саласында үшжақты ынтымақтастық басталды.

Бизнес-қоғамдастық өкілдері өнеркәсіптің аралас салалары тұтынатын металлургия өніміне деген сұранысты ынталандыруға, қара металлургия саласындағы артық қуат проблемаларына, құбыр саласындағы контрафакт проблемасына, сондай-ақ алюминий нарығындағы ахуалға қатысты саланың өзекті проблемалары бар екендігін айтты.

Конференцияға қатысушылар саланы дамыту проблемаларының конференция қарарының негізіне салынған нақты шешімдерін ұсынды.

«Бұл конференция Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде саланы дамытудың ең өзекті проблемалары мен міндеттерін талқылайтын және шешу жолдарын іздейтін дәстүрлі салалық іс-шара болады деп үміттенемін»,- деп қорытты Тигран Арутюнян.

Анықтама

Конференцияға Армения Республикасының, Беларусь Республикасының, Қырғыз Республикасының уәкілетті органдарының өкілдері, ЕАЭО-ның аса ірі металлургия компаниялары мен салалық қауымдастықтарының: «Белцветмет» ААҚ, «БМЗ – БМК холдингінің басқарушы компаниясы» ААҚ (Беларусь Республикасы), «АрселорМиттал Теміртау» АҚ (Қазақстан Республикасы), «Русская Сталь» қара металлургия кәсіпорындары қауымдастығының, Құбыр өнеркәсібі қорының, Алюминий қауымдастығының, «Русал» БК, «Мечел» ЖарАҚ, «ЧТПЗ» ЖарАҚ, «ТМК» ЖарАҚ, «МЕТАЛЛОИНВЕСТ» ЖШҚ БК (Ресей Федерациясы) қара металлургия кәсіпорындарының басшылары, РӨКО өкілдері қатысты.

Конференция металлургия саласын дамытудың проблемалық мәселелеріне және ЕАЭО әлеуетін пайдалана отырып оларды 2019-2020 жылдары іс жүзінде шешуге арналды.