Жүйеге кіру
Михаил Мясникович Өзбекстан Премьер-министрінің орынбасары Сардор Умурзаковпен кездесу өткізді

Михаил Мясникович Өзбекстан Премьер-министрінің орынбасары Сардор Умурзаковпен кездесу өткізді

IMG_8739.jpg
15.03.2021
 

ЕЭК Алқасының Төрағасы Михаил Мясникович және Ресей Федерациясына жұмыс сапары шеңберінде Комиссияда болған Өзбекстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Инвестициялар және сыртқы сауда министрі Сардор Умурзаков Еуразиялық экономикалық комиссия мен Өзбекстан Республикасының арасындағы бұдан арғы ынтымақтастықтың мәселелерін талқылады. Кездесу 15 наурызда ЕЭК штаб-пәтерінде болып өтті.

«Өзбекстанның байқаушы мемлекет ретінде жұмысқа белсенді қосылғанына біз қуаныштымыз. Біздің өзара іс-қимылымыз декларативті арнадан практикалық арнаға көшуін ескере отырып, қол жеткен ұмтылыстар мен уағдаластықтардың іске асырылуына барынша жәрдемдесетін боламыз», — деп кездесуді ашқан Михаил Мясникович атап көрсетті.

Атап айтқанда, сөз бірінші кезекте ЕЭК пен Өзбекстан Үкіметі арасындағы өзара іс-қимыл туралы меморандумды, сондай-ақ 2021-2023 жылдарға арналған Бірлескен іс-шаралар жоспарын дайындау туралы болып отыр. Кездесу шеңберінде тараптар бұл жүйе құрушы құжаттар қазірдің өзінде әзірлеудің ақырғы сатысында тұрғанын және таяу уақытта қол қоюға дайын болатынын растады.

ЕЭК Алқасы Төрағасының пікірінше, Өзбекстан ЕАЭО-дағы техникалық және кедендік реттеудің аспектілерін жан-жақты зерделеуге, сондай-ақ Одақтың сыртқы сауда саясаты мәселелеріне айрықша көңіл бөлуі керек.
Сардор Умурзаков ЕЭК Алқасының Төрағасына Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевтің жылы шырайлы сәлемдесу сөздері мен жақсы тілектерін жеткізді. Өзбекстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Инвестициялар және сыртқы сауда министрі байқаушы мемлекет мәртебесін алу бірлестіктің қатысушы елдерімен де, сол сияқты Еуразиялық экономикалық комиссиямен де ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуге, кеңейтуге ықпал ететін қадам екендігін атап өтті.
Михаил Мясникович жүргізілетін жұмысқа кәсіпкерлік қоғамдастық пен бизнес-қауымдастықтарды белсенді қосуды ұсынды, бұл ЕАЭО елдері мен Өзбекстан арасындағы өнеркәсіптік кооперацияны дамытуға оң ықпалын тигізеді, сондай-ақ бизнес үшін Еуразиялық интеграцияның мүмкіндіктері мен артықшылықтарын нақты көрсетуге мүмкіндік береді.

ЕЭК Алқасының Төрағасы байқаушы мемлекеттің бұл отырыстарға қатысуының кейбір аспектілерін аша келіп, Сардор Умурзаковтың назарын ЕАЭО органдарының алдағы отырыстарының графиктеріне аударды, олардың арасында – Комиссия Кеңесінің, Еуразиялық үкіметаралық кеңестің және Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырыстары бар.

Кездесу шеңберінде Өзбекстанның мемлекеттік билік органдарын Еуразиялық экономикалық комиссияның әртүрлі бөлімшелерінің жұмысы туралы хабардар етуді арттырудың мүмкін болатын механизмдері де талқыланды. Комиссия бұл бастаманы іске асыруға жан-жақты жәрдемдесетін болады.

Кездесуге ЕЭК Сауда жөніндегі Алқа мүшесі (министр) Андрей Слепнев қатысты, кездесу басталғанға дейін ол Өзбекстан Республикасы Инвестициялар және сыртқы сауда министрінің орынбасары Лазиз Кудратовпен консультация өткізді. Сауда саясаты мен электрондық сауда, цифрлық көлік дәліздері, Өзбекстанды бірқатар іске асырылып жатқан жобаларға, солардың бірі — ауыл шаруашылығы өнімдерінің жеткізілімдері кезінде шығындарды барынша азайтуға ықпал ететін «Агроэкспресс» бастамасына қосу мүмкіндігінің мәселелерін қоса, өзара іс-қимылдың жекелеген аспектілері сөз болды.​